Темiр жол көлiгiнде жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi тасымалдау тарифi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 ақпандағы N 203

Қолданыстағы
      Тәуелсiз мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң Темiр жол көлiгi жөнiндегi кеңесi ұсынған Швейцария Франкiмен есептелген жолаушылардың мемлекетаралық базалық тарифi 1995 жылғы 1 наурыздан бастап енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекетаралық қатынаста темiр жолда жолаушылар тасымалдауға прейскурант бекiтсiн.
      3. Көрсетiлген тарифтер жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi тасымалдау кезiнде:
      мемлекетаралық қатынаста:
      республика iшiндегi қатынаста - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң темiр жол поездары мен вагондарына қолданылсын.
      4. Көрсетiлген тарифтер бойынша Қазақстан Республикасының республика iшiндегi қатынастардағы темiр жол поездар мен вагондарында жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi тасымалдау кезiнде 0,5 коэффициентiн қолдану жүзеге асырылсын.
      5. Мемлекетаралық жолаушылар тасымалдаудың тарифтiк валютасын (Швейцария франкiмен) теңгемен есептеу айдың басында қазiргi кездегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бұрын қолданылған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiрiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi