Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 14 қараша N 1263. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетi орталық аппаратының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 51 адам болып бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетiне төрағаның 2 орынбасарын, сондай-ақ 11 адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1994 жылғы 14 қарашадағы    
N 1263 қаулысына        
қосымша             

            Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 
           жанындағы Тiл комитетi орталық аппаратының
                          ҚҰРЫЛЫМЫ

     Мемлекеттiк тiлдi дамыту басқармасы
     Ұлттар тiлiн дамыту бөлiмi
     Ономастика және терминологиялық жұмыс бөлiмi
     Қоғамдық ұйымдармен және қазақ диаспорасымен жұмыс бөлiмi
     Баспа-ақпарат бөлiмi
     Экономика және есеп бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
     Кадр саясаты мен арнаулы жұмыстар басқармасы