Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 12 қыркүйек N 1253. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      1. Жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауды күшейту мақсатында және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң займын беру шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына белгiленген тәртiппен өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем мынадай деңгейде белгiленсiн: 
      а) кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың қайта құрылуына немесе қызметкерлер санының (штаттың) қысқаруына байланысты жұмыстан босаған адамдарға - заңмен белгiленген есептiк көрсеткiштiң алты есе мөлшерiнде;<*> 
      б) жұмыссыздардың басқа санаттарына - есептiк көрсеткiштiң үш есе мөлшерiнде.<*> 
      Бұл қосымша төлемдер жәрдемақы (стипендия) мөлшерi "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлгендегiмен бiрдей немесе одан асатын жұмыссыздарға төленбейдi. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.09.  N 987 қаулысымен.  
      2. Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының қаржысы есебiнен жасалсын. 
      3. Бұл қаулы 1995 жылдың 1 қыркүйегiнен күшiне енедi.

       Премьер-министр