1. Блоктарының мөлшерi координаттың географиялық торшасымен он минут болатын Блоктары мен көмiрсутектерi кен орындарын геологиялық зерделеу мен игеруге әзiрленген карта /бұдан былай - Блоктар картасы/ бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi аталған Блоктар картасына сәйкес көмiрсутегi шикiзаты жөнiнде геологиялық зерделеуге және жер қойнауын игеруге тапсырыстар қабылдасын.
3. Блоктар картасы барлық жер қойнауын пайдаланушылар мен жер қойнауын пайдалануға әуелеттi үмiткерлерге таныстыру үшiн қолайлы болып табылатындығы белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi