Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимiн қолданудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 наурыз N 342

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Кеденнiң уақытша әкелу (әкету) режимiне жатқызуға болмайтын тауарлар тiзбесi бекiтiлсiн (1-қосымша).
      2. Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған, уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарлар мен көлiк құралдарының тiзбесi бекiтiлсiн (2-қосымша).
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


                                          Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына 1 қосымша


                Кеденнiң уақытша әкелу (әкету) режимiне
                     жатқызуға болмайтын тауарлар
                               ТIЗБЕСI

      1. Шығындалатын материалдар мен үлгiлер, шикiзаттар, жартылай дайын өнiмдер, бұйымдарды жинақтайтын босалқы бөлшектер (олар уақытша әкелiнген көлiк құралдары үшiн арналмаған болса).
      2. Тамақ өнiмдерi, сусындар, алкогольдi iшiмдiктердi қоса, темекi бұйымдары, жарнамалық немесе көрсету мақсаттарында бiр данадан уақытша әкелу (әкету) жағдайларын қоспағанда.
      3. Әкетуге және әкелуге арналған квоталанған тауарлар.
      4. Өнеркәсiп қалдықтары.
                                           Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына 2 қосымша


          Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған, уақытша
        әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарлар мен көлiк құралдарының
                                ТIЗБЕСI

      1. Халықаралық ауыр жүктер, жүктер мен жолаушылар тасымалына пайдаланылатын көлiк құралдары, контейнерлердi, көлiк құралдарымен бiрге әкелiнетiн (әкетiлетiн) немесе уақытша әкелiнген (әкетiлген) көлiк құралдарын жөндеуге арналған босалқы бөлшектер мен басқа да көлiк құралдарын қоса.
      Акцизделуге жататындарды қоспағанда, мемлекеттiк сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзiлген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын көлiк құралдары. <*>
      Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.09. N 1689
               қаулысымен. P001689_
      2. Кәсiптiк жабдықтар (тауарлардың өнеркәсiптiк өндiрiсi, тауарларды тасымалдау, табиғи ресурстарды пайдалануға беру, құрылыстар, үй-жайларды, құрылыстар мен ғимараттарды жөндеу мен ұстау, тауарларды буып-түю, жер қазу жұмыстары үшiн пайдаланылған жабдықтардан басқа және басқа сол сияқты жабдықтар) және (көмекшi аппараттарды, керек-жарақтар мен материалдарды қоса), шетелдердiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғаларына тиесiлi. Қазақстан Республикасының аумағында нақты жұмыстарды орындау үшiн әкелiнетiн (әкетiлетiн) құрал-саймандар.
      Уақытша әкелiнген (әкетiлген) кәсiптiк жабдықтар мен құрал-саймандарды жөндеуге арналған босалқы бөлшектер.
      Осы тармақтың бiрiншi абзацында көзделген айрықшалықтар мемлекеттiк сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгiзілген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын кәсiби жабдыққа қолданылмайды. <*>
      Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.09. N 1689
               қаулысымен. P001689_
      3. Көрмелерде, жәрмеңкелерде, конкурстарда, съездерде, симпозиумдарда, семинарларда, халықаралық кездесулер мен сол сияқты шараларда көрсетуге арналған тауарлар (өндiрiстiк немесе коммерциялық қызметтi жүзеге асыратын, әкелiнген (әкетiлген) тауарларды сату мақсатында өткiзiлетiн жерлердегi көрмелерден басқа).
      Көрсету кезiнде не болмаса халықаралық кездесулер, конференциялар мен конгрестер барысында пайдалануға арналған көмекшi құралдар мен материалдар.
      4. Ғылыми-зерттеу және оқу мақсаттарына арналған құралдар мен материалдар, сондай-ақ осы жабдықтарды жөндеуге, дайындау мен бақылауға арналған босалқы бөлшектер мен құрал-саймандар, аталған жабдықтар, материалдар, босалқы бөлшектер мен құрал-саймандар шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғасының меншiгiнде қалған жағдайда және оларды пайдалану табыс табуға арналмаған болса.
      5. Шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) теңiз кемелерi экипаждары өмiрiнiң (яғни мәдениет, бiлiм, демалыс, дiни және спорт салаларында) әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған материалдар, егер мұндай материалдар шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғасының меншiгiнде қалса және оларды пайдалану табыс табуға арналмаған болса.
      6. Мемлекеттiк органдар мен мекемелерге уақытша пайдалану мақсатында табиғи зiлзалалар, авариялар мен апаттардың зардаптарын жою үшiн қайтарусыз берiлген тауарлар.
      7. Контейнерлер (осы контейнер үшiн қажеттi керек-жарақтар мен контейнермен бiрге әкелiнетiн (әкетiлетiн) және олармен бiрге, жеке немесе басқа контейнермен бiрге қайтарылатын немесе жеке әкелiнетiн (әкетiлетiн) және контейнермен бiрге қайтарылатын жабдықтарды қоса), сондай-ақ уақытша әкелiнген (әкетiлген) контейнерлердi жөндеуге арналған босалқы бөлшектер.
      8. Астыңғы жапқыштар.
      9. Өзге де көп айналымды ыдыстар мен буып-түюлер.
      10. Егер олар шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғасының меншiгiнде қалған жағдайда және осы үлгiдегi тауарларға тапсырыстар алу үшiн ғана үлгiлер және оларды пайдалану табыс табуға арналмаған болса, бiрыңғай үлгiлер саны екi данадан аспайды.
      11. Жарнамалық материалдар (каталогтар, прейскуранттар мен коммерциялық жобалар) бiр данада немесе жалпы брутто салмағы бiр килограмнан аспайды.
      12. Тауарлардың қасиетiн немесе iс-әрекетiн ашатын жарнамалық фильмдер, егер бұл фильмдер шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғасының меншiгiнде қалған жағдайда, шетелге (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) қатысты болса, шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғасы ұсынса, мүмкiн сатып алушыларға көрсету үшiн ғана лайық, егер аталған жарнамалық фильмдер бiр данада әкелiнген (әкетiлген) жағдайда және оларды пайдалану табыс табуға арналмаған болса.
      13. Сынақтар, тексерулер, эксперименттер өткiзуге арналған тауарлар, егер оларды пайдалану табыс табуға арналмаған болса.
      14. Уақытша және мәлiметтердi автоматты өңдеуге пайдалануға берiлген цифрлы ақпараттарды таратушылар.
      15. Медициналық, хирургиялық немесе лабораториялық жабдықтарды уақытша пайдалану үшiн қайтарусыз берiлген, емдеу және басқа медициналық ұйымдар мен мекемелердiң диагностикалық, хирургиялық немесе терапевтiк мақсаттарға пайдалануға арналған және шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғасының меншiгiнде қалатын жабдықтар.
      16. Қазақстан Республикасы аумағындағы (одан тыс жерлерге әкеткен жағдайда) спорт жарыстарына, көрнектi спорт шараларына немесе жаттығуларға арналған тауарлар, егер мұндай тауарлар шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғасының меншiгiнде қалатын болса.
      17. Жаттықтыру, үйрету, зерттеу, ветеринарлық емдеу, тамақтандыру, сынақ жүргiзу, құтқару операциялары, арнайы функцияларды жүзеге асыру, көрмелерге, конкурстарға, жарыстарға, демонстрацияларға, спектакльдерге, қойылымдарға және басқа да сол сияқты шараларға қатысу үшiн, сондай-ақ медициналық мақсаттарда жұмыс көлiгi ретiнде (тиiстi жабдықтармен бiрге) Қазақстан Республикасының Кеден шекарасына шектес алқапта пайдалану үшiн уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн) жануарлар, егер мұндай жануарлар шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғасының меншiгiнде қалатын болса.
      18. Театр (цирк) костюмдерi, сахналық жабдықтар және басқа қойылымдар, спектакльдер мен сол сияқты шаралар өткiзуге арналған театр (цирк) реквизиттерi.
      19. Фото-кино конкурстарында және сол сияқты шараларда көрсету үшiн айқын бейнеленген кино-бейне фильмдер, диапозитивтер, фотосуреттер мен басқа да материалдар, егер оларды пайдалану табыс табуға арналмаса, шетелдiң (қазақстандықтар әкеткен жағдайда) заңды және жеке тұлғасының меншiгiнде қалатын болса.
      20. Астық, техникалық, май және басқа да дақылдар жинауға арналған комбайндар, фронтальдық, жабынды, тіркемелік жаткалар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.08.23.
               N 1100 қаулысымен. P011100_