"Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмiн жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 қыркүйек N 1125

Қолданыстағы
      "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3002 N963002_ өкiмiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Берiлiп отырған дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi дарынды балаларды анықтау және оларды ынталандыру мақсатында жыл сайын ғылым негiздерi бойынша олимпиада, көркемдiк, техникалық, натуралистiк және басқа да бағыттар бойынша "Жасөспiрiмдер шығармашылығы" фестиваль-конкурсын өткiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      жоғары оқу орындарының жанынан және облыс орталықтарында мамандандырылған мектептер ашу үшiн, сондай-ақ дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектептердi дамыту үшiн 1997 жылдан бастап республикалық бюджетте қаражат бөлудi көздесiн;
      дарынды балаларды халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға, турнирлерге және спорттық шараларға даярлауға және оларға қатысуына 1997 жылдан бастап республикалық бюджетте қаражат көздесiн.
      4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
      ғылым негiздерiн зерделеуде, кескiндемеде және басқа да өнер түрлерiнде, спортта, балалар көркемөнерi шығармашылығында ерекше дарындылық немесе қабiлеттiлiк танытқан оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудiң жай-күйiн қарайтын болсын, сондай-ақ осындай балаларға арналған мектептер мен мектептен тыс мекемелердiң жүйесiн сақтау мен мүмкiн болатын кеңейтуге бағытталған шаралар жүйесiн әзiрлеп, бекiтсiн;
      дарынды балаларға арналған бiлiм беру мекемелерiн: мектептердi, лицейлердi, гимназияларды, мектептен тыс мекемелердi, оқушылар үйлерi мен сарайларын, облыстық және қалалық жас техниктер, натуралистер, туристер станцияларын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру,

осы мақсаттарға бюджет қаражатынан басқа қосымша қаржыландыру
көздерiн, бюджеттен тыс қаражатты, демеушiлiк жарналарын тарта
отырып оларды қазiргi заманғы жабдықтармен, компьютерлiк техникамен
қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 16 қыркүйектегi
                                          N 1125 қаулысымен
                                             Бекiтiлген

          Дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп туралы
                             Ереже

                 I. Жалпы ережелер



      1. Дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп - интеллектiлiк қызметтiң әртүрлi түрлерiнде қабiлеттiң жоғары деңгейiн немесе жекелеген сабақтар (пәндер) бойынша ерекше дарындық көрсететiн балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған орта жалпы бiлiм беретiн оқу орындары үлгiлерiнiң бiрi.
      2. Дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп (бұдан әрi - арнаулы мектеп) өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Арнаулы мектептiң мақсаты - әрбiр оқушының жеке ерекшелiктерiн дамыту, қабiлеттiктiң тек осы оқушыға ғана тән ерекшелiктерiн ескере отырып шығармашылық тұлға қалыптастыру үшiн ерекше жағдайлар жасау.
      4. Арнаулы мектеп алдында мынадай мiндеттер тұр:
      оқушылардың табиғи интеллектiлiк қабiлеттерiн жан-жақты дамыту;
      оқушылардың арнаулы шығармашылық қабiлеттiгiн айқындау және дамыту;
      оқуға тұрақты ынта-ықыласын және өз бетiмен бiлiм алуын дамыту;
      оқушыларда ғылым негiздерiнiң терең және жан-жақты бiлiмнiң негiзiнде тұрақты дүние танымын қалыптастыру;
      өз бетiмен бiлiм алу дағдысына және ғылыми-зерттеу қызметiне үйрету, сондай-ақ тұлғаның өздiгiнен жетiлуге деген iшкi қажетiн қалыптастыру;
      қоршаған әлемде адамгершiлiк қатынасын, жеке басының өнегесiн қалыптастыру;
      үздiксiз жетiлудегi жеке басының iшкi қажетiн қалыптастыру.
      5. Бiлiм берудi жүзеге асырудың принциптерi:
      адамгершiлiк, дамытыла оқыту, жеке-дара оқыту, дифференциалды оқыту, бiлiм берудiң тұтастығы мен үздiксiздiгi болып табылады.
      6. Арнаулы мектептiң мынадай бағыттары бар: музыкалық, көркемдiк-эстетикалық, табиғи-математикалық, экономикалық, гуманитарлық, спорт және басқа.
      7. Арнаулы мектептi жергiлiктi атқару органдарының, жоғары оқу орындарының: дербес оқу орны ретiнде ұсынуы бойынша, құрамында жоғары оқу орындары мен институттар бар Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы - мүдделi министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi ашады.
      8. Арнаулы мектеп өз қызметiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес берiлген лицензия негiзiнде ғана жүзеге асырады.
      9. Арнаулы мектеп дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы, ағымдағы шоты жазылған мөрi және заңда белгiленген басқа Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк бөлiмшелерiнде (қазынашылық органдарында) шоты бар.
      10. Арнаулы мектеп қызметiнiң бағытына сәйкес және Жарғысын, оқу жоспарын, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бекiтетiн оқу бағдарламаларын әзiрлейдi.

           II. Оқушыларды қабылдау және олардың оқу
                       бiтiру тәртiбi

      11. Арнаулы мектепке қабылдау конкурстық iрiктеу нәтижесi бойынша жүргiзiлдi. Арнаулы мектептерге конкурстық iрiктеудiң түрi мен нысанын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi белгiлейдi.
      12. Республикалық, аумақтық пән олимпиадаларының, арнаулы, конкурстардың жеңiмпаздары мектепке конкурссыз қабылданады.
      13. Қабылдануы, ауыстырылуы және бiтiруi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бекiтетiн мектеп Жарғысымен айқындалады.
      14. Ауысу және бiтiру емтихандары "Оқушыларды ауыстыру, аттестациялау және бiтiру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң нұсқауына сәйкес өткiзiледi.
      15. Арнаулы мектептегi қаладан тыс тұратын оқушылар бюджет қаражаты есебiнен жатақханамен және тамақпен (заңмен белгiленген жағдайларда киiм-кешекпен) қамтамасыз етiледi.
      16. Арнаулы мектептi бiтiрушiлерге белгiленген үлгiде оқу орнының атауын көрсете отырып орта бiлiм туралы аттестат және мектептегi оқу барысында меңгерген кәсiбi туралы куәлiк берiледi.
      17. Арнаулы мектеп бiтiрушiлерiн жоғары және орта арнаулы оқу орындарына қабылдау бiрлескен қызмет туралы шарттармен және қабылдау ережелерiмен реттеледi.
      18. Мектеп оқудың жаңа мазмұнын iздестiрудi, әзiрлеудi, оны енгiзу жөнiндегi нысандар мен әдiстердi енгiзудi ұйымдастыратын, эксперименттiк оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынақтан өткiзудiң шығармашылық лабораториясы болып табылады.

            III. Оқу-тәрбие жұмысы

      19. Арнаулы мектептегi бiлiм процесiн ұйымдастыру жалпы бiлiм

стандарты мен кәсiби бағдардың негiзгi талаптарын қамтамасыз ететiн,
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бекiтетiн жеке оқу
жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
     20. Арнаулы мектептiң құрылымын, оқу жоспарын, жұмыс режимiн,
штат кестесiн басқа мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi айқындайды және бекiтедi.
     21. Арнаулы мектептi материалдық-техникалық ұйымдастыру және
кадрлармен қамтамасыз ету оқу-тәрбие процесiнiң мәселелерi жөнiндегi
оның тиiстi жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерi бейiнiмен
iс-қимыл жасайды.

          IY. Басқару және кадрлармен қамтамасыз ету

     22. Арнаулы мектептi тiкелей басқаруды Қазақстан
Республикасының Бiлiм министрлiгi тағайындаған директор жүзеге
асырады.
     23. Педагогикалық кадрлар мен басқа қызметкерлердi Қазақстан
Республикасының белгiленген заңдары тәртiбiмен директор қабылдайды.

         Y. Мектептiң қызметiн қаржы-шаруашылық және
                құқықтық қамтамасыз ету

     24. Арнаулы мектептi қаржыландыру "Бiлiм беру туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен, "Жалпы бiлiм
беретiн оқу орындары туралы" Ережемен, осы Ережемен және Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiмен жүзеге
асырылады.
     25. Арнаулы мектептiң қаржы қаражаты:
     республикалық бюджет қаражаттарынан;
     заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналарынан;
     бюджеттен тыс қаражаттан, оның iшiнде қолданылып жүрген
заңдармен рұқсат етiлген ақылы бiлiм қызметтерiн және қызметтiң
басқа да түрлерiн көрсетуден (гранттар, сыйақы және т.б.) құралады.
     26. Мектеп директоры мен оның орынбасарларына лауазымдық жалақы
барынша толықтырылған және көтерiңкi 1,3 көрсеткiштi мектептерге
тағайындалған сияқты белгiленедi.
     27. Арнаулы мектептiң мұғалiмдерiне бiрыңғай тариф сеткасы
бойынша еңбек ақысы ставкасына көтерiңкi 1,3 көрсеткiш белгiленедi.

         YI. Мектептiң халықаралық байланыстары

     28. Арнаулы мектептiң Қазақстан Республикасы Бiлiмминiнiң,
Мәдениетминiнiң, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының желiсi
бойынша, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебiнен өзiнiң
бастамашылығы бойынша халықаралық қызметтерге қатысуға құқығы бар.
     29. Арнаулы мектеп стажировка, тәжiрибе алмасу, оқу,
конференциялар жұмысына, семинарларға және т.б. жөнiндегi
халықаралық қызметтердi Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң
келiсiмi бойынша жүзеге асырады.

          YII. Арнаулы мектептi қайта ұйымдастыру
                       және тарату



      30. Арнаулы мектептi құру, қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.