"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2.<*>
3.<*>
4.<*>
ЕСКЕРТУ. 2-4-тармақтарының күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.12.18.
N 1547 қаулысымен .
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң қарауында берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2 қосымша) ұйымдар қалатыны ескерiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп, екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылданған Үкiмет шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiндегi шешiмнiң жобасын енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары өздерiнiң ведомстволық актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiретiн болсын.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (3 қосымша) жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1807 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Экономика
министрлiгi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi (Экономминi)
бiрыңғай мемлекеттiк экономикалық саясатты жүзеге асыратын атқарушы
өкiмет жүйесiндегi үйлестiрушi салааралық орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң басты мiндетi Қазақстан Республикасының болашаққа арналған экономикалық және әлеуметтiк дамуының бағдарламаларын, жоспарлары мен болжамдарын жасау болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
II. Қазақстан Республикасы Экономика
министрлiгiнiң мiндетi
4. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi:
республикадағы экономикалық жағдайға, отандық еңбек нарықтарының, капитал мен тауарлардың жай-күйiне талдау жасайды, реформаның барысына баға бередi;
тиiстi кезең iшiндегi экономиканың жағдайы туралы баяндамалар дайындайды, экономика құрылымындағы сәйкессiздiктi анықтайды, оларды жою жолдарын белгiлейдi;
экономиканы дамытудағы кешендi бағдарламаларды әзiрлеуде және индикативтi жоспарларды дамытуда ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасайды және министрлiктер мен ведомстволармен бiрлесiп, оларды iске асырады;
мемлекеттiк бюджеттi қалыптастыру кезiнде қолданылатын республиканың макроэкономикалық болжамының дамуын әзiрлеудi ұйымдастырады және үйлестiредi, республикалық бюджеттi қалыптастыруға қатысады;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрге мемлекеттiң жиынтықты қаржылық балансын, үкiметтiң салық-бюджет саясатының экономикалық негiзiн әзiрлейдi, салық салу жүйесiн жетiлдiру, бюджеттiк қаржылардың шығындалуы бағыттары, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң өзара әрекеттерiнiң тетiктерi жөнiндегiлердi қоса алғанда ұсыныстар әзiрлейдi;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Ұлттық Банкiмен және басқа да министрлiктер мен ведомстволармен бiрге қаржы, ақша-несие, валюта-несие және iшкi сауда саясатының бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды;
реттеу тетiктерiн әзiрлеуге және қаржы нарығының дамыған инфрақұрылымын жасауға қатысады;
мемлекеттiк баға саясатын әзiрлеуге және жүргiзуге қатысады;
республиканың төлем балансын әзiрлеудi және болжамдауды үйлестiредi, оның құрылымын жақсарту жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдарының қызметiне, Қазақстанның халықаралық одақтар мен бiрлестiктердiң қызметiне қатысуы жөнiндегi мәселелердi қоса алғанда, шетелдермен өзара тиiмдi экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұстанар бағытын қалыптастырады және iске асырады;
мемлекеттiң экономикалық саясаттағы құрылымдық басымдықтарын, қаржыландыру көздерiн және құрылымдық реформалардың тетiктерiн анықтайды;
мемлекеттiң инвестициялық және инновациялық саясатты және инвестициялық белсендiлiктi ынталандыру жөнiндегi шаралар әзiрлеудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
жалпы ұлттық және әлеуметтiк мәнi бар неғұрлым маңызды инвестициялық жобаларға баға бередi және iрiктейдi, оларды қаржыландыру нобайы бойынша ұсыныстар дайындайды;
шетелдiк инвестицияларды, сыртқы техникалық және қаржылай көмегiн тарту мен пайдалану саясатын әзiрлейдi және басым бағыттарын анықтайды, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Ұлттық Банкiсiмен бiрге сыртқы қарыздар
көлемiнiң лимитiне талдау жасайды және анықтайды;
халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдармен жасалған келiсiмдердi, меморандумдарды және басқа бағдарламалық құжаттарды iске асыруды дайындау және бақылау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдардың сыртқы техникалық және қаржылық көмегiне сұранымына талдау жүргiзiледi және оларды пайдалану бағыттарын анықтайды;
мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы мен экономиканың жұмылдырушы жоспарының орындалу көлемiн қалыптастырады, құрылымын анықтайды және бақылауды қамтамасыз етедi;
мемлекеттiк конверсиялық саясатты әзiрлеудi және жүзеге асыруды
үйлестiредi;
шет елдермен және әскери блоктармен әскери-экономикалық ынтымақтастық шараларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
қорғаныс тапсырысы мен мемлекеттiк жұмылдырушы резервтердi қоса алғанда, мемлекеттiк мұқтаждарда қалыптастыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiне тұрақты түрде талдау жасайды, оларды қайта құру бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
институционалдық реформалар саласында мемлекеттiк саясатты белгiлеуге, мемлекет иелiгiнен алу, жекешелендiру және монополиялық қызметтi шектеу бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады;
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, кәсiпорындарды қаржылық сауықтыру, санациялау және банкрот деп жариялау жөнiндегi саясатты әзiрлеуге қатысады;
аймақтардағы экономикалық жағдайларға талдау жасайды, аймақтық экономикалық саясатты әзiрлеудi және жүзеге асыруды ұйымдастырады. өндiргiш күштердi орналастыру стратегиясын қалыптастырады, аймақтар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық өзара iс-қимылын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
арнайы экономикалық аймақтарды құру мен олардың жұмыс iстеуiнiң жобаларын әзiрлеуге және сараптауға қатысады;
мемлекеттiк әлеуметтiк саясатты қалыптастыру, еңбек ресурстарын тиiмдi дамыту және пайдалану, қосымша жұмыс орындарын жасау, әлеуметтiк бәсекелестiк, еңбек ақы төлеудi реттеу, еңбектiң қажеттiлiгiн күшейту жұмыстарын үйлестiредi;
кәсiпкерлiктi қолдаудың кiшi және орта бизнестi дамытудың мемлекеттiк саясаты бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
кәсiпкерлiктi қолдаудың ұлттық бағдарламаларын әзiрлеудi және олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және үйлестiредi;
тауарлы нарықтағы сұранымдар мен ұсыныстарды зерттеу, табиғи ресурстарды және ресурстарды сақтау жөнiндегi экономикалық тетiктердi жасау жұмыстарын үйлестiредi;
атқарушы өкiмет органдарының құрымылын және өзара iс-қимылдарын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды, қаржы-экономикалық мiндеттердi, атқарушы өкiмет органдарының өкiлдiгiн айқындайтын мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрге құжаттарды әзiрлейдi;
III. Қазақстан Республикасы Экономика
министрлiгiнiң құқықтары
5. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн министрлiкке мынадай құқықтар берiледi:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыры аясында атқарушы өкiмет органдарының, кәсiпорындарының, мекемелер мен ұйымдардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлердi шығарады, қажет болған жағдайда шешiмдер Экономминiмен бiрлесiп немесе басқа атқарушы өкiмет органдарының келiсiмi бойынша қабылданады;
атқарушы өкiмет органдарынан, кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден белгiленген тәртiп бойынша министрлiктiң құзырына жататын мәселелердi шешу үшiн қажеттi материалдарды талап етедi және алады;
әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады және министрлiктiң құзырына жататын мәселелер бойынша атқарушы өкiмет органдарының жұмысын үйлестiредi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша өзiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша халықаралық деңгейде Қазақстанның мүддесiн бiлдiредi, шетелдiк мемлекеттермен халықаралық экономикалық одақтармен және бiрлестiктермен сауда-экономикалық келiсiмдердi дайындауға және жасауға, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдардың, шетелдiк мемлекеттермен экономикалық ынтымақ жөнiндегi үкiметаралық комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң қызметiне қатысады;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналып, министрлiкке бөлiнген қаржылар шеңберiнде маңызды ғылыми-қаржы экономикалық жұмыстардың тiзбесiн анықтайды, министрлiктiң құзырына жататын мәселелердi әзiрлеу үшiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы жүйесiнiң ғылыми мекемелерiн, басқа да ғылыми зерттеу мекемелерiн, кәсiпорындарды, сондай-ақ жекелеген ғалымдар мен мамандарды осы мақсаттарға бағытталған қаржы ресурстарын бөлуге қатысуға тартады.
Өзiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен басқа да атқарушы өкiмет органдарының, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен мамандарын тарта отырып, кеңестер шақырады.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi облыстық, қалалық және аудандық экономика басқармаларының қызметiне тiкелей басшылықты жүзеге асырады. Облыстық және Алматы қаласының экономика басқармаларының бастықтарын тиiстi әкiмдердiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрi тағайындайды.
7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi министрлiктiң бөлiмшелерi мен оған бағынышты ұйымдардың орындауына мiндеттi болатын бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады.
IV. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң
қызметiн ұйымдастырудың негiзгi мәселелерi
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және босататын Министр басқарады.
Қазақстан Республикасының Экономика министрiнiң оның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын орынбасарлары болады. Министрдiң орынбасарлары арасында мiндеттердi бөлудi Министр жүргiзедi.
9. Қазақстан Республикасының Экономика министрi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң орындалуына жеке өзi жауап бередi, Министрдiң орынбасарларының және министрлiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмдерi басшыларының министрлiк қызметiнiң жекелеген бағыттарына басшылық жасау жауапкершiлiгiнiң деңгейiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының Экономика министрi:
өзiнiң құзыры аясында министрлiктiң барлық бөлiмдерiнiң орындауына мiндеттi болатын бұйрықтар, нұсқамалар шығарады және нұсқаулар бередi;
орталық аппараттың штаттық кестесiн, министрлiктiң бөлiмдерi туралы ережелердi, сондай-ақ министрлiктiң орталық аппаратын ұстау үшiн тиiстi кезеңге сәйкес бекiтiлген қаржы шеңберiнде шығындар сметасын бекiтедi;
министрлiктiң орталық аппаратының және бөлiмдерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да құқықтарға ие болады.
10. Экономминiнiң орталық аппаратының құрылымы мен қызметкерлерiнiң санын және еңбекақы қорын қоса алғанда, оны ұстауға арналған қаржы көлемiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
11. Мемлекеттiк, аймақтық және салалық экономикалық мәселелердi талқылау және шешу үшiн Қазақстан Республикасының
Экономминiнде төралқа құрылады, оның құрамына Министр (төралқа төрағасы) және лауазымы бойынша оның орынбасарлары, министрлiктiң басшы қызметкерлерi кiредi.
Төралқа құрамына басқа министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерi, ғалымдар және мамандар енуi мүмкiн.
Министрлiктiң төралқа мүшелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Төралқаның шешiмi Министрдiң бұйрығымен немесе төралқасының ресми хаттамасымен жүзеге асырылады.
Төралқа мәжiлiсiне қажеттi жағдайларда талқыланатын мәселелерге тiкелей қатысы бар мемлекеттiк басқару органдарының, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшылары, ғалымдар мен мамандар қатысады.
12. Экономикалық проблемаларды шешу үшiн Экономика министрi келiсiм бойынша министрлiктердiң, ведомстволардың, басқа да мемлекеттiк басқару органдарының, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң өкiлдерiн тарта отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн кеңестер, комиссиялар және уақытша жұмыс топтарын құра алады.
13. Министрлiктiң банкте есеп айырысу және бюджеттiк есеп шоты, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiндегi өзiнiң атауы жазылған мөрi болады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1807 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi
орталық аппаратының құрылымы
Басшылық
Талдау және макроэкономикалық болжамдар жөнiндегi бас басқарма
Сыртқы экономикалық саясат және төлем балансы жөнiндегi бас
басқарма
Құрылым және инвестиция саясаты жөнiндегi бас басқарма
Микроэкономикалық саясаты жөнiндегi бас басқарма
Аймақтық саясат және реформаларды қамтамасыз етудiң
ұйымдық-орындаушы бас басқармасы
Қаржыны бағдарлау басқармасы
Шағын және орта бизнестi дамыту, инфрақұрылым нарығы басқармасы
Қорғаныс кешенi экономикасының басқармасы
Тауар нарықтарын дамыту басқармасы
Әлеуметтiк саясат және кадр әлеуетi басқармасы
Ақпарат жүйелерiн және технологиялық даму экономикасын дамыту
басқармасы
Экономикалық қауiпсiздiк және жұмылдыру бағдарламалары басқармасы
Заң бөлiмi
Iс басқармасы
Бiрiншi бөлiм
Кадр жұмысы бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1807 қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң
қарауында қалатын ұйымдардың
ТIЗБЕСI
Экономикалық зерттеулер институты
"Алмабек" балалар сауықтыру орталығы
"Айнабұлақ" демалыс үйi
Жөндеу-құрылыс басқармасы
N 252, 291, 351 балалар бақшасы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1807 қаулысына
3 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
"Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 наурыздағы N 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 14, 169-бап).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы басшы қызметкерлер мен мамандардың мамандығын арттырудың республикалық салааралық институтының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1236 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 48, 586-бап).
"Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1396 қаулысы.
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-бап).