Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 24 мамыр N 3002

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Жұмыс комиссиясы әзiрлеген Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатының тұжырымдамасы (қоса берiлiп отыр) мақұлдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, облыстар, аудандар, қалалар әкiмдерiмен бiрлесiп жұмыспен қамту жөнiндегi бағдарламалық шараларды, халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатының тұжырымдамасын басшылыққа алатын болсын. 
      3. Қазақстан Республикасының еңбек министрлiгi Экономика министрлiгiмен және Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп 1996-1998 жылдардың iшiнде Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатының тұжырымдамасында көзделген заң жобалары мен өзге де нормативтiк актiлердi әзiрлесiн және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1996 жылғы 22 мамырдағы     
N 631 қаулысымен          
Бекiтiлген              

             Жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатының
                          тұжырымдамасы

                              КIРIСПЕ

      Қазақстан Республикасында әлеуметтiк-экономикалық жаңғыртулар ойдағыдай жүрiп жатқан жоқ. Экономикадағы дағдарысты жағдай жұмыс iстеуге қабiлеттi халықты жұмысқа орналастыру проблемасын айтарлықтай қиындатып жiбердi. Халықты жұмыспен қамтудың абсолюттiк көлемiнiң төмендеуi ресми түрде тiркелген жұмыссыздардың өсуiн бiрнеше есе өсiрдi. 
      Халықты жұмыспен қамтудың объективтi едәуiр төмендеуiне экономиканың реформалануы, оның нарықтық негiзге көшуi себепшi болады. Бiрақ халықты жұмыспен қамтудың қысқаруының орын алуы әзiрге экономикада озық құрылымдық өзгерiстердiң болуының, өндiрiстi модернизациялаудың, шаруашылық жүргiзудiң бiр ғана мемлекеттiк жүйеден көп салалы жүйеге ауысуының нәтижесi болып табылмайды. Жалпы сипат алған жұмыс күшiн толық пайдаланбау экономиканың барлық саласындағы өндiрiстiң тиiмдiлiгiн тоқтатушы факторға айналып отыр. 
      Жұмыссыздықтың өсу тенденциясы бар, халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайдың шиеленiсуi, экономикалық өсу мен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруының шарты ретiнде елде толық, нәтижелi жұмыспен қамтудың қалыптасу кезеңi негiзделген осы Тұжырымдаманы жасауға себепшi болды. 
      Жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатының тұжырымдамалық ережелерiн айқындау, сондай-ақ жұмыс күшiнiң тауарлық сипатын және әлеуметтiк-еңбек қатынастарын қайта құруға себепшiл болған жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың нарықтық үлгiсiне көшу қажеттiгiне байланысты болып отыр. Жаңа жағдайда монополиялық жұмыс берушi ретiнде мемлекеттiң рөлi едәуiр азаяды және еңбек нарығының басты қатысушылары - қызметкерлер мен жұмыс берушiлер арасындағы қарым-қатынасты реттеуде, жұмыссыздарды толық жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауда оның функциясы күшейедi. Мұның бәрi жұмыспен қамту саласында өзгерген жағдайларға, мақсаттарға, мiндеттерге және оны жүзеге асыру принциптерiне неғұрлым толық жауап беретiн жаңа ыңғайларды талап етедi. 
      Осы Тұжырымдаманың негiзгi мәнi бiрiншi кезеңде жұмыспен қамту деңгейiнiң құлдырау қарқынын төмендетуге, екiншiде - жұмыспен қамтуды тұрақтандыруға, үшiншiде - жалпы өсуiне және оны экономикалық мақсатқа сай деңгейде ұстап тұруға себепшi болатын принциптер мен бағыттарды негiздеуден тұрады. 

 

            1. Тұжырымдамада пайдаланылған ұғымдар 
                      мен анықтамалар  

 
      Еңбек нарығы - құқықтық нормалармен реттелетiн және жұмыс күшiнiң сұранысы мен ұсыныстарын теңдестiретiн әдiс ретiнде көрiнетiн жұмыс күшiн, оның жалдануы мен төлемiн қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайда болған әлеуметтiк-экономикалық қатынастардың жүйесi. 
      Жұмыспен қамту - адамдардың қоғамдық пайдалы қызметтерге өздерiнiң қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатымен қатысуы себепшi болған әлеуметтiк-экономикалық құбылыс. 
      Нәтижелi жұмыспен қамту - тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтiк ықпалды қамтамасыз ететiн жұмыспен қамту. 
      Экономикалық белсендi халық (жұмыс күшi) - еңбек процесiне қатыса алатын, қатысып жүрген, қажеттi күш-қуат және ақыл-ой қабiлетi, бiлiмi мен практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, жиынтығында ел халқының белсендi бөлiгiн құрайтын жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар. 
      Толық жұмыспен қамту - елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына байланысты тұрақсыздыққа ұшыраған, табиғи жұмыссыздық деңгейiндегi жұмыспен қамту. 
      Толық емес жұмыспен қамту - жұмыс күшiн тиiмсiз (нәтижелi емес) пайдалану. Оның екi нысаны былай ажыратылады: 
      жұмыс уақытының қысқаруы себепшi болған ашық толық емес жұмыспен қамту; 
      жұмыс iстейтiндердiң бiлiктiлiгiн тиiмсiз пайдалануды, еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендiгiн көрсететiн жасырын толық емес жұмыспен қамту. 
      Жұмыссыздар - жұмыс iстеуге қабiлеттi жастағы, бiрақ оларға байланысты емес себептермен еңбек қатынасында тұрмаған және еңбек табысы жоқ, жұмыс iздестiрушi, жұмыс iстеуге дайын тұлғалар. 
      Ресми тiркелген жұмыссыздар - жұмыспен қамту қызметiнде жұмыс iздестiрушi ретiнде тiркелген және де жұмыспен қамту қызметi қолайлы жұмысқа ұсыныс жасамаған жұмыссыздар арасындағы тұлғалар. 
      Жұмыссыздық - еңбек нарығында жұмыс күшiнiң белгiлi бiр бөлiгiнiң талап етiлмеуi себепшi болған әлеуметтiк-экономикалық құбылыс. 
      Табиғи жұмыссыздық деңгейi - жұмыс күшiне деген сұраныста, сондай-ақ жұмыс iздестiруде немесе күтуде (фрикциялы жұмыссыздықта) құрылымдық өзгерiстер себепшi болған объективтi, экономикалық және әлеуметтiк тұрғыда қабылдауға болатын жұмыссыздық деңгейi. 
      Жасырын жұмыссыздық - сөз жүзiнде жұмыспен қамтылған, бiрақ шын мәнiнде өндiрiстiң тоқтап қалуына байланысты (толық iшiнара) жұмыссыз қалғандарды және толық емес жұмыс уақыты режимiндегi жұмыстарды қамтитын өтпелi экономиканың ерекше құбылысы. 
      Ұзақ жұмыссыздық - ұзақтығы 12 ай немесе одан да көп жұмыссыздық. 
      Жаппай жұмыстан босап қалу (шығып қалу): 
      саны 15 және одан да көп адам жұмыс iстейтiн, меншiктiң және шаруашылық жүргiзудiң кез келген нысанындағы кәсiпорындардың таратылуына; 
      30 күнтiзбелiк күн iшiнде 50 және одан да көп, 90 күнтiзбелiк күн iшiнде 200 және одан да көп мөлшерде кәсiпорындар (ұйымдар) қызметкерлерi санының қысқаруына; 
      аймақтарда жалпы саны кем дегенде 5 мың адам жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың таратылуына немесе санының қысқаруына байланысты 30 күнтiзбелiк күн iшiнде жұмыс iстейтiндердiң жалпы санының 1% мөлшерiнде қызметкерлердiң шығып қалуына байланысты босап қалулар. 

 

            2. Жұмыспен қамту: жай-күйi мен тенденциялары 

 
      Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасуы экономиканың мемлекеттiк секторындағы жұмыспен қамту үлесiнiң қысқаруымен және тиiсiнше оның мемлекеттiк емес секторда - акционерлiк қоғамдарда, бiрлескен кәсiпорындарда, шағын және орта бизнесте, шаруа (фермерлiк) қожалықтарында, жеке кәсiпкерлiкте өсуiмен сипатталады. Нарыққа көшу, өткенде ғана негiзгi жұмыс берушi ретiндегi мемлекет рөлiнiң тартылуы жалпы жұмыспен қамтудың төмендеуiне объективтi түрде себепшi болды. Орталықтандырылған жоспарлаудан нарықтық экономикаға көшудi жүзеге асырушы елдердiң тәжiрибесi көрсетiп отырғанындай, жұмыссыздық деңгейiнiң уақытша өсуi өтпелi кезеңде болмай қоймайтын құбылыс болып қалуда. 
      Тұтастай алғанда жұмыспен қамту экономиканың барлық саласында, әсiресе өнеркәсiпте, құрылыста және ауыл шаруашылығында төмендедi. Соңғы бес жыл iшiнде жұмыспен қамтудың жалпы санының жылдық орташа төмендеу қарқыны экономика саласында 3,7 процентке жеттi. 
      Еңбек нарығындағы өзгерiстер елдiң сандық және сапалық еңбек әлеуетiнiң төмендеуi, белгiлi бiр шамада бала туудың төмендеуi, жас ұзақтығының қысқаруы, халықтың, соның iшiнде жұмысқа қабiлеттi жастағылардың елден тысқары кетуi себепшi болған жалпы қолайсыз жағдайлар аясында өтуде. 
      Республиканың аграрлық секторында өндiрiс көлемiнiң құлдырауы, әсiресе осы саладағы еңбек етуге қабiлеттi халықты жұмыспен қамтуға әсерiн тигiздi. Село халқының арасында, әсiресе жастардың қалаға, экономикалық құрылымы неғұрлым дамыған аймақтарға көшiп-қону процесi байқалып отыр. 
      Жұмыспен қамту ахуалы, әсiресе түстi металлургия, химия, көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындары, қорғаныс кешендерi қаланы құраушы болып табылатын моноэкономикалық құрылымдағы қалалар мен жұмысшы поселкелерде өткiр тұр. 
      Аймақтарда жұмыспен қамту мен жұмыссыздық процестерi бiр мәндi дамып жатқан жоқ. Жұмыспен қамтудың өте төмен деңгейi (65 процентке дейiн) Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарына тән. Айтарлықтай жоғары деңгейдегi топқа (78-83 процент) Көкшетау, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары жатады. Қалған облыстар жұмыспен қамтудың орташа деңгейiмен (65-77 процент) сипатталады. 
      Кәсiби бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi, қажеттi бiлiктiлiк пен еңбек дағдысының жоқтығы себепшi болған еңбек нарығындағы бәсекелестiктiң төмендiгiнен жастар арасында жұмыссыздық өстi. Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың өсуi тұрақты тенденцияға айналды. 
      Нарыққа көшу өндiрiс көлемiнiң құлдырауы аясында кәсiпорынның еңбек әлеуетiн сақтауға себепшi болатын жасырын жұмыссыздық сияқты өзiндiк бiр құбылыстың пайда болуына, сондай-ақ ресми емес жұмыспен қамтудың ("челноктар", патентсiз сауда жасау т.б.) және есепке алу мен реттеуге көнбейтiн көлеңкелi нарықтың кеңеюiне апарып отыр. 
      Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан ресми тiркелген жұмыссыздар 3 процентке, ал жасырын жұмыссыздар 11 процентке асып түседi. Ресми және жасырын жұмыссыздардан басқа, жұмыспен қамту қызметiне өтiнiш жасамаған жұмыссыз қалғандарды да ескергенде, еңбек нарығының ерекше құбылыстарын есепке ала отырып есептелген жұмыссыздықтың жалпы әлеуетi 1,5 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 20 проценттен астамын құрайды. 
      Жұмыссыздық елеулi экономикалық және әлеуметтiк шығындарға әкелiп соғады. Жұмыс iстеуге қабiлеттi жасында жұмыссыз қалу, алдымен еңбекпен және материалдық игiлiкпен қамтамасыз ететiн әлеуметтiк жағдаймен, кәсiби өсу үшiн мүмкiндiкпен т.с.с. байланысты адам санасындағы бүгiнгi қоғамның дәстүрлi құндылықтардың бұзылуына алып келедi. 
      Жұмыспен қамту саласындағы жағдайдың дамуы көптеген факторларға, соның iшiнде шешушi дәрежеде елдiң жалпы даму жолына және экономикалық қайта құру барысына, жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың құрылымдық сандық және сапалық теңдестiру деңгейiне байланысты болады. 
      Еңбекке деген сұраныс негiзiнен экономиканың дағдарысты және құлдырау ахуалын жеңумен, құрылымдық қайта құрудың қарқынымен және ауқымымен, өндiрiстiң техникамен қайта жарақтануымен, рентабельдiгi төмен және шығынмен жұмыс iстейтiн кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатпен, мемлекеттiк, жеке меншiктiң және шетелдiк инвестициялардың ауқымымен, кадрлар құрылымының кәсiби-бiлiктiлiк өзгерiстерiмен айқындалады. 
      Еңбекке деген ұсыныс жұмыс iстеуге қабiлеттi халықтың табиғи өсу қарқынына, мемлекеттiң демографиялық және әлеуметтiк саясатына, еңбек нарығының конъюнктурасына сәйкес кәсiби даярлықты жетiлдiруге, халықтың белгiлi бiр бөлiгiнде балама табыс көздерiнiң пайда болуы мен өзiн-өзi жұмыспен қамту саласының кеңеюiне, жеке iс ұйымдастыру мен кәсiпкерлiк қызметпен айналысуына, жұмыссыздық деңгейiне себепшi болады. Ресми еңбек нарығындағы шиелiнiстiң бәсеңдеуi перспективада экономиканың мемлекеттiк емес секторларының және олардың өндiрiстiк көлемiнiң өсуiне, жаңа техникалық негiзде жеке меншiк және бiрлескен кәсiпорындардың қосымша жұмыс орындарын құруына, нарықтық инфрақұрылымдық ұйымдарында жұмыспен қамтудың кеңеюiне барынша мол мүмкiндiк беретiн болады. 

 

             3. Жұмыспен қамту саясатының мақсаты, 
                  мiндеттерi мен принциптерi 

 
      Жұмыспен қамту саясатының негiзгi мақсаты жұмыспен қамтуды толық, нәтижелi және еркiн таңдап алуға қол жеткiзу, жұмыссыздықтың қысқаруы және оның әлеуметтiк жарамды деңгейде қолдау табуы, еңбек нарығының қызмет етуi мен реттелуiне құқықтық, экономикалық және ұйымдық шарттар құру болып табылады. 
      Көрсетiлген мақсаттарға жету мынадай негiзгi мiндеттердi шешумен қамтамасыз етiледi: 
      жұмыспен қамту саласындағы азаматтардың дербес белсендi көзқарасына және халықтың неғұрлым әлсiз санаттарын әлеуметтiк қорғау кепiлдiгiне бағытталған еңбек және әлеуметтiк заңдарын өзгерту және толықтыру жолымен жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын құқықтық реттеу жүйесiн жаңарту. 
      жаңа өндiрiстер құру, жекешелендiру, қайта ұйымдастыру, қайта мамандандыруды қоса алғанда, перспективасы жоқ өндiрiстердi реформалау негiзiнде экономиканың салалық құрылымын жетiлдiру; 
      жұмыспен қамту саясатымен сәйкестендiрiлген, қосымша жұмыс орындарын құруды ынталандыруды қолдайтын қаржылық және салық саясатын жүргiзу; 
      қосымша жұмыс орындарын, соның iшiнде оны шетел капиталын тарту есебiнен құрушы шағын және орта жекеменшiк кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау және белсендi ынталандыру; 
      экономикадағы құрылымдық өзгерiстердi ескере отырып еңбек нарығындағы пайда болған жағдайларға қатысты кәсiби бiлiм берудiң алдын алу; 
      жұмыспен қамту кепiлдiгiн қамтамасыз етуде, еңбек төлемi, шарттары мен режимдерi мәселелерiн шешуде еңбек нарығының басты қатысушыларының (мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң) әлеуметтiк әрiптестiгi жүйесiн қалыптастыру; 
      шетелдiк жұмыс күшiн пайдалануды шектеу жолымен iшкi еңбек нарығын қорғау; 
      жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының рөлiн көтеру; 
      жұмыссыздықтың белгiленген параметрлер (өлшемдер) топтарда олардың республикалық орта деңгейден ауытқуы негiзiнде жұмыссыздықтың дағдарысты деңгейiндегi аймақтарды, салаларды таба бiлу; 
      халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi бағдарламалық шараларды, жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу және жүзеге асыру жолымен еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың неғұрлым өткiр тұрған сәйкессiздiктерiн жоюға бағытталған iрiктемелi шараларды жүзеге асыру; 
      жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау тетiгiн жетiлдiру; 
      жұмыспен қамту мен еңбек нарығын реттеу мәселелерiнде мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң iс-әрекеттерiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық және кәсiподақ органдарымен одан әрi шоғырландыра түсу. 
      Жұмыспен қамтудың саясаты мынадай негiзгi принциптердi қамтамасыз етудi талап етедi: 
      азаматтардың жұмыспен қамтудың нысандары мен түрлерiн еркiн және ерiктi түрде таңдауын; 
      жұмыс орыны мен кәсiби даярлыққа жетуге болатын баршаға бiрдей мүмкiндiктi бiлдiретiн теңдiктi; 
      экономиканың өсуiне жету мақсатында жұмыс күшiнен мейлiнше қайтарымды қамтамасыз етумен байланысты тиiмдiлiктi; 
      экономиканы реформалауға, институционалды және құрылымдық қайта құрудың тиiмдiлiгiне бағытталған экономикалық саясаттың жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсыныстың теңдестiрiлуiне қол жеткiзу негiзiнде еңбек нарығындағы икемдi, белсендi саясатпен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн кешендiлiктi; 
      материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету, еңбек нарығындағы жұмыс күшiнiң, оның сапасын жақсартудың негiзiнде бәсекелестiк қабiлетiн көтеру жолымен жұмыссыздықтың салдарынан болатын шығындар мен жоғалтулардың ең аз ескертуi мен мәлiметiн бiлдiретiн әлеуметтiк әдiлеттiлiктi; 
      ықпалды реттеушi шаралардың нысаналылығы; 
      жұмыспен қамту саясатын әзiрлеу мен жүзеге асыру кезiнде үш жақты кең ауқымды ыңғайдың табылуын, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң мүдделерiмен сай жұмыспен қамтуды реттестiру саласындағы iс-әрекеттiң келiсiлуiн қамтамасыз ететiн трипартизмдi; 
      жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыруда негiзге алынатын бiрыңғай нормалар негiзiнде орталық және аймақтық органдардың өзара тиiмдi iс-қимыл жасауын қамтамасыз ететiн жұмыспен қамту саясатын жүргiзудегi аймақтық ерекшелiктердi есепке алып отыру. 

 

           4. Жұмыспен қамту саясатының негiзгi бағыттары 
                   мен жүзеге асыру кезеңдерi  

 
      Жұмыспен қамту саясатының мақсаты, мiндеттерi мен принциптерi оны жүзеге асырудағы негiзгi бағыттарын алдын ала айқындайды: 
      экономиканың балама, мемлекеттiк емес секторларында жұмыспен қамтуды дамыту мен кеңейту үшiн жағдайлар жасау; 
      экономиканың дамуы мен оның құрылымдық қайта құрылуының факторлары мен мiндеттерiн ескере отырып мемлекеттiк сектордағы жұмыспен қамтуды қолдау; 
      босап қалғандарды әлеуметтiк жағынан қорғай отырып, кәсiпорындарды санациялау және оңалту жөнiндегi шараларды үйлесiмдi жүзеге асыру жолымен қызметкерлердi босатуды реттеу; 
      нарық қатынасына бағамды және қазiргi экономиканың ерекшелiктерiн ескеретiн кадрлардың кәсiби оқыту жүйесiн құру; 
      жұмыссыз азаматтар мен жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiби оқытудың ауқымын кеңейту мен нәтижелiгiн арттыру, босап қалған қызметкерлердiң алдын ала оқуы мен қайта даярлығын ұйымдастыру және өткiзу жолымен жұмысқа қабiлеттi халықтың кәсiби ұтқырлығына жәрдемдесу; 
      еңбек нарығының нормативтiк-құқықтық инфрақұрылымдарын дамыту; 
      аумақтар тұрғысында, кәсiпорындар деңгейiнде және қызметкерлердiң әртүрлi құрамы бойынша ескеру шараларын әзiрлеу негiзiнде жұмыспен қамту саласындағы жергiлiктi дағдарыстардың алдын алу; 
      дамудың әрбiр кезеңiнде қабылданған кепiлдiктер мен нормативтер шеңберiнде жұмыссыздардың мемлекет тарапынан әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету; 
      еңбек нарығының жедел мониторингi жүйесiн құру. 
      Осы бағыттарды жүзеге асыру, бiр жағынан жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтiк шиелiнiстi жұмсартуға, екiншi жағынан экономиканы оңалту мен дамыту жөнiндегi жалпы орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективалар арнасында оны рационализациялау үшiн алғы шарттар жасауға мүмкiндiк бередi. 
      Жұмыспен қамтудың белсендi саясатының өзiне бағамды заңды нормативтiк-құқықтық және материалдық-қаржыландыру базасы болуы керек, оны құру да уақытты талап етедi. Бiрақ жұмыссыздыққа байланысты проблемалардың өткiр қойылуы мен еңбек нарығындағы тұрақсыздықтың үдей түсуi мемлекеттiк реттеудi қайта бағдарлауды барынша тығыз мерзiмге қойып отыр. 
      Бiрiншi кезеңде (1996-1997 жылдар) халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясаты жұмыссыздарды кешендi әлеуметтiк қолдауға бағытталады (жұмыссыздарға жәрдемақылар мен стипендиялар төлеу, оларға материалдық көмек көрсету, қажеттi мамандықтарға оқыту және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарға орналастыру т.б.). Жұмыссыздықтың өсуiн тоқтату мақсатымен қолда бар шектеулi ресурстар шегiнде экономиканың дамуы үшiн неғұрлым маңызы бар өндiрiстердi: отын-энергетикалық және агроөнеркәсiп кешендерiн, қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялауды iрiктеме қолдау қамтамасыз етiледi. Осы кезеңде қолданылып жүрген заңдарға, соның iшiнде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ ССР-нiң Заңына өзгертулер енгiзiледi, қосымша жұмыс орындарының өсуiне, кадрларды қайта мамандандыруға және қайта даярлауға, экономиканы реформалаудың әлеуметтiк келеңсiз зардаптарын жұмсартуға мүмкiндiк беретiн ерiктi түрде қоныс аудару туралы, шағын және орта бизнес туралы және басқа да заң жобалары әзiрленетiн болады. 
      Екiншi кезең, бiрiншi кезеңде басталған құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асырумен бiрге, мемлекеттiң, кәсiпорынның және жұмыссыздық бойынша сақтандыратын, жұмыс орнын құру жөнiндегi қызметкердiң күш салуын үйлестiретiн үш деңгейлi қаржылық одақ құру негiзiнде жұмыспен қамту жүйесiнiң қызмет етуiн қаржылық тұрғыда қамтамасыз етуге реформа жүргiзудi көздейдi. Жұмыспен қамту процестерiн мақсатты қаржылық реттеу және жұмыссыздықтың алдын алу жұмыспен қамту саласының серпiмдiлiгiн және өркениеттi еңбек нарығын қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл жұмыс 1997 жылдан бастап, республика экономикасында макроэкономикалық iлгерiлеумен өзара тығыз байланыста жүргiзiледi. 
      Үшiншi кезең (1998 жыл және одан әрi) жұмыспен қамту жүйесiнiң нарыққа бейiмделуiне қарай оның дағдарыс салдарымен бұзылған жетекшi буындарын қалпына келтiру мен жетiлдiру және еңбек нарығының конъюнктурасына сәйкес кадрлардың серпiндi кәсiби құрылымын қамтамасыз ету бағыттарын жүзеге асыруға есептелiнген. 
      Жұмыспен қамту саясатының негiзгi мiндеттерiн кезең-кезеңмен шешуге жүйеге келтiрiлген стандарттарды жасауға, жұмыс күшiнiң қозғалысын, оның сапасы мен жұмыспен қамтудың сол немесе басқа саласына кiру ерекшелiгiн дәл бейнелеуге бағытталған жүйелi шараларды жүзеге асыру да жатады. Сондай-ақ еңбек нарығы статистикасының дүние жүзiлiк стандартқа мейлiнше жақын келуi қамтамасыз етiлуге тиiс. 
      Жұмыспен қамту саясаты кәсiпорынның бәсекелестiк қабiлетiн көтеру, икемдi еңбек режимдерiн пайдалану есебiнен жұмыссыздықтың жолын жабу бағытында олардың iс-әрекетiн мемлекетпен үйлестiру жолымен жұмыспен қамтуды сақтау және ұлғайту жөнiндегi меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың белсендi көзқарасын көздейдi. 

 

            5. Жұмыспен қамту саясатын және жұмыссыздарды 
              әлеуметтiк қорғауды жүзеге асыру тетiктерi 

 
           5.1. Жұмыспен қамту саясатын жүзеге асырудың 
               негiзгi элементтерi мен тетiгінiң тұтқалары  

 
      Жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясаты тетiгiн жүзеге асырудың негiзгi элементтерi мыналар болып табылады: 
      институционалдық және құрылымдық жаңғыртуды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1998 жылдарға арналған тереңдетiлген реформалар жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру кезiнде халықты жұмыспен қамтуды және жұмысшы күшiнiң бәсекелестiк қабiлетi жоқ салалар мен өндiрiстерден бәсекелестiк қабiлетi барларға кетуiн жүзеге асыру; 
      нарықтық экономика талаптарын қанағаттандыратын кәсiптер мен мамандықтар бойынша кәсiби даярлау және қайта даярлау сияқты салаларда адамдық капиталды инвестициялау; 
      жаңа технологияны экономиканың еңбек ұсынысына жағымды ықпал жасауға қабiлеттi көп еңбек сiңiрудi қажет ететiн секторларына инвестициялау; 
      халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламалары жөнiндегi бағдарламалық шараларды жасау және жүзеге асыру; 
      жұмыссыздарды қайта бiлiктендiрудiң және кәсiби оқытудың оның iшiнде кадрларды iшкi фирмалық қайта дайындаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыру; 
      қоғамдық жұмыссыздарды ұйымдастыруды жетiлдiру; 
      жұмыссыздарға ақпараттық және басқа да делдалдық қызметтер көрсету; 
      жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықтың мониторингiн ұйымдастыру, кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың инфрақұрылымдарын құру. 
      Орта мерзiмдiк келешекте жұмыспен қамту саясатын жүзеге асырудың негiзгi тұтқалары; 
      кәсiпорындарды реформалаудың, оның iшiнде кәсiби бағдар қызметiн көрудiң, босаған қызметкерлердi кәсiби оқыту және қайта даярлаудың нәтижесiнде жұмыссыздықтың өсуiне ықпал ететiн факторларды бейтараптандыру; 
      макроэкономикалық стратегия шеңберiнде мемлекеттiк әлеуметтiк саясат жүргiзу; 
      кәсiпкерлiктiң және өзiн-өзi қамтудың, шағын және орта бизнестiң бизнес-орталықтарда шағын бизнес инкубаторларын құру, шағын бизнес орталықтарын қолдау, кәсiпкерлiк дағдыға оқыту ресурстарын кеңейту жолымен еңбектiң келешектi саласы ретiнде дамуына жәрдем көрсету; 
      халықты, әсiресе селолық жерлерде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнаулы бағдарламасын жасау және жүзеге асыру; 
      iшкi еңбек рыногын қорғау және шетел жұмысшылары мен мамандарының еңбегiн пайдалануды шектеу, экономикалық даму бағдарламалары мен шетелдiк фирмалардың қатысуымен жасалған контрактiлердi жергiлiктi халықты жұмыспен қамтамасыз ету және оны қаржыландыру тұрғысында сараптамалау; 
      бiрыңғай тарифтiк кесте параметрлерiн диапазондарды жоғары маман қызметкерлер санатының пайдасына арттыру жолымен одан әрi жетiлдiру және "ақыл-ойлардың кетуi" процесiн тежеу мақсатында өзектi ғылыми-зерттеу жұмыстарына iрiктелген қолдау көрсету; 
      алыс және таяу шетелге жұмысшы күшiн экспорттаудың контрактiлiк жүйесiн республикалық еңбек нарығындағы жоғары маман кадрларға деген қажеттiлiктi ескере отырып дамытуға жәрдемдесу; 
      орналастыру аймақтарының экономикалық мүмкiндiктерi мен жағдайларының негiзiнде иммигранттардың санын квоталау; 
      ұжымдық шарттар мен келiсiмдердiң шеңберiнде пәрмендi әлеуметтiк әрiптестiктi заңдық қамтамасыз ету болуы керек. 
      Орта мерзiмдiк келешектен сыртқарыда орынды құрылымдық алға басушылық себепшi болған жұмысшы күшiнiң экономиканың бiр саласынан екiншiсiне ауысуының негiзiнде жұмыспен қамту құрылымын сапалық өзгертуге жәрдемдесетiн шаралар басым болады. 
      Жұмыспен қамту саясаты аймақтық, жергiлiктi ерекшелiктерге сай ескерiлiп жүзеге асырылуы қажет. 
      Жұмыспен аз қамтылған облыстар тобында қосымша жұмыс орындарын құруды, көп еңбектi керек қылатын өндiрiстердi және ауыл шаруашылығынiкiн қоса есептегенде шикiзатты терең өңдеудi орналастыруды қолдайтын саясат басымдықта болады. Еңбек қорларын олардың тұрғылықты жерi бойынша пайдалану, бұл аймақтарда олардың жұмысшы күшiне сұранысы жоғары аудандарға қайта топтасуымен сай келуi керек, ол үшiн жұмысшы күшiн қайта бөлудiң ұйымдасқан аймақтық нысанын жаңғыртқан жөн. 
      Жұмыспен орташа және жоғары қамтылған облыстар тобында қол жеткен жұмыспен қамту деңгейiн сақтауға, оның тиiмдiлiгiн көтеруге, жұмысшы күшiнiң көзiн iздестiруге, оны басқа жақтардан тартуға, көп еңбектiлiктi төмендетуге бағытталған саясат орынды. 
      Селолық жерлерде адам ресурстарын бүтiндей алғандағы жұмысшы күшi басым аграрлық секторлардан агроөнеркәсiптiк кешеннiң шеңберiнде құрылмақ экономиканың ауыл шаруашылық емес жаңа секторларына босату саясаты өзектi. 
      Қалалық жерлерде жұмыспен қамту саясаты үлкен қалаларда бiршама жоғары деңгейдегi жұмыспен қамтуға қолдау көрсетуге, шағын, орташа қалаларда және болашағы бар жұмысшы поселкелерде жұмыспен қамтудың төмендеуi тенденцияларын жеңiп шығуға бағытталуы керек. Көп өндiрiстi қалаларда жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алу инвестициялық белсендiлiктi ынталандырудың, қала құрушы кәсiпорындар өндiрiсiн жаңартудың, жетiлдiрудiң және қайта бейiмдеудiң шағын, орта бизнестi дамыту жолымен бұл аймақтарды көп салалы кешендi дамыту мүдделерiн ескерiп қызмет саласын кеңейтудiң, халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуы үшiн жағдай туғызудың, сондай-ақ бос еңбек ресурстарын дамушы қалалар, жаңа аймақтар бағытына қайта бөлудiң негiзiнде жұмыспен қамту құрылымын орнықтырумен байланысты болады. 

 
          5.2. Жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды және 
                жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау  

 
      Нарықтық экономиканың жұмыс iстеуi қоғамдық өндiрiстiң барлық қатысушылары үшiн жұмысты жоғалту қаупi - жұмыссыздықпен тығыз байланысты. Жұмыспен қамтылмаған тұрғындар мен жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау мемлекет тарапынан профилактикалық та, реттеушi де сипаты бар белсендi және баяу шаралар жүргiзу жолымен жүзеге асырылады. Оларға: еңбекке орналасуға жәрдемдесу, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, жұмыссыздық жөнiнде жәрдемақы беру және басқа да әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету жатады. 
      Еңбекке орналастыруға жәрдемдесу қосымша жұмыс орындарын құруды, толық емес қамтылатын уақытша және маусымдық жұмыстарда қаржылық мүмкiндiктердi ескерiп жұмыс орнын кеңейтудi мемлекет тарапынан қаржыландыруды және ынталандыруды көздейдi. 
      Кадрларды кәсiби оқыту және қайта даярлау елдi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың, экономика мен аймақтардың маңызды секторларының басымдылығына сүйенiп, бiлiм берудiң түрлi жүйелерiнiң (мемлекеттiк, мемлекеттiк емес) және мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ әлеуметтiк әрiптестiктiң дамыған жүйесiнiң үйлестiрiлген қызметтерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. 
      Құрылымдық-инвестициялық саясаттың белсендiлiгiн арттыру жастарды кәсiби даярлау мен ересек халықты қайта оқытуды ұйымдастыруға тиiстi тәсiлдi талап етедi. Алдын ала оқыту және қайта оқыту жұмыссыздық ауқымының артуын тежеуге ықпал етедi. Осы мақсатта кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жүйесiн сақтау және қолдау көрсету, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарының мүмкiндiктерiн жұмылдыру өзiн-өзi ақтайды. 
      Өндiрiсте кәсiби даярлықты ынталандыру басты бағыт болуы қажет. Бұл мақсаттарда өндiрiсте қалыптасқан кадрларды кәсiби оқыту жүйесiн қоюға жол берiлмеу керек. Оны қолдау жұмыс берушiлердiң кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi қызметiн қаржыландыратын арнаулы мақсаттық қорлар құру жолымен жүзеге асырылады. 
      Қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылады. Қоғамдық жұмыстарды тiкелей ұйымдастырушылар атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдары болуы керек. Экономикалық құлдырау аймақтарында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үлкен маңызға ие болады. Мұнда қоғамдық жұмыстарды көп еңбектi қажет ететiн жобалары жасалуы керек. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының (бұдан әрi - Қор) және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан, сондай-ақ коммерциялық құрылымдар мен қайырымдылық ұйымдарының жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуын ынталандыруға да, оларға материалдық қолдау көрсетуге де бағытталған қаражаттарын тарту жолымен жүзеге асырылуы қажет. 
      Тұжырымдама мөлшерi басқа әлеуметтiк нормативтер мен кепiлдiктердiң белгiлi арақатынасында белгiленетiн және өзгеретiн жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақыны төлеудiң қолданылып жүрген принципiн белгiлi бiр уақытқа сақтаудың ақылға қонымдылығы негiзiнде жасалды. Бұл жағдайда жұмыссыздардың жұмыс iздеудегi белсендiлiгiн, оның кәсiби және аумақтық ұтқырлығын арттыру мақсатында жұмыссыздық жөнiнде жәрдемақы төлеудiң мөлшерi саралануы қажет. Жас адамдарға, олардың жаңа мамандықтар алуға бағдарлануын және әзiрлiгiн ескерiп жұмыссыздық жөнiнде жәрдемақы алу құқығына өлшем белгiлеу тетiгi айрықша өзектiлiкке ие болады. 
      Алдағы уақытта экономикалық өсу және өмiр сүру деңгейiнiң арту мөлшерi бойынша жәрдемақы мөлшерi қызметкерлердiң жұмыссыздық жөнiндегi сақтандыру қорына төлейтiн жарнасына тiкелей байланысты болуына сәйкес ыңғай жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      Жұмыспен қамту саясаты халықтың әлеуметтiк-әлсiз топтарына қатысты алғашқы кезеңде қолданылып жүрген нормативтердi (жұмысқа қабылдау бойынша квота) олардың төмендету жағына қайта қарауды, сонан соң экономикалық өсу мөлшерi бойынша - оларды арттыруды көздейдi. Мүгедектердiң қоғамдық ұйымдарына және олардың кәсiпорындарына, олардың көмегiмен қосымша жұмыс орындарын құру, мүгедектерге әлеуметтiк және еңбектiк оңалту жүргiзу мақсатында мемлекеттiк қолдау жүзеге асырылады, жұмыс орындарын квоттау жөнiнде нормативтер белгiлеу жөнiнде тетiк жетiлдiрiлетiн болады. 

 
           5.3. Мемлекеттiк институттар және олардың жұмыспен 
                    қамту саласындағы өзара iс-қимылы  

 
      Жұмыспен қамту саясаты кәсiподақтардың қатысуымен өкiметтiң заң шығарушы, атқарушы органдарының, жұмыс берушiлердiң бiрлескен күш-жiгерiмен қалыптастырылады және жүзеге асырылады. 
      Үкiмет, оның экономикалық, қаржы, бiлiм беру органдары және салалық министрлiктер жұмыспен қамту саласында ортақ экономикалық саясатты жүргiзедi және жүзеге асырады. Еңбек рыногында өзара әрекет етушi тараптар мүдделерiнiң келiсiлуi тәртiбiн белгiлейдi, оны реттеудiң тетiгiн нормативтiк актiлермен айқындау арқылы сұраным және ұсыныс балансын ұстап тұруға жәрдемдеседi. 
      Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi мен Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi басқа да мемлекеттiк өкiмет органдарымен, жұмыс берушiлермен және қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылда жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қолдау мемлекеттiк саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiнде осы мақсатта аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық дамытудағы аймақтық ерекшелiктердi, жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейiнiң саралануын ескеретiн және аймақтық және жеке еңбек нарығындағы шиеленiскен жағдайлар кезiнде қордың қаражаттарын қайта бөлудiң қажеттiлiгiн көздейтiн, республика халқын жұмыспен қамтуға көмектесетiн бағдарламалық шаралар жасалуда. 
      Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiн, оның аймақтық және жергiлiктi органдарын онан әрi дамыту бұл мiндеттердi жүзеге асыруға қажеттi шарт болып табылады. Еңбек нарығындағы жағдайлардың өзгеруiн ұқсас және жедел реттеу оның материалдық базасын нығайту, компьютерлендiру және технологиялық жарақтандыру, статистикалық және ақпараттық-анықтамалық жүйелердiң қалыптасуы, еңбек нарығының мониторингi негiзiндегi жұмыспен қамту қызметiнiң белсендi қызметiмен қамтамасыз етiледi. Жұмыс күшiне сұраныс (бос орындар) туралы ақпараттар және халықты хабарландыру және жұмыс берушiлердiң бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұсыныстары жөнiндегi жұмыстар күшейтiлуде. Үкiметке, оның экономикалық, қаржы, бiлiм беру органдарына жұмыспен қамту саласы мен республиканың еңбек нарығындағы жағдайлар және оларды реттеу жөнiндегi қолданылған шаралар туралы үнемi ақпарат ұсынылады. 
      Жұмыспен қамту қызметi жұмысының тиiмдiлiгiнiң өлшемi оның еңбек нарығын қалыптастырудағы және реттеудегi ролiнiң артуы, жұмыспен қамтылудың өсуiне және жұмыссыздықты қысқартуға жәрдемдесу дәрежесiнiң жоғарылауы болып табылады. Аймақтық жұмыспен қамту қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың еңбекпен қамтылмаған тұрғындарды еңбекпен қамту қызметi арқылы еңбекке орналастыру коэффициентi, жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы, ұзақ мерзiмдiк жұмыссыздықтың деңгейi, еңбекпен қамту саясатын жүзеге асыру кезiндегi белсендi және баяу шаралардың арақатынасы, бiр жұмыссызға жұмсалатын қаржы шығыны, жұмыспен қамту қызметi қызметкерiне жүктелетiн ауқымы және басқалар сияқты қызмет индикаторларына негiзделген жүйесi енгiзiлетiн болады. 
      Республиканың барлық облыстарының аумақтарында халықты жұмыспен қамтудың үлгiлiк орталықтарын құрған жөн. 
      Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi кезең-кезеңмен мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыландыруға көшiрiледi. 
      Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жұмыспен қамтылу факторын ескерiп әлеуметтiк-экономикалық қайта өзгерту жүргiзiледi, жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады, нашар қорғалған санаттарды жұмысқа қабылдаудың квоталарын белгiлейдi, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. 
      Кәсiпорын меншiк нысанына қарамастан жұмыс орындарын құру негiзiнде жұмыспен қамту саясатының жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, еңбекпен қамту қорын құруға қатысады, кадрларға деген сұранысты жарнамалайды. 

 
             5.4. Заңдық, әдiстемелiк қамтамасыз ету 

 
      Тұжырымдаманың ережелерi Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерiнiң негiзiнде жұмыспен қамту және жұмыссыздық салаларында заңдылықты жетiлдiрудiң қажеттiлiгiне және мақсаттылығына сүйенiп жасалды. Бұл бiрiншi кезекте еңбек туралы заңдар кодексiне, "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңына қатысты. 
      "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақ КСР-i Заңын жетiлдiрудiң мүмкiн болатын бағыттары: 
      жұмыссызды анықтаудың "еңбекке қабiлеттi жас" өлшемi ескерiлген неғұрлым нақты тәсiлi; 
      жұмыс iздеудегi белсендi позиция тұрғысында жұмыссызға қатаң талап; 
      жұмыссыздарды тiркеудiң және жұмыссыздық жөнiнде жәрдемақы есептеудiң жүйесiн жеңiлдету; 
      еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, өз еркi бойынша бұрын жұмыстан шығарылған жұмыссыздар үшiн жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақыны төлеу мерзiмiне шектеудi бәсеңдету; 
      жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдау жүйесiн жасау өлшемдерiн анықтау; 
      жұмыссыздарға жәрдемақы мен стипендиялар есептеу базасын өзгерту; 
      жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауға сараланған қадам жасауды (еңбек стажының өлшемдерiн ескерiп жәрдемақы және стипендия есептеу) қамтамасыз ету; 
      жұмыс берушiлерге олардың мемлекеттiк жұмыспен қамтамасыз ету қызметiне бос жұмыс орындары (бос орындар) туралы ақпараттар беру тұрғысында талапты қатайту. 
      Мынадай жаңа заң жобаларын әзiрлеу қажет: 
      ерiктi қоныс аудару туралы, қоғамдық жұмыстар туралы, шағын және орта бизнес туралы, жұмыс орындарын квоталау туралы, кәсiптiк оқу туралы, шетел жұмысшы күшiн пайдалану туралы. 
      Мынадай жаңа әдiстемелер әзiрлегенi орынды: 
      еңбек нарқындағы жағдайға баға беру және болжамдау жөнiнде; 
      жұмыссыздықтың табиғи деңгейiн айқындау жөнiнде; 
      халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң тиiмдiлiгiн айқындаудың аймақтық бағдарламаларын жасау жөнiнде; 
      болашақта мамандарды кәсiптiк даярлау қажеттiлiгiн айқындау тетiгi жөнiнде. 
      Реформалау мен экономикалық өсу мiндеттерiн шешудiң негiзгi iс-қимылын шаруашылық жүргiзудiң аймақтық деңгейiне көшiру жұмыспен қамту қорының қаражатын белгiлi бiр (нормативтiк) арақатынаста республикалық және аймақтық (облыстық) қорларға бөлудiң объективтi қажеттiлiгiн тудырады. Бұл жұмыспен қамту саясаты мен жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауды жүзеге асыру жергiлiктi өкiмет органдарының жауапкершiлiгiн арттыруға мүмкiншiлiк бередi. Сондай-ақ мұнда халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейiндегi аймақтық айырмашылықтардың тiгiсiн жатқызу мақсатында жұмыспен қамту қорының қаражатын белгiлi бiр қайта бөлу мүмкiншiлiгi сақталады. 

 

             6. Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына 
                            көшу 

 
      Жұмыспен қамту мен жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) белгiлi Конвенциясынан туындайтын халықаралық стандарттар мен өлшемдерге көшiру қажет. Дегенмен мұндай көшiру бiр-ақ сәтте жүзеге асырылуы мүмкiн емес, өйткенi елде тиiстi статистикалық байқау ұйымдастыру, зерттеулердiң нәтижелерiн жедел өңдеп, олардың ай сайындық және тоқсан сайындық жүйесiн жолға қою үшiн белгiлi бiр уақыт талап етiледi. 
      Тұжырымдама халықаралық стандарттарға кезең-кезеңмен көшуге негiзделедi. Бiрiншi кезеңде, тұжырымдаманы қабылданғаннан бастап ХЕҰ қабылдаған санаттар мен ұғымдарға тез көшкен орынды, оларды айқындау мен есептеуге қол жеткiзу, заңдар мен әдiстемелерге тиiстi өзгерiстер енгiзу қолданылып жүрген статистиканың негiзiнде мүмкiн. Атап айтқанда, қолданылып жүрген "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңына жұмыспен қамту саясатының айналысы мен тетiгiне экономикалық белсендi халық (жұмыс күшi), жұмыспен толық қамтылу, жұмыспен толық емес қамтылу, жұмыссыздар, жұмыссыздықтың табиғи деңгейi, еңбек нарқындағы шиеленiс коэффициентi және жаңа жағдайларда халықты жұмыспен тұрақты қамтуға қатысты қамтамасыз етудiң проблемаларын зерттеу мен шешудiң ыңғайларын жүзеге асыру мүмкiн емес басқа да санаттарды, ұғымдар мен терминдердi енгiзiп азаматтар мен жұмыссыздықтардың жұмыспен қамтылуын айқындауды нақтылайтын өзгертулер енгiзу қажет. Кейiн екiншi кезеңде еңбек нарқындағы үнемi өзгерiп тұратын жағдайда тиiсiнше көрсетуге қабiлеттi жаңа статистикалық инфрақұрылым құру шамасына қарай деректердi ХЕҰ стандарттарына сәйкес келтiре отырып оларды жинау, өңдеу және есептеудiң әдiстемесi мен практикасын нақтылау мүмкiн болады. 
      Жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi заңдар мен басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеудi көздейдi. Оларды қабылдау мен жүзеге асыру өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға, республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамыту мен реформаларды жүргiзудiң жалпы бағытын жүзеге асыру саласында стратегиялық мақсаттарға сәйкес халықты жұмыспен қамту проблемаларын мақсатты, жүйелi және кешендi жүзеге асыруға мүмкiншiлiк бередi.