"Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 мамырдағы N 603

Қолданыстағы
      1996-1998 жылдарда реформаларды тереңдету жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл жоспарына сәйкес, бәсекелестiктi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясының 1-қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығы тоқтатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясының құрамындағы 2-қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қайтарып алып, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
      3-қосымшаға сәйкес, акционерлiк қоғамдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес таратылсын және олардың базасында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар құрсын.
      "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен акциялардың мемлекеттiк пакетi бар акционерлiк қоғамдардың қызметiн басқаруға контракт жүйесiн енгiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 ақпандағы N 148 P960148_ қаулысына орай (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 40-бап) 4 қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдардың басшыларымен акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға контракт жасасын.
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 2-қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатсын.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет 3-қосымшада көрсетiлген кәсiпорындардың арнайы өнiмдер өндiруге, мемлекеттiк тапсырысқа, жұмылдыру қуаттарына, мемлекеттiк статистикалық есептiлiкке, еңбектi қорғау мен төтенше жағдайларға қатысты мәселелер қызметiне мемлекеттiк бақылау мен реттеу функциясын жүзеге асырсын.
      5. "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясының президентi мен

Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 825 қаулысының;
     "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 847
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 36,
420-бап) күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                Қазақстан Республикасы
                                    Үкiметiнiң
                                1996 жылғы 15 мамырдағы
                                  N 603 қаулысына
                                   1-қосымша

          Акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне "Қорғау" ұлттық
          акционерлiк компаниясының иелiк ету, пайдалану және
          басқару құқығы тоқтатылатын акционерлiк қоғамдардың
                             ТIЗБЕСI

     "Актюбрентген" АҚ, Ақтөбе қаласы
     "Машина жасау зауыты" АҚ, Алматы қаласы
     "Алматы "Электробытприбор"зауыты" АҚ, Алматы қаласы
     "Эталон" АҚ, Алматы қаласы
     "Найза" АҚ, Алматы қаласы
     "Шельф" АҚ, Атырау қаласы
     "Пархоменко атындағы зауыт" АҚ, Қарағанды қаласы
     "Тыныс" АҚ, Көкшетау қаласы
     "Көкшетау аспап жасау зауыты" АҚ, Көкшетау қаласы
     "Наука-Восток" АҚ, Көкшетау қаласы
     "Көкше" АҚ, Көкшетау қаласы
     "С.Киров атындағы зауыт ӘБ" АҚ, Петропавл қаласы
     "ЗИКСТО" АҚ, Петропавл қаласы
     "Орындаушы механизмдер зауыты" АҚ, Петропавл қаласы
     "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ, Петропавл қаласы
     "Семей машина жасау зауыты" АҚ, Семей қаласы
     "Қазақаккумулятор" АҚ, Талдықорған қаласы
     "Орал "Зенит" зауыты" АҚ, Орал қаласы
     "Орал "Металлист" зауыты" АҚ, Орал қаласы
     "Омега" АҚ, Орал қаласы
     "Гидроприбор "ҒЗИ" АҚ, Орал қаласы
     "Өскемен пневмоавтоматика зауыты" АҚ, Өскемен қаласы
     "Изумруд" ҒЗЖКИ" АҚ, Өскемен қаласы
     "Өскемен конденсатор зауыты" АҚ, Өскемен қаласы
     "Керамика" АҚ, Өскемен қаласы
     "Қазақ радиотехника зауыты" АҚ, Алматы қаласы
<*>

     ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.02. N 1208  

P961208_

 
              қаулысымен.
   

                                Қазақстан Республикасы
                                    Үкiметiнiң
                               1996 жылғы 15 мамырдағы
                                  N 603 қаулысына
                                   2-қосымша

       Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қолданылып жүрген
        заңдарға сәйкес сатылатын акционерлiк қоғамдардың
                           ТIЗБЕСI

     "Найза" АҚ, Алматы қаласы
     
<*>

     "Пархоменко атындағы зауыт" АҚ, Қарағанды қаласы
     
<*>

     "Көкше" АҚ, Көкшетау қаласы
     "Өскемен конденсатор зауыты" АҚ, Өскемен қаласы
     "Изумруд "ҒЗЖКИ" АҚ, Өскемен қаласы
     "Керамика" АҚ, Өскемен қаласы
     ЕСКЕРТУ. Тiзбеден сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.10.02.
              N 1208 қаулысымен. 
     ЕСКЕРТУ. Тiзбеден сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.06.20.
              N 997 қаулысымен.  

P970997_

 

                                Қазақстан Республикасы
                                    Үкiметiнiң
                               1996 жылғы 15 мамырдағы
                                  N 603 қаулысына
                                   3-қосымша

         Базасында мемлекеттiк кәсiпорындар құрылатын
                  акционерлiк қоғамдардың
                          ТIЗБЕСI

     "ЗИКСТО" АҚ, Петропавл қаласы
     "Орал "Металлист" зауыты" АҚ, Орал қаласы
     "Гидроприбор "ҒЗИ" АҚ, Орал қаласы

                                Қазақстан Республикасы
                                    Үкiметiнiң
                               1996 жылғы 15 мамырдағы
                                  N 603 қаулысына
                                   4-қосымша

           Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi
           басқаруға басшыларымен контракт жасалатын
             акционерлiк қоғамдардың тiзбесi

     "Машина жасау зауыты" АҚ, Алматы қаласы
     "Орал "Зенит" зауыты" АҚ, Орал қаласы
     "Актюбрентген" АҚ, Ақтөбе қаласы
     "Алматы "Электробытприбор" зауыты" АҚ, Алматы қаласы
     "Эталон" АҚ, Алматы қаласы
     "Тыныс" АҚ, Көкшетау қаласы
     "Көкшетау аспап жасау зауыты" АҚ, Көкшетау қаласы
     "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ, Петропавл қаласы
     "Семей машина жасау зауыты" АҚ, Семей қаласы
     "Өскемен пневмоавтоматика зауыты" АҚ, Өскемен қаласы
     "Киров атындағы зауыт ӨБ" АҚ, Петропавл қаласы
     "Орындаушы механизмдер зауыты" АҚ, Петропавл қаласы
     "Омега" АҚ, Орал қаласы
     "Қазақаккумулятор" АҚ, Талдықорған қаласы
     "Наука-Восток" АҚ, Көкшетау қаласы 
<*>

     "Қазақ радиотехника зауыты", Алматы қаласы 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.02. N 1208 
              қаулысымен.  

P961208_