Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1996 жылғы 25 шілде N 7 (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 2 том, 7 бет)

Жаңартылған

      Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды қолдану тәжірибесінде соттарда туындаған мәселелерді түсіндірудің қажеттілігін атай отырып, тұтынушылар құқын тиімді сот қорғауымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
       Ескерту. Атауы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 нормативтік   қаулысымен .  
      1. 1996-жылғы 5-маусымда қабылданып, 1992-жылғы 1-қаңтардан күшіне енгізілген "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" Қазақ ССР Заңы (бұдан әрі - Заң), 1992-жылғы 26-маусымдағы Заңмен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен, тұтынушылар - жеке тұтынушылардың, яғни, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабы (бұдан әрі - АК) жеке тұрмыстық қызметтер үшін тапсырыс беретін жұмыстар мен қызметтер, сатып алынатын және пайдаланатын тауарлар, немесе оларды өндірушілер, сондай-ақ меншік түрі мен заңды тұлғаның құрылу нысанына қарамастан қызметтер мен жұмыстарды атқарушылар, соның ішінде жеке кәсіпкерлер (АК 19-бабы) арасындағы қатынастарды реттейді және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын немесе жалғасатын құқықтық қатынастарға қолданылады (АК 4, 383-баптары). 
      Заң азаматтар арасындағы жеке тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру шартындағы құқықтық қатынастарға заңды тұлғалардың негізгі қызмет қажеттіктерін немесе өз қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіктерін қанағаттандыру үшін кәсіпкерлік қызметтер мен тауарлар сатып алу және қызмет көрсету үшін азаматтардың тауарлар сатып алуы мен қызметтерді пайдалануы (жеке кәсіпкерлердің) жағдайына қолданылмайды. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 нормативтік   қаулысымен .   
      2. Тұтынушылар қатысқан қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері, осы құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау тәртібі, сондай-ақ сатушылардың, дайындаушылардың, жұмыстар мен қызметтерді орындаушылардың құқықтары мен міндеттері "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" Заңнан басқа Азаматтық кодекспен және оған қайшы келмейтін заңдық және нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ заңда көзделген немесе оған қайшы келмейтін шарттар мен басқа да мәмілелермен реттеледі. 
      Заңның 5-бабын қолданған кезде соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес барлық халықаралық шарттар емес, тек Республика бекіткені ғана оның заңдары алдында басымдылыққа ие болатындығын ескеруі тиіс. Тиісінше, егер Республика бекіткен халықаралық шартта тұтынушылар құқын қорғау туралы республикалық заңдардан бөлек ереже белгіленсе, онда халықаралық шарт ережесі қолданылады. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарды нормативтік құқықтық актілері Конституция, АК және "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" Заң белгілегендермен салыстырғанда тұтынушылар құқықтарын шектемейді және оларды қорғау кепілдігін төмендете алмайды. 
      Соттар, орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінде сатушылардың, дайындаушылардың және орындаушылардың басымдылықты (монополиялы) жағдайды пайдаланатын, немесе тұтынушылар құқын қорғау туралы заңға қайшы келетін ереже болса оларды алдырып, зерттеуі тиіс, мұндай актілер олар қабылдаған сәттен жарамсыз екендігін және қолдануға жатпайтындығын ескерулері керек (Заңның 2-бабының 2-тармағы және АК 3-бабының 5-тармағы). Мәслихаттар мен әкімдер шешімдері заң актілеріне қайшы келген жағдайда сот дауды заң актілері негізінде шешуі тиіс. 
      4. Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес, тұтынушының қалауы бойынша талап арыздар арызданушының немесе жауапкердің тұрған жерінде не шарт жасалған немесе орындалған жерде қаралады. Осылармен байланысты, соттар Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 154-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып істің сол сотқа қарасты еместігі бойынша талап арызды қайтаруға құқы жоқ, өйткені АІЖК-нің 32-бабының 9-бөлігіне сәйкес арызданушы істі қарауға тиіс бірнеше соттардан біреуін таңдай алады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 нормативтік   қаулысымен .  
      5. Заңның 13-бабының 1-бөлігінде және 20 мен 23-баптарында тұтынушылар мен олардың қоғамдық ұйымдарының талаптарын шешудің алдын ала соттан тыс тәртібі белгіленген. Егер сотқа арызданған тұтынушы істі реттеудің тәртібін сақтамаса және мұндай мүмкіндік жоғалмаса, судья АІЖК-нің 154-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес арызды қайтарады. Сонымен бірге ұсынылмаған талаптар тұтынушылар мен олардың қоғамдық ұйымдары талаптарын шешудің соттық тәртібіне құқын жоймайды және сот қорғауынан бас тартуға негіз болмайды (Конституцияның 13-бабы). 
      АІЖК-нің 104-бабының бірінші бөлігіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 501-бабының 11) және 15) тармақшаларына сәйкес және Заңның 23-бабының 6-бөлігіне сәйкес тұтынушылардың мүддесін қорғап талаптар қойған мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардың жанындағы тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі органдардан, тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарынан мемлекеттік баж өндірілмейді.
      Бұл жағдайда мемлекетке және тараптарға сот шығындарының орнын толтыру, тараптар арасында оларды бөлу АІЖК 110, 115, 116-баптарының ережелері бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 нормативтік   қаулысымен
      6. "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" Заңның 22-бабына және 1996-жылғы 31-мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңның 2, 10-баптарына сәйкес тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қоғамдық коммерциялық емес ұйым болғанда, қоғамның кем дегенде 10 мүшесінің бастамашылығымен шақырылатын және заңды тұлға болып табылатын құрылтай жиналысында қабылданатын жарғыға сәйкес жұмыс істейді. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері немесе олардың одақтары (қауымдастықтары) бастаған істер бойынша соттар олардың мәртебесін, қызмет затын және мақсатын, сондай-ақ құқыққа қабілеттілігін анықтауы тиіс. Бұл орайда қоғамдық бірлестіктер туралы Заңның 10-бабына сәйкес, олардың құқыққа қабілеттілігі мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен, немесе қайта тіркелгеннен, не жүйелік бөлімшелердің (филиалдардың және өкілдіктердің) есептік тіркеуден өткен кезінен басталады. 
      7. Тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары берілген талап арыздарды қанағаттандырған жағдайда Заңның 23-бабына сәйкес сот берілген наразылық және талаппен байланысты, сондай-ақ істі қараумен және шешімді орындаумен байланысты тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары шеккен зиянның орнын толтыру туралы шешім шығарады. Тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары заңды тұлға болып табылатын сатушының, дайындаушының (олардың өкілдерінің), орындаушының, сондай-ақ басқару органының тұтынушылардың белгісіз бір көлеміне қатысты (ұжымдық талап арыз) іс-әрекетін құқыққа жатпайды деп тану және бұл әрекеттерді тоқтату туралы өздігінен немесе прокурор арқылы сотта талап қоюға ерікті. Осындай талаптар жөніндегі істер, АІЖК-нің 30-бабына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатады.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 нормативтік   қаулысымен .
      8. Заңның 18-бабын қолданған кезде соттар құқық бұзған адамның кінәсіне қатыссыз жеке мүліктік емес құқықты қорғау туралы АК 141-бабының 3-тармағын басшылыққа алулары тиіс. 
      Заңның 23-бабының 4-бөлігінде тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына тұтынушылардың белгісіз бір көлеміне қатысты мүлікті және моральдық зиянның орнын толтыру туралы талап арыз қоюына құқық берілмеген. Сондықтан нақты тұтынушылары көрсетілмеген мүліктік және моральдық зиянның орнын толтыру туралы тұтынушылар қоғамының талап арызы АІЖК 150 бабы бұзылып берілген деп табылып, 155-бабына сәйкес қозғаусыз қалдырылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 нормативтік   қаулысымен
      9. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) қауіпсіздігі үшін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды АІЖК-нің 57-бабына сәйкес сот істі талдауға қатыстыруы немесе өз бастамашылығымен, не іске қатысушы адамдардың бастамашылығымен олардың құзырына кіретін мәселелер бойынша тұжырым беру үшін процеске тартуы мүмкін.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 нормативтік   қаулысымен .
      10. Бөлшек сатып алу-сату шартын жасау сәтін анықтау кезінде соттар Заңның 8-бабының 2-тармағын басшылыққа алуы тиіс. Оған сәйкес, егерде, мәміле затына, оның бағасына және басқа шарттарға тараптардың бірі келісуге көндірген жағдайлары туралы келісімге қол жетсе, тараптар арасында бөлшек сатып алу-сату шарты жасалған деп есептеледі. 
      Заңның сол бабының 4-тармағына сәйкес жасау кезінде орындалатын, бөлшек сатып алу-сату шарттары, тарау құнына қарамастан ауызша түрде жасалады. Осындай шарттың жасалғандығы мен оның жағдайлары куәлердің айғақтарымен де қуатталуы мүмкін. 
      Жасалмаған кезде орындалатын сол шарттар (алдын ала тапсырыс бойынша, посылкалық сауда кезінде, автомобилді сату кезінде және басқа жағдайларда) осындай шарттар үшін заңда белгіленген немесе тараптар келіскен нысанда жасалады. 
      Егер шарт жасауға жазбаша түрде ұсыныс алған адам оны жасау кезінде қабылдаса, онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөніндегі әрекет (тауарлар жөнелту, қызмет көрсету, жұмысты орындау, тиісті соманы төлеу және т.б.), шарттың жазбаша нысаны сақталды деп есептеледі (АК 394, 396-баптар). 
      Сот дауды шешкен кезде келісімдермен көзделген шартты, тұтынушылар құқына қысым жасалатын және сондықтан да Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес күші жоқ деп танылатындарынан басқасын ескеруі тиіс. 
      11. Заңның 8-бабының 7-тармағына сәйкес, имандылық пен әдептілік нормаларын сақтамаған тұтынушы немесе сауда кәсіпорыны қызметкерінің намысына немесе ары мен ожданына тиіскеніне кінәлі адам көпшілік алдында кешірім сұрауға міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда жәбірленуші АК 141-143 баптарының ережесі бойынша өз құқын қорғау үшін сотқа шағымдана алады. 
      12. Тұтынушы орналасқан жерде сауда ұйымдарының өкілі болмаған жағдайда, ол Заңның 14-бабының 8-тармағы негізінде тауар сатып алынған сауда ұйымының мекен-жайына немесе оның өкілінің атына тұтынушының пайдалану ережесін бұзуына не оны сақтауына байланысты емес ақаулардың бар екендігі туралы маманның қатысуымен жасалған актісімен бірге тауарды жіберуге құқылы. Бұл жағдайда сатушы ақаудың анықталуымен және оған тауардың жіберілуімен байланысты тұтынушының барлық шығындарын өтеуге міндетті. 
      13. Сапасыз өнімнен келген зиян үшін мүліктік жауапкершілік мәселелерін шешкенде Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес өнімдердің конструктивтік, өндірістік, рецептурлық жетіспеушілігінен азаматтың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиян АК 47-тараудың ережелері бойынша толық көлемде өтелуге тиіс.
      Сот тауар келтірген зиянның орнын толтыру туралы шешім шығарған кезде, тауарды айналымынан алып тастау, ал қажетті жағдайларда тұтынушылардан ақаулы тауардың бүкіл партиясын қайтарып алу мәселесі де қаралады (15-баптың 4 тармағы). 
       Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 нормативтік   қаулысымен .
      14. АК 9-бабының 4 тармағына сәйкес шығын дегеніміз - құқысы бұзылған тұлғаның жасаған немесе жасалуға тиіс шығысы, оның мүлкінің жоғалуы не бүлінуі (анық зиян), сондай-ақ егер тұлға құқы бұзылған ретте айналымның әдеттегі жағдайында алатын табысынан ала алмағаны (жіберіп алған пайда). Зиян көлемі АК 350-бабының 3 және 4-бөлігі ережелерімен анықталады. 
      Тұтынушыларға тауардың (жұмыстың, қызметтің) жетіспеушілігі салдарынан кемілген зиян тұтынушылар құқын қорғау туралы Заңда белгілеген айып төлеуден тыс өндіріледі (Заңның 14-бабының 10-тармағы).
      Басқа жағдайларда, айып төлеудің есептік сипатын белгілеген, АК 351-бабының талаптары басшылыққа алынуы тиіс.
      Тұтынушылар құқын қорғау туралы Заңда көзделген тұрақсыздықты өндіріп алу кезінде, ҚР АК 178-бабы мен Қазақ КСР-нің АК 76-бабында белгіленген олардың әрекеті кезінде туындаған қатынастарға қолданылатын мезгілдерді сақтаудың ескерілуі қажет.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 нормативтік   қаулысымен .