Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 12 қыркүйек N 1253
Қолданыстағы"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына белгiленген тәртiппен өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем мынадай деңгейде белгiленсiн:
а) кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың қайта құрылуына немесе қызметкерлер санының (штаттың) қысқаруына байланысты жұмыстан босаған адамдарға - заңмен белгiленген есептiк көрсеткiштiң алты есе мөлшерiнде; <*>
б) жұмыссыздардың басқа санаттарына - есептiк көрсеткiштiң үш есе мөлшерiнде. <*>
Бұл қосымша төлемдер жәрдемақы (стипендия) мөлшерi "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлгендегiмен бiрдей немесе одан асатын жұмыссыздарға төленбейдi.
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.09.
N 987 қаулысымен. P960987_
2. Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының қаржысы есебiнен жасалсын.
3. Бұл қаулы 1995 жылдың 1 қыркүйегiнен күшiне енедi.
Премьер-министр