Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 маусымдағы N 864 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 сәуiр N 524. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң Мемлекетаралық кеңесiнiң монополияға қарсы саясат жөнiндегi ҮI мәжiлiсiн өткiзудi ұйымдастыру мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Мемлекетаралық кеңестiң монополияға қарсы саясат жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру үшiн республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен оларға берiлген шот бойынша ақша қаражатын бөлсiн.

      Премьер-Министр