1. Өзара борыштардың республика iшiндегi есептемесi бойынша кредиттiк түсiлiмдердiң орнына берiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң вексельдiк мiндеттемелерiн ресiмдеудiң және кейiннен оларды өтеудiң тәртiбi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылға арналған республикалық бюджет құрамынан вексельдiк мiндеттемелердi сатып алу үшiн қажеттi қаражат қарастырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 8 желтоқсандағы N 1689 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң өзара
борыштардың республика iшiндегi есептемесi бойынша
кредиттiк түсiлiмдердiң орнына берiлген вексельдiк
мiндеттемелерiн ресiмдеу және кейiннен оларды өтеу
тәртiбi туралы
Ереже
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң вексельдiк мiндеттемелерi құжатталмаған бағалы қағаздар болып табылады және қағазсыз нысанда шығарылып, вексельдiк мiндеттеменi ресiмдеуге арналған келiсiмнен /үш дана болып/ ресiмделедi /қоса берiлiп отыр/.
Аудандық /қалалық/ салық инспекциялары 1994 жылғы өзара борыштардың республика iшiндегi есептемесi бойынша қолдағы кредиттiк түсiлiмдердi тексерiп, растайды.
Аудандық /қалалық/ қаржы бөлiмдерi 7 күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң айналыстағы мерзiмдi вексельдерiн сатып алуға және сақтауға арналған келiсiмдермен ресiмделмеген кредиттiк түсiлiмдерi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен вексельдiк мiндеттеменi ресiмдеуге арналған келiсiм жасауға мiндеттi. Көрсетiлген мерзiмде ресiмделмеген жағдайда кредиттiк түсiлiмдер республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылатын болып белгiленсiн.
Келiсiм үш данада ресiмделедi, оның бiреуi шаруашылық жүргiзушi субъектiге берiледi.
Вексельдiк мiндеттеменi ресiмдеуге арналған келiсiм кредиттiк түсiлiм сомасына /мың теңгемен/ ресiмделедi.
Вексельдiк мiндеттеменi өтеу ресiмделген келiсiм сомасына
қарай және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген мерзiмдерде жүргiзiледi. Аудандық /қалалық/ қаржы бөлiмдерi жасалған келiсiм негiзiнде қызмет көрсетушi банктер бойынша вексельдiк мiндеттемелердi өтелуге тиiстi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзiмдерiн жасайды және оларды келiсiмнiң бiр данасын қоса отырып облыстық қаржы басқармаларына түсiредi. Облыстық қаржы басқармалары вексельдiк мiндеттемелердi өтеу жөнiндегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жиынтықты тiзбесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне түсiредi. Қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң вексельдiк мiндеттемелерiн ресiмдеуге арналған келiсiм Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, бұдан әрi "эмитент" деп аталатын ____________________________________ /аудандық, қалалық қаржы бөлiмдерi/ /басшылары/ атынан бiр жағынан және _______________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________/шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң толық атауы және заңды мекен-жайы/ бұдан әрi "инвестор" деп аталатын шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң басшысы атынан екiншi жағынан, осы келiсiмдi төмендегiлер жайында жасады:
1. Инвестор өзара қарыздың республикалық iшкi есептеме қорытындылары бойынша оқшауланған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мерзiмдi айналыстағы вексельдерiн сатып алуға және сақтауға келiсiммен ресiмделмеген кредит сальдосы сомасына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қағазсыз нысанда шығарылатын вексельдiк мiндеттемелерiн жалпы сомасы
_______ ___________________________________________________ цифрмен /жазумен/ мың теңгеге алады. 2. Эмитент ресiмделген келiсiм сомасы бойынша мың теңге вексельдiк мiндеттемелерiн өтеудi жүзеге асырады. 3. Өтеу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген мерзiмде жүзеге асырылады. 4. Осы келiсiм екi жақ келiсiмге қол қойған сәттен күшiне енедi. Эмитент Инвестор