Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы N 1327 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Z952198_  Заң күшi бар Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
1995 жылғы 13 қазандағы 
N 1327 қаулысымен    
бекiтiлген       

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi
жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен
толықтырулар

      I.<*>
      Ескерту. 1-тармақ күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.07.15.
               N 905 қаулысымен. P960905_

      2-8.<*>
      ЕСКЕРТУ. 2-8-тармақтар күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.02.19.
               N 213 қаулысымен. P960213_

      9.<*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851
               қаулысымен. P970851_

      10.<*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.05.08. N 810
               қаулысымен. P970810_

      11. "Атакент" еркiн сауда аймағының мәселелерi" деген Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 тамыздағы N 950 қаулысында /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 366 394-құжат/:
      1-тармақтың екiншi абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын;
      аталған қаулымен бекiтiлген "Атакент" еркiн сауда аймағының Әкiмшiлiк кеңесi туралы ережеде:
      5-тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталсын;
      6-тармақтың сегiзiншi абзацындағы "және тiркеу туралы оған берiлген куәлiктi олар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда жоққа шығаруға" алынып тасталсын;
      аталған қаулымен бекiтiлген "Атакент" еркiн сауда аймағы аумағында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереженiң күшi жойылған деп танылсын.