Заң күшi бар Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 15 маусым N 2333

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      I. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 10 қаңтардағы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 3, 47-бап):
      1) 11-бапта:
      баптың атауы мен бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда берiлсiн:

      "11-бап. Азаматтардың медициналық жәрдемге құқығы
      Азаматтардың мемлекеттiк денсаулық мекемелерiнде кепiлдi көлемде тегiн медициналық жәрдем алуға құқығы бар";
      бап мынадай мазмұндағы жаңа екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Меншiк нысанына қарамастан емдеу-профилактикалық мекемелерiнде ақылы медициналық қызмет көрсетудiң шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi";
      екiншi және үшiншi бөлiктер тиiсiнше үшiншi және төртiншi бөлiктер болып саналсын;
      2) 34-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда берiлсiн:
      "Медициналық сақтандыру Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау жөнiндегi мүддесiн әлеуметтiк қорғау нысаны болып табылады";
      үшiншi бөлiк "Мiндеттi медициналық сақтандыруға арналған қаржылар" сөздерiнен кейiн "мiндеттi медициналық сақтандыру қорын құрайды және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" сөздерiмен толықтырылсын", белгiленген" сөзi "белгiлеген" сөзiмен алмастырылсын;
      3) 37-баптың екiншi тармағындағы "мүдделi" сөзi "сақтандырылған" сөзiмен алмастырылсын;
      4) 39-бапта:
      бiрiншi бөлiгi "диплом" сөзiнен кейiн "немесе сертификат" сөздерiмен толықтырылсын;
      бап мынадай мазмұндағы жаңа үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Жаппай емдеу сеанстарын өткiзуге, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып ем жүргiзуге тыйым салынады.
      Емшiлiкпен (емдеумен) заңсыз айналысқан адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады";
      үшiншi және төртiншi бөлiктер тиiсiнше бесiншi және алтыншы бөлiктер болып саналсын;
      5) 46-бап мынадай мазмұндағы жаңа екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жеке медициналық практика халыққа профилактикалық, диагностикалық, емдiк көмек көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет түрiнiң бiрi болып табылады және Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдармен реттеледi";
      екiншi және үшiншi бөлiктерi тиiсiнше үшiншi, және төртiншi бөлiктер болып саналсын;
      6) мынадай редакциядағы 47-1 баппен толықтырылсын:

      "47-1-бап. Жеке медициналық практикамен айналысатын
                    адамдардың құқығы"

      Жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың:
      халыққа профилактикалық, диагностикалық және емдiк көмек көрсетуге;
      көрсетiлетiн медициналық қызметке баға белгiлеуге;
      медициналық қызметкерлер жалдауға, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шарттармен олардың еңбегiне ақша төлеудiң нысандары мен мөлшерiн белгiлеуге;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлеген тәртiппен дәрi-дәрмек алу үшiн рецептер жазуға және анықтамалар беруге құқығы бар";
      7) 48-бапта:
      баптың атауы мынадай редакциямен берiлсiн:

      "48-бап. Мемлекеттiк емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң
               мiндеттерi"
      "Емдеу - профилактикалау" және "қолайлы" сөздерi тиiсiнше "Мемлекеттiк емдеу - профилактикалық" және "тегiн, қолайлы" сөздерiмен алмастырылсын;
      8) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
      " 48-1-бап. Жеке медициналық практикамен айналысатын
                  адамдардың мiндеттерi"
      Жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар:
      халыққа көрсетiлетiн профилактикалық, диагностикалық, және емдiк көмектiң барлық түрiне лицензиясы болғанда ғана медициналық қызметтi жүзеге асыруға;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен санитарлық-эпидемияға қарсы нормалар мен емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң жұмысын ұйымдастыру ережелерiн басшылыққа алуға;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi қолдануға рұқсат еткен диагностикалық, профилактикалық және емдеу әдiстерiн, дәрiлiк заттарды қолдануға;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен бастапқы медициналық құжаттарды жүргiзуге және жергiлiктi денсаулық сақтау органдарына жыл сайын есеп беруге;
      кәсiби мiндеттерiн атқару үстiнде өздерiне мәлiм болған азаматтардың сырқаты, оңаша және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтердi жарияламауға мiндеттi. Мұндай ақпаратты жария етуге осы Заңда көзделген жағдайларда ғана жол берiледi;
      денсаулық сақтау органдарына соз ауруларымен, алапес, микроспория, трихофития, қотыр, жүйке ауруларымен науқастану жағдайларын; iшкi iстер органдарына - жаңа ғана алған зақымдары мен жарақаттары жөнiнде келген адамдар туралы мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi";
      9) 52-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "дәрiгер" сөзi "немесе фельдшер" сөздерiмен толықтырылсын;
      10) Заңның қосымшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жаппай ем жүргiзу - емдеудiң дәстүрлi емес әдiстерiмен бiр мезгiлде 12-ден астам адамға ем жүргiзу және сауықтыру".
      2. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., N 14 (қосымша), 1987 ж.,N 2, 19-бап; 1988г., N 35, 324-бап: 1989 ж., N 27, 208-бап, N 50-51, 458; 1990 ж., N 12-13, 114-бап, N 44, 410-бап, N 48, 445-бап, N 49, 461-бап; 1991 ж., N 25, 318-бап; 1992 ж., N 4, 98, 100-баптар, N 15, 380-бап, N 16, 400-бап; 1993 ж., N 9, 222-бап, N 20 , 468, 469-баптар; 1994 ж., N 15, 207-бап):
      1) мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:

      "42-1 бап. Фармацептикалық және медициналық өнiмдердi
                 өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау,
                 жарнамалау, сату және қолдану тәртiбiн бұзу,
                      заңсыз фармацевтикалық қызмет
      Тiркелмеген, қолдануға рұқсат берiлмеген дәрi-дәрмектiк, диагностикалық, профилактикалық және косметикалық заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техниканы емдеу-профилактикалық тағам өнiмдерi мен тағамдық қоспаларды өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, сату және қолдану тәртiбiн бұзу, сондай-ақ фармацевтикалық қызметпен тиiстi рұқсатсыз айналысу, егер бұлар адамның денсаулығы үшiн ауыр зардаптарға әкелiп соқпаса.
      азаматтарға үштен беске дейiнгi және лауазымды адамдарға бестен он беске дейiнгi ең төменгi жалақы мөлшерiнде айыппұл салуға әкелiп соғады";
      2) 213-баптың бiрiншi бөлiгi "баптармен көзделген сөздерiнен кейiн "42-1" сандарымен толықтырылсын.
      3) 248-1-баптың 1 бөлiгiнiң он бiрiншi абзацында "КСР (45-47 баптары)" сөздерi " Қазақстан Республикасы (42-1, 45-47) сөздерiмен алмастырылсын.
      3. Қазақ КСР-iнiң 1959 жылғы 22 шiлдедегi Заңымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақ КСР-i Жоғарғы Кеңесi мен Үкiметiнiң Жаршысы, 1959 ж., N 22-23, 177-бап):
      мынадай мазмұндағы 209-1 және 209-2 баптарымен толықтырылсын:

      "209-1 бап. Заңсыз фармацевтикалық қызмет
       Бiр жылдың iшiнде тап сондай тәртiп бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның тиiстi рұқсатсыз фармацевтикалық қызметпен шұғылдануы.
      мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге еңбекпен түзеу жұмыстарына не болмаса белгiлi бiр лауазымды атқару яки белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып жиырмадан елуге дейiн ең төменгi жалақы мөлшерiнде айыппұл салуға жазаланады.
      Бұрын тап сондай қылмысы үшiн сотталған адам жасаған немесе ауыр зардаптарға соқтырған тап сол әрекеттер.
      мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей белгiлi бiр лауазымды атқару яки белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандылығынан айыруға жазаланады.

      209-2 бап. Дәрi-дәрмектiк, диагностикалық, профилактикалық
                 және косметикалық заттарды, медициналық мақсаттағы
                 бұйымдар мен техниканы, емдеу-профилактикалық
                 тағам өнiмдерi мен тағамдық қоспаларды өндiру,
                 сатып алу және сату тәртiбiн бұзу

      Дәрi-дәрмектiк, диагностикалық, профилактикалық және косметикалық заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техниканы, емдеу-профилактикалық тағам өнiмдерi мен тағамдық қоспаларды өндiру, сатып алу және сату тәртiбiн тап сондай тәртiп бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк ықпал ету шаралары қолданылғаннан кейiн бұзу, -
      заңсыз шығарылған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техника, емдеу-профилактикалық тағам өнiмдерi мен тағамдық қоспалар және оларды өткiзуден заңсыз алынған табыстары тәргiленiп, белгiлi бiр лауазымды атқару яки белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге еңбекпен түзеу жұмыстарына жазаланады.
      Бұрын тап сондай қылмысы үшiн сотталған адам жасаған немесе ауыр зардаптарға соқтырған тап сол әрекеттер, -
      заңсыз шығарылған дәрi-дәрмектiк, профилактикалық және косметикалық заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техника, емдеу-профилактикалық тағам өнiмдерi мен тағамдық қоспалар және оларды заңсыз өткiзуден алынған өнiмдер тәргiленiп, белгiлi бiр лауазымды атқару яки белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып екi жылдан бастап бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады".
      II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi