Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 16 тамыз N 1022

Қолданыстағы
      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан

Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828  

U962828_

 
Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң
мемлекеттiк кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң
мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ережесi бекiтiлсiн (қоса
берiлiп отыр).

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 16 тамыздағы
                                          N 1022 қаулысымен
                                              бекiтiлген

              Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс
           белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын және Техногендiк
             минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын
                        жүргiзу тәртiбi туралы
                                ЕРЕЖЕ



      1. Осы Ереже пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн (бұдан әрi - Мемлекеттiк кадастрлар) белгiлейдi.
      2. Мемлекеттiк кадастрлар жүргiзу жер қойнауының Мемлекеттiк қорының жағдайын есепке алу жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
      3. Мемлекеттiк кадастрларды Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мен оның аумақтық органдары жер қойнауын геологиялық зерделеудiң республикалық және аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу үшiн, жер қойнауы мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ету және минералдық шикiзатты ұтымды кешендi пайдалану мақсатында жүргiзедi.

        Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс-белгiлерiнiң
                  мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi

      4. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс-белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi - Мемлекеттiк кадастр) әрбiр кен орны және көрiнiс-белгiлерi бойынша негiзгi және онымен бiрге жатқан пайдалы қазбалардың, ондағы құраластарының саны мен сапасы, кен орнын игерудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайлары, оны геологиялық-экономикалық бағалау туралы, пайдалы қазбалардың анықталған көрiнiс-белгiлерi мен адам денсаулығына ұдайы зиянды әсерi бар элементтердiң табиғи геохимиялық ауытқуларының болуы туралы мәлiметтердiң жүйеленген, ауық-ауық толықтырылып және нақтыланып отыратын жиынтығы (Мемлекеттiк кадастр арқылы есепке алынып отыратын объектiлердiң паспорттары түрiнде ресiмделетiн, бұдан әрi - паспорт) болып табылады.
      5. Мемлекеттiк кадастрда есепке алуға мыналар жатады:
      мемлекеттiк баланстарда есепке алынған пайдалы қазбалар қоры бар кен орындар;
      пайдалы қазбалар қоры пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк баланстарының есебiнен алынған кен орындар;
      iрi кен орындарының геологиялық және кеңiстiк жағынан оқшауланған учаскелерi;
      игерiлетiн кен орындарына өнеркәсiптiк талаптарды қанағаттандыратын сапа жағынан (бағалы құраластарының болуына қарай) пайдалы қазбалардың кемiнде бiр денесiнiң (иiрiмi) болуы белгiленген қатты пайдалы қазбалардың көрiнiс-белгiлерi;
      көпдебиттi бастау түрiндегi минералды және тұщы жерасты

суларының көрiнiс-белгiлерi;
     пайдалы қазбалар қорлары С2 санаты бойынша бағаланған барлау
жұмысының болашақты учаскелерi;
     мұнай, газ көрiнiс-белгiлерi.
     6. Мемлекеттiк кадастрда есепке алуға мыналар жатпайды:
     жалпы таралған пайдалы қазбалардың көрiнiс-белгiлерi;
     минералдану нүктелерi мен аймақтары, құрамында пайдалы
құраластары аса көп минералогиялық табылымдар;
     шлихты ореол, геофизикалық және геохимиялық ауытқулар.
     7. Паспорттар мынадай нысандардағы арнайы бланкiлерде
құрастырылады:
     А - металл пайдалы қазбалар кен орындары;
     Б - металл емес пайдалы қазбалар кен орындары;
     В - ұсақ тау жыныстары бар кен орындары;
     Г - қатты пайдалы қазбалар мен мұнай және газ
көрiнiс-белгiлерi;
     Д - мұнай мен газ кен орындары;
     Е - көмiр және жанар тақтатастар кен орындары;
     Ж - гидроминерал шикiзатының кен орындары;
     З - жерасты суларының кен орындары;
     И - жерасты суларының көрiнiс-белгiлерi және болашақты
учаскелер;
     К - шипалы балшық кен орындары;


      8. Паспорттар Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi құзыреттi органдармен бiрлесiп әзiрлеп, бекiтетiн нұсқаулық талаптарына сай толтырылады.
      9. Паспорттарды меншiк нысанына және жұмысты қаржыландыру көзiне қарамастан барлық жер қойнауын пайдаланушылар құрастырады, нақтылап, толықтырады. Паспорт:
      мемлекеттiк органдарында пайдалы қазбалар қоры қайта бекiтiлгенде;
      әзiрлеменiң жаңа технологиялық жобалары бекiтiлгенде толықтырылады.
      10. Паспорттар үш данада құрастырылады: екi данасы - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдары үшiн, үшiншiсi - жер қойнауын пайдаланушы үшiн.
      11. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi паспорттардың дұрыс ресiмделуi үшiн жауап бередi және:
      жер қойнауын пайдаланушылардың паспорттарды Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын пайдалану министрлiгiнiң органдарына уақтылы беруiн бақылауды;
      Мемлекеттiк кадастр материалдарын жинауды, есепке алуды жүйелеу мен сақтауды;
      есептеу техникасын пайдалана отырып Мемлекеттiк кадастр деректерiн өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн, оның негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыларға анықтамалық-аппараттық қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.
      12. Алдын ала немесе толық барлау, сондай-ақ қосымша барлау мен сынама пайдалану жүргiзiлген кен орындары бойынша паспорттарды жер қойнауын пайдаланушылар барлау жұмыстары аяқталған соң және Қазақстан Республикасының Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде қорлар бекiтiлгеннен кейiн құрастырады.
      13. Жекелеген учаскелерiнде алдын ала, толық барлау, қосымша барлау, тау-кен бөлiндiсiнiң шегiнде барлау, қорларды қайта есептеу және басқа да жүргiзiлген жұмыстар кен орнының геологиялық құрылымы туралы түсiнiктi едәуiр нақтылай түссе, игерiлiп жатқан мұндай кен орындары бойынша паспорттарды жер қойнауын пайдаланушылар барлау жұмыстары аяқталып, Қазақстан Республикасының Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясында қорлар бекiтiлгеннен кейiн тапсырады.

          Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк
                   кадастрын жүргiзу тәртiбi

      14. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - Мемлекеттiк кадастр) Қазақстан Республикасы Жер қойнауының мемлекеттiк қорын құрайтын минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қоймаға жиналатын қалдықтарының жай-күйi, оны пайдалану мен қорғау туралы жүйеленген, ауық ауық толықтырылып және нақтыланып отыратын бiрегейлендiрiлген қысқаша мәлiметтердiң жиынтығы (Мемлекеттiк кадастр есепке алатын объектiлердiң паспорттары түрiнде ресімделетiн, бұдан әрi - паспорт) болып табылады.
      Мемлекеттiк кадастр: техногендiк минералдық түзiлiмдердiң үлгiсi мен түрiн, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiн сақтаудың тау-кен техникалық, экологиялық шарттарын, қоршаған табиғи ортаға әсерiнiң параметрлерiн қамтиды.
      15. Мемлекеттiк кадастрда есепке алуға:
      пайдалы қазбалардың кедей және кемелiне жетпеген рудалары, кен орындарын игерген кезде жер қойнауынан өндiрiлген ашық және сыйымды жыныстар;
      пайдалы қазбаларды байыту мен минералды шикiзатты металлургиялық қайта өңдеу қалдықтары жатады.
      16. Паспорттар арнайы бланкiлерде Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi құзыреттi органдармен келiсе отырып әзiрлеп, бекiтетiн Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу қалдықтарының Мемлекеттiк кадастрын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарына сәйкес құрастырылады.
      17. 1992 жылғы 30 мамырдан кейiн қоймаланған техногендiк минералдық түзiлiмдер бойынша паспорттарды меншiк нысандарына және жұмыстарды қаржыландыру көздерiне қарамастан жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде шетел қатысатын жер қойнауын пайдаланушылар, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар құрастырады.
      18. Паспортқа жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi қол қояды. Үш данада әзiрленген паспорттың екi данасы - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарына, үшiншiсi - жер қойнауын пайдаланушыға жiберiледi.
      19. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi паспорттардың дұрыс ресiмделуiне жауап бередi және:
      жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау органдарына уақтылы тапсыруына бақылау жасауды;
      Мемлекеттiк кадастр материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеу мен сақтауды;
      есептеу техникасын пайдалана отырып Мемлекеттiк кадастр деректерiн өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн, оның негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.
      20. 1992 жылғы 30 мамырға дейiн қоймаланған немесе "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлығы күшiне енгенге дейiн Минералдық шикiзаттардың мемлекеттiк қорына енгiзiлген техногендiк минералдық түзiлiмдер бойынша паспорттар Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнде құрылатын Мемлекеттiк кадастр топтары бойынша құрастырылады.