Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 290 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1945

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 290 P960290_ қаулысына

мынадай өзгеріс енгізілсін:
     1-тармақтағы "6000 теңге" деген сөздер "айлық есеп айырысу 
көрсеткішінің 20 есе" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.