Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732

Қолданыстағы
      Байланыс қызметiне баға белгiлеу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясына Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге берiлетiн (халықаралық) телефон-телеграф байланысының қалааралық қызметiне Халықаралық телефон және телеграф жөнiндегi консультативтiк комитетiнiң ұсынымына және алып пайдаланудың арнаулы құқықтары негiзiндегi Байланыстың Аймақтық Ынтымақтастығының шешiмдерiне сүйене отырып, 1995 жылғы 1 маусымнан бастап тариф белгiлеуге құқық берiлсiн.
      Валюталарды теңгеге есептеу байланыс қызметi көрсетiлген айдың басында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген ресми бағамы бойынша жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi барлық тұтынушылар үшiн Қазақстан Республикасы iшiнде көрсетiлген байланыс қызметi негiзiндегi тарифтердi реттейдi деп белгiленсiн.
      3. "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясы байланыс кәсiпорындарын техникалық құралдармен жабдықтау шаралары бойынша жергiлiктi сөйлесулердiң уақытына қарай құнын есептеудi енгiзудi жүзеге асырсын.
      4. "Энергия ресурстарының және өнiмдер мен қызметтiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 1 маусымдағы N 484 қаулысының 1 қосымшасынан (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 22, 349-бап) "Шаруашылық есептегi кәсiпорындар мен ұйымдарға негiзгi байланыс қызметтерi еркiн (уағдаластық) тариф бойынша көрсетiледi" деген сөздер алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi