Республикалық "Жетi жарғы" заң әдебиетi баспасының, апталық заң газетiнiң қызметiн жетiлдiру туралы және республикалық ғылыми-көпшiлiк журналын шығару туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 21 қыркүйек N 1276

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1228 U931228_ Жарлығына сәйкес, "Республикалық заң әдебиетi баспасы мен апталық заң газетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 107 P940107_ қаулысын жетiлдiре түсу үшiн, сондай-ақ құқықтық бiлiмдi кеңiнен түсiндiру және оны халықтың қалың тобына жедел жеткiзiп отыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Жетi жарғы" жабық акционерлiк қоғамына заңдар мен кодекстер жинақтары ресми түрде жарияланған соң олардың нысандарын кейiннен басқа баспаларға өткiзе отырып, бiрiншi кезекте шығарып тұрудың бiрден бiр құқығы берiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 1998.12.29. N 1348 қаулысымен.
               P981348_
      2. Апталық заң газетi заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiмiне жазбаша құжат енгiзуге, жылжымайтын мүлiк және оларға жасалатын мәмiле құқын тiркеуге, банкроттық туралы iс бойынша жою жұмысына, сондай-ақ мiндеттi түрде жариялануы заңдарда көзделген басқа да ақпаратқа байланысты мәлiметтердi жариялап отыру құқы бар ресми

республикалық орган деп белгiленсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қазақ және
орыс тiлдерiнде республикалық " Фемида" ғылыми-көпшiлiк журналын
ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрдiң
       бiрiншi орынбасары