1. Тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөнiндегi жобаларының және тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құжаттардың ұсынылып отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Жергiлiктi әкiмдер:
мемлекеттiк бөлшек сауда жүйесi кәсiпорындары үшiн аса қажеттi азық-түлiктiк және азық-түлiктiк емес тауарлардың мiндеттi тiзбесiн бекiтсiн;
сауданың, қоғамдық тамақтандырудың және халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудiң жекешелендiрiлген кәсiпорындарын сатып алу-сату шартына сәйкес олардың бастапқы бейiнiн, тауардың түр-түрiн, жұмыс режимiн және олардың "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Қазақ ССР Заңының жарлығына сәйкестiгiн сақтау мақсатында жүйелi түрде бақылап отырсын;
үй-жайды онда фирмалық дүкендер ашу үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн кәсiпкерлерге және тамақ өнеркәсiбi орындарына жалға беру немесе сатуды айқындасын;
тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi қоғамдық ұйымдарды қызметтiк үй-жаймен және телефон байланысымен қамтамасыз етуде көмек көрсетсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп әзiрлеген оқу жоспарына сәйкес белгiленген тәртiпте орта және жоғары, оның iшiнде заңдық бейiндегi оқу орындарындағы оқушылар мен студенттерге тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңды зерделеудi ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне және Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңес мүшелерiне Тұтынушылар құқығын қорғау мен тәуелсiз тұтынушылық сараптаманың ұлттық қоры туралы Ереженiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп Тұтынушылар құқығын қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн құру тұжырымдамасын әзiрлеп, оны 1996 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен
ведомстволары, атқарушы органдары жыл сайын 25 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөнiнде жыл сайынғы баяндама әзiрлеу үшiн қажеттi материалдар беретiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 маусымдағы N 864 қаулысымен бекiтiлген Тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөнiндегi заң жобаларының тiзбесi ------------------------------------------------------------------- Заң жобасының атауы | Әзiрлеушi |Атқарылатын мерзiмi -------------------------------------------------------------------- Азық-түлiк тағамдарының Қазақстан Республикасының 1996 жылдың сапасы мен қауiпсiздiгi Ұлттық ғылым академиясы, наурызы туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылдың Баспасөз және бұқаралық желтоқсаны ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Сауда туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылдың Өнеркәсiп және сауда желтоқсаны министрлiгi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 маусымдағы N 864 қаулысымен бекiтiлген
Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы қатынастарды
реттейтiн нормативтiк құжаттардың тiзбесi ------------------------------------------------------------------- Нормативтiк құжаттардың | Әзiрлеушi |Атқарылатын атауы | | мерзiмi -------------------------------------------------------------------- 1 | 2 | 3 -------------------------------------------------------------------- Халыққа ақылы медициналық Қазақстан Республикасының 1996 жылдың қызмет көрсету ережелерi Денсаулық сақтау қыркүйегi министрлiгi Сапасыз өнiмдердi жарам.- Қазақстан Республикасының 1996 жылдың сыз деп тану, жою немесе Денсаулық сақтау қыркүйегi ұқсату тәртiбi туралы министрлiгi нұсқама Тамақ өнiмдерi мен тағам Қазақстан Республикасының 1996 жылдың шикiзатына медициналық- Ұлттық ғылым академиясы ақпаны биологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Коммуналдық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 1996 жылдың ережелерi Құрылыс, тұрғын үй және маусымы аумақтарда құрылыс салу министрлiгi <*> Рыноктар мен ұсақ бөлшек Қазақстан Республикасының 1996 жылғы сауда кәсiпорындарындағы Өнеркәсiп және сауда қазаны сауда ережелерi министрлiгi Халыққа тұрмыстық қызмет Қазақстан Республикасының 1996 жылдың көрсету ережелерi Баға және монополияға қарсы қарашасы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Туристiк-экскурсиялық Қазақстан Республикасының 1996 жылдың қызмет көрсету ережелерi Жастар iсi, туризм және желтоқсаны спорт министрлiгi Қалааралық және Қазақстан Республикасының 1996 жылдың халықаралық телефон Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны байланысы қызметiн көрсету министрлiгi ережелерi Почта қызметiн көрсету Қазақстан Республикасының 1996 жылдың ережелерi Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны министрлiгi Жергiлiктi телефон жүйесi Қазақстан Республикасының 1996 жылдың қызметiн көрсету Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны ережелерi министрлiгi Телеграф байланысы Қазақстан Республикасының 1996 жылдың қызметiн көрсету Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны ережелерi министрлiгi Сым арқылы таратылатын Қазақстан Республикасының 1996 жылдың радиохабарлары қызметiн Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны көрсету ережелерi министрлiгi Бөлшек сауда және Қазақстан Республикасының 1996 жылдың қоғамдық тамақ ережелерi Өнеркәсiп және сауда желтоқсаны министрлiгi Ескерту. Бұл тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29. N 524 қаулысымен. P960524_