1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетi орталық аппаратының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 51 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетiне төрағаның 2 орынбасарын, сондай-ақ 11 адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 қарашадағы N 1263 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Тiл комитетi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Мемлекеттiк тiлдi дамыту басқармасы Ұлттар тiлiн дамыту бөлiмi Ономастика және терминологиялық жұмыс бөлiмi Қоғамдық ұйымдармен және қазақ диаспорасымен жұмыс бөлiмi Баспа-ақпарат бөлiмi Экономика және есеп бөлiмi Бухгалтерлiк есеп бөлiмi Кадр саясаты мен арнаулы жұмыстар басқармасы