Электр энергиясына арналған тарифтер туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 102 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысының 2-тармағының талаптары ерекшелiк ретiнде қаралып, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi электр энергиясына қолданылып жүрген тарифтердi 1996 жылдың 1 ақпанынан бастап орта есеппен 4 процентке арттырсын.
      2. Ұлттық электр жүйесiне жалғасқан тұтынушыларға электр энергиясын босату "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық жүйесiнiң көтерме тарифы бойынша жүргiзiледi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде энергетика саласындағы әлеуметтiк-мәдени объектiлердiң жекешелендiрiлуiн қамтамасыз етсiн.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстардың әкiмдерi 1996 жылдың 1 наурызынан бастап 1 шiлдесiне дейiн әлеуметтiк-мәдени саланың қалған объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдар балансына берудi жүзеге асырсын.
      Бiрiншi кезекте Екiбастұз ГРЭС-1, Ермак ГРЭС, "Южказэнерго" Оңтүстiк Қазақстан энергетика жүйесi, "Целинэнерго" Тың энергетика жүйесi, "Атырауэнерго" Атырау энергетика жүйесi әлеуметтiк-мәдени саласының объектiлерi берiледi деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      бiр ай мерзiмде судың, мазуттың, газдың бағасының негiзсiз өсуiне шек қою жөнiнде жұмыс жүргiзсiн және қабылданған шаралар туралы Үкiметке мәлiмдесiн;
      ағымдағы жылдың I тоқсанында жергiлiктi жерлерге барып электр энергиясының өндiрiсiне кететiн шығынның нақты деңгейiне тексерiс жүргiзсiн және 1 мамырда Үкiметке мәлiмдесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң инвестициялық жобалар жөнiндегi ұсыныстарын қарасын және бiр ай мерзiмде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.
      6. 1996 жылғы 1 ақпаннан бастап:
      "Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1033 қаулысының 6-тармағындағы екiншi абзацтың;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1033 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 қыркүйектегi N 1268 қаулысының үшiншi абзацының;
      "Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қазандағы N 1311 қаулысының 1, 2-тармақтарының, 4-тармағындағы бiрiншi және екiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi