Кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебi бойынша есеп айырысуды аяқтаудың тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 5 сәуiрдегі N 1641 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң темiржол көлiгiмен тасымалға бiртұтас тариф саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң 1994 жылғы 24 наурыздан бастап мемлекетаралық қатынаста темiржол көлiгiмен жүк тасымалында қолданылып жүрген тарифтерге өсiп отыратын шектi 1,2 коэффициентiн (қосылған құн салығын есепке алусыз) белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi