Темiр жол көлiгiнде жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi тасымалдау тарифi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 ақпандағы N 203 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Мәтінде сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.17. N 258 қаулысымен.
      Тәуелсiз мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң Темiр жол көлiгi жөнiндегi кеңесi ұсынған Швейцария Франкiмен есептелген жолаушылардың мемлекетаралық базалық тарифi 1995 жылғы 1 наурыздан бастап енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгі халықаралық қатынаста темiр жолда жолаушылар тасымалдауға прейскурант бекiтсiн.
      3. Көрсетiлген тарифтер жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi тасымалдау кезiнде:
      халықаралық қатынаста:
      республикалық қатынаста - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң темiр жол поездары мен вагондарына қолданылсын.
      4. Көрсетiлген тарифтер бойынша Қазақстан Республикасының республика iшiндегi қатынастардағы темiр жол поездар мен вагондарында жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi тасымалдау кезiнде 0,5 коэффициентiн қолдану жүзеге асырылсын.
      5. Жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктердi республикалық қатынаста Қазақстан Республикасы темiр жол поездары мен вагондарында тасымалдауды қоспағанда, мемлекетаралық жолаушылар тасымалдаудың тарифтiк валютасын (Швейцария франкiмен) теңгемен есептеу айдың басында қазiргi кездегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша белгiленсiн. <*>
      Жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi республикалық қатынаста Қазақстан Республикасының темiр жол поездары мен вагондарында тасымалдау кезiнде мемлекетаралық жолаушылар тарифi валютасын (швейцар франкiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 2002 жылғы 1 қазандағы ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеу жүргiзiледi. <*>
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.17. N 258 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бұрын қолданылған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiрiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi