1. "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясына Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге берiлетiн (халықаралық) телефон-телеграф байланысының қалааралық қызметiне Халықаралық телефон және телеграф жөнiндегi консультативтiк комитетiнiң ұсынымына және алып пайдаланудың арнаулы құқықтары негiзiндегi Байланыстың Аймақтық Ынтымақтастығының шешiмдерiне сүйене отырып, 1995 жылғы 1 маусымнан бастап тариф белгiлеуге құқық берiлсiн.
Валюталарды теңгеге есептеу байланыс қызметi көрсетiлген айдың басында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген ресми бағамы бойынша жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi барлық тұтынушылар үшiн Қазақстан Республикасы iшiнде көрсетiлген байланыс қызметi негiзiндегi тарифтердi реттейдi деп белгiленсiн.
3. "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясы байланыс
кәсiпорындарын техникалық құралдармен жабдықтау шаралары бойынша жергiлiктi сөйлесулердiң уақытына қарай құнын есептеудi енгiзудi жүзеге асырсын. 4. <*> Ескерту. 4 тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. P020331_ Қазақстан Республикасының Премьер-министрi