Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 желтоқсан N 1547. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі  N 806 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32, 299-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      Аталған қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереженiң 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "5. Мемлекеттiк сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi"; 
      Аталған қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi Комиссия туралы Ереженiң 5-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "5. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжiлiсiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды". 

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi