Денсаулық сақтау емдеу-профилактикалық мекемелерiнде ақылы медициналық және профилактикалық қызмет көрсетудiң шарты мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 6 қараша N 1460. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы Заң күшi бар N 2333 U952333_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Денсаулық сақтаудың емдеу-профилактикалық мекемелерiнде ақылы медициналық және профилактикалық қызмет көрсетудiң шарты мен тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:

 

     ақылы медициналық қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк денсаулық

сақтау мекемелерiнiң жанынан денсаулық сақтаудың ақылы

емдеу-профилактикалық мекемелерi мен ақылы бөлiмшелерiн

(кабинеттер) ұйымдастырсын;

     осы қаулыға қайшы келетiн барлық ведомстволық актiлердiң

қайта қаралуын қамтамасыз етсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрi


                                   Қазақстан Республикасы

                                         Үкiметiнiң

                                   1995 жылғы 6 қарашадағы

                                     N 1460 қаулысымен

                                             Бекiтiлген


              Денсаулық сақтау емдеу-профилактикалық

       мекемелерiнде ақылы медициналық және профилактикалық

             қызмет көрсетудiң шарты мен тәртiбi туралы

                               Ереже


                 I. Жалпы ереже



 
       "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" (11-баптың 2-бөлiгi) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақылы медициналық және профилактикалық қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарты осы Ережеде белгiленген негiз бен тәртiпте жүргiзiледi.
      Ақылы медициналық көмектi ұйымдастырудағы негiзгi мақсат - халықтың медициналық, сауықтыру, эпидемияға қарсы санитарлық көмектiң және сервистiк қызметтiң алуан түрлерiне сұранымын неғұрлым толығырақ қанағаттандыру, аумақтық тиiстiлiгiне және жұмыс орнына қарамастан, пациенттердiң қызмет бағдарына қарай, сондай-ақ кәсiпорындармен және ұйымдармен медициналық көмек көрсетуге арналған шарт негiзiнде денсаулық сақтаудың мамандарын немесе мекемелерiн еркiн таңдау принципiн сақтау болып табылады. Мекеме және бөлiмше (кабинеттер), сондай-ақ жеке медициналық практикамен шұғылданатын адамдар көрсетiлетiн ақылы медициналық қызметтi, ауруларға диагноз қоюды, зерттеудi, емдеудi және олардың денсаулығын қалпына келтiрудi емдеуге қолайлы жағдай жасап отырып бiлiктi дәрiгерлермен, осы заманғы диагностика және емдеу аппаратураларымен жүргiзуге тиiс.
      Халыққа көрсетiлетiн ақылы медициналық және профилактикалық көмектi, олар туралы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiтетiн үлгi ережеге орай, мемлекеттiк денсаулық сақтау органдарының жанындағы ақылы емдеу-профилактикалық мекемелер (әрi қарай - ақылы емдеу-профилактикалық мекеме), мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнiң жанындағы бөлiмшелер (кабинеттер), сондай-ақ жеке емдеу мекемелерi мен жеке медициналық практикамен шұғылданушы адамдар жүргiзуi мүмкiн.
      Ақылы медициналық қызметке баға - баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi органдармен келiсе отырып белгiленедi.
      Мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнiң жанындағы денсаулық сақтаудың ақылы емдеу - профилактикалық мекемелерi мен бөлiмшелерiн (кабинеттер) ұйымдастыруды денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады.

 

     Жеке емдеу мекемелерi мен жеке медициналық практиканы

ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген

заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

     Мыналарды ақылы негiзде емдеуге тыйым салынады:

     онкологиялық аурулар;

     инфекциялық, паразитарлық, жұқпалы терi, венерология

ауруларымен және СПИД-пен ауыратындар;

     әлеуметтiк тұрғыдан қауiптi психикалық аурулар;

     туберкулезбен ауыратындар.


           II. Ақылы емдеу-профилактикалық мекеме



 
       1. Ақылы емдеу-профилактикалық мекеме дербес денсаулық сақтау мекемесi (заңды тұлға) болып табылады, құқықтарды пайдаланады және өз қызметiне байланысты мiндеттердi орындайды, банкте дербес балансы мен есеп айырысу шоты, мөрi бар және қолданылып жүрген заңға сәйкес жұмыс iстейдi.
      2. Денсаулық сақтаудың Ақылы емдеу-профилактикалық мекемелерiне арналған керектi үй-жайлар мен құрылыстар беру мәселесiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдары қарайды.
      3. Денсаулық сақтаудың ақылы емдеу-профилактикалық мекемесiне қаралуға келген адамдар дәрiгердi (консультантты) өздерi таңдап алуға құқылы, бұл орайда жеке басын куәландыратын құжат көрсету талап етiлмейдi.
      4. Денсаулық сақтаудың ақылы емдеу-профилактикалық мекемесi:
      өзiнiң материалдық-техникалық базасын дамытуды, аурудың алдын алудың, диагностика қоюдың, емдеудiң, осы заманғы әдiстерiн қолдануды, пайданы көбейтудi, әлеуметтiк дамуды қамтамасыз етедi;
      өзiнiң қызметiн дербес жоспарлайды әрi қызмет көрсетуге деген сұранымға және мекеменiң өндiрiстiк және әлеуметтiк дамуын қамтамасыз ету қажеттiгiне қарай дамудың перспективасын айқындайды;
      уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама бередi.
      5. "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес денсаулық сақтаудың ақылы емдеу-профилактикалық мекеме басшылары азаматтардың ауруы туралы мәлiметтердi халықтың қалған бөлiгiнiң денсаулығын қорғау мүддесi талап етiлген жағдайда денсаулық сақтау органдарына, ал сот және тергеу органдарына - олардың жазбаша сұрау салдары бойынша хабарлап отыруға мiндеттi.
      6. Денсаулық сақтаудың ақылы емдеу-профилактикалық мекемесiн тарату мен қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      7. Денсаулық сақтаудың ақылы емдеу-профилактикалық мекемесiн қайта ұйымдастырған кезде оның құқығы мен мiндеттерi құқықтық мұрагерге көшедi.
      8. Ақылы емдеу-профилактикалық мекеменi жекешелендiру денсаулық сақтаудың жоғары органының ұсынысы бойынша жекешелендiру туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
 
           III. Мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнiң
                жанындағы ақылы медициналық қызмет көрсету
                           бөлiмшесi (кабинет)
 
      9. Халыққа ақылы медициналық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсету бөлiмшесi (кабинет) бюджеттегi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде ұйымдастырылады.
      Мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнiң жанындағы ақылы медициналық қызмет көрсететiн бөлiмше (кабинет) жұмысының көлемi мен түрлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген қызмет көрсетудiң кепiлдi көлемiнен тыс жүргiзiледi.
      10. Бөлiмшенiң (кабинеттiң) мақсаты емдеу-сауықтыру көмегiнiң көлемi мен сапасын арттыру және халыққа қызмет көрсетудiң құрылымын дамыту, мекеменi өндiрiстiк және әлеуметтiк дамытуға, әрi ондағы қызметкерлердi материалдық ынталандыруға қосымша қаражат көздерiн тарту болып табылады.
      11. Бөлiмше (кабинет) мен оның жанынан ұйымдастырылған бюджеттегi денсаулық сақтау мекемесiнiң өзара қарым-қатынасы үй-жайды жалдаудың шарты, жабдықтардың тiзбесi, ақылы медициналық қызметтi жақсарту мен көлемiн ұлғайтудағы тараптардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгi кiретiн тараптардың шартымен айқындалады.
      12. Бөлiмшенiң (кабинеттiң) ақылы қызметi мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердiң қызметiн алмастырып, жүзеге асырылмауға тиiс.
      13. Бөлiмшеден (кабинеттен) көмек алған пациенттiң талабы бойынша соның құрамында ұйымдастырылған мекеме көрсетiлген медициналық қызметтiң құны туралы құжат беруге мiндеттi.
      14. Емдеу курсы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда ауру адамға төленген сома мен көрсетiлген көмектiң нақты құны арасындағы айырма төленедi.
      15. Еңбекке қабiлеттiлiгi тұрақты жойылғандығын (мүгедектiгiн) анықтау үшiн медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясына жiберiлген ауруға консультация беру мен куәландыруды төлеу арқылы бөлiмшенiң (кабинеттiң) табысы есебiнен жүзеге асырылады.
      16. Ақылы бөлiмшелердiң (кабинеттердiң) табысы:
      ақылы медициналық қызмет көрсетулерден түскен түсiм;
      кәсiпорындардан, ұйымдардан шарт бойынша түскен қаражат;
      қайырымдылық қорлары мен жеке адамдардың жәрдемiнен, жабдықтарды жалға беруден түскен қаражаттар болып табылады.
      17. Ақылы медициналық қызмет көрсетуден түскен табысқа салық салу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      18. Ақылы қызмет көрсетуден және салық төленгеннен кейiн түскен басқа да табыс - ақылы бөлiмшелердiң (кабинеттердiң) бiрыңғай қаржы қорын құрайды, ол өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қорын және тұтыну қорын құруға қызмет етедi. Тұтыну қорын құруға бiрыңғай қаржы қорының кемiнде 50 процентi бөлiнедi.
 
         IV. Жеке емдеу мекемелерi және жеке медициналық
                  практикамен шұғылданатын адамдар
 
      19. Жеке медициналық практика халыққа профилактикалық, диагностикалық және емдеу көмегiн көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнiң бiрi болып табылады.
      20. Жеке емдеу мекемелерi (әрi қарай - ұйымдары) өздерiнiң жарғыларына сәйкес, ал жеке медициналық практикамен шұғылданатындар (әрi қарай - мамандар), лицензияға (патентке) сәйкес жұмыс iстейдi.
      21. Жеке медициналық практикадағы медициналық ұйымдардың (мамандардың) негiзгi мiндеттерi өздерiндегi лицензияға сәйкес аурудың алдын алу, диагностика қою, емдеу және сырқатты оңалту болып табылады.
      22. Меншiктiң мемлекеттiк емес нысандарындағы заңды және жеке тұлғалар (шетелдiктердi қоса алғанда) жеке медициналық практикадағы ұйымдардың құрылтайшылары болуы мүмкiн. Заңды (жеке) тұлғалардың құқық қабiлетi мен құрылтайшылардың құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және қолданылып жүрген заңдармен айқындалады.
      23. Жарғы мен құрылтай шарты жеке медициналық практикадағы ұйымдардың құрылтай құжаттары болып табылады, оған сондай-ақ құрылтайшылардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейтiн және жеке медициналық ұйымдар қызметiнiң Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн шартын айқындайтын ереже енгiзiлуi мүмкiн.
      24. Жеке медициналық практикамен шұғылданатын адамдар:
      ауруларға (зардап шеккендерге) өмiрлiк көрсеткiштерi бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетуге;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен эпидемияға қарсы санитарлық нормаларды және емдеу-профилактика ұйымдарының жұмыс тәртiбiн басшылыққа алуға;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi рұқсат берген профилактика, диагностика қою, емдеу әдiстерiн дәрi-дәрмектердi қолдануға;
      салауатты өмiр салтын насихаттау мен енгiзу, денi сау баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелерi жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;
      кәсiби мiндеттерiн орындау барысында азаматтардың аурулары, отбасы, жыныс қатынасы туралы анықталған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. Мұндай ақпаратты жария етуге Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған жағдайда ғана жол берiледi;
      мерезбен және жұқпалы аулармен, алапеспен, микроспориямен, трихофитиямен, қышымамен, жүйке ауруларымен ауыратындарды, егу кезiнде пайда болған оқыс реакцияларды, шағуды, тырналуды, жануарлардың сiлекейiмен былғануды денсаулық сақтау органдарына (ұйымдарына); жаңадан жарақат алып және жараланып көрiнгендер туралы, жасанды түсiкке, азаматтардың сырт келбетi мен олардың дактилоскопиялық деректерiн өзгертуге апарып соққан жынысын өзгерту, косметикалық және басқа жедел араласулар кезiнде қылмыстық әрекетке барды деп күдiк тудырған адамдар туралы iшкi iстер органдарына хабарлауға;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен алғашқы медициналық есеп құжаттарын жүргiзуге және есептi белгiленген мерзiмде жергiлiктi денсаулық сақтау органдарына ұсынуға;
      бухгалтерлiк және басқа да есептердi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзуге мiндеттi.