"Қазақстан Республикасының валюта нарығын ретке келтiру мен дамыту жөнiнде 1995 жылғы арналған шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 2013 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 ақпандағы N 145 P950145_ қаулысымен бекiтiлген әуежайдың, теңiз айлақтарының транзиттiк аймақтарында, темiржол, автомобиль және әуе көлiктерiнде қолдағы шетел валютасына тауарлар сатуға (жұмыс, қызмет көрсетуге) құқық берiлген кәсiпорындар мен ұйымдар тiзбесiне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 6, 68-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақтың бiрiншi абзацы "Азамат" сөзiнен кейiн "Орталық Азия туристiк корпорациясы" сөздерiмен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi