Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1403 қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 29 желтоқсан N 1348

     Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеті жарғы" республикалық заң әдебиеті баспасы туралы" 1996 жылғы 19 қарашадағы  N 1403 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің              
1998 жылғы 29 желтоқсандағы    
N 1348 қаулысымен         
бекітілген             

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер 

       1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық заң әдебиеті баспасы мен апталық заң газетін құру туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы  N 107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 5, 51-құжат): 
      2-9-тармақтардың күші жойылған деп танылсын. 
       2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.22. N  378 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4.<*>
     Ескерту. 4-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N  1433 қаулысымен.   
     5.<*>
     Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.29. N  499 қаулысымен.