Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 169 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 қыркүйек N 1113. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 169 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 43-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
      Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк туралы ережеде:
     5-тармақ мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын:
     "кредит берушiлер - мемлекеттiк заңды тұлғалардың атынан, сондай-ақ белгiленген тәртiптi сақтай отырып, жарғылық қорында Қазақстан Республикасының үлесi (салымы) бар шаруашылық серiктестiктерiнiң атынан сенiмхатсыз уәкiлеттiк берiлген өкiл болады".

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi