"Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 11 наурыздағы N 290

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 P962895_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жарлық күшiне енген сәтiнде сайланған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының толық мүшелерiне айлық есеп айырысу көрсеткішінің 20 есе теңге мөлшерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң ай сайынғы өмiрлiк стипендиялары белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.20. N 1945
               қаулысымен. P991945_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдан бастап стипендияға арналған шығындарды республикалық бюджетте көздеп, 1996 жылы стипендиялар төлеу үшiн қажеттi ақша қаражатын iздестiрсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi