"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 169 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 43-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк туралы ережеде: 5-тармақ мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын: "кредит берушiлер - мемлекеттiк заңды тұлғалардың атынан, сондай-ақ белгiленген тәртiптi сақтай отырып, жарғылық қорында Қазақстан Республикасының үлесi (салымы) бар шаруашылық серiктестiктерiнiң атынан сенiмхатсыз уәкiлеттiк берiлген өкiл болады". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi