Мұнай өнiмдерiне бағаны босату туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 қараша 1994 ж. N 1224

Қолданыстағы
      Бәсекелестiктi одан әрi дамыту және мұнай өнiмдерiн сатумен айналысатын шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер үшiн бiрдей жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республиканың мұнай өңдейтiн зауыттары мен "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының кәсiпорындары мұнай өнiмдерiн 1994 жылдың 7 қарашасынан бастап еркiн бағамен сататын болсын.
      2. "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының кәсiпорындары 1994 жылдың 7 қараша айындағы жағдай бойынша 1994 жылдың 7 қарашасына дейiн 1,6 коэффициентте реттелетiн бағамен сатылған мұнай өнiмдерiнiң қалдығын түгендеп, қайта бағаласын. Айырма сома өздерiнiң айналым қаржыларын толықтыруға бағытталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мұнай өңдейтiн және мұнаймен жабдықтайтын кәсiпорындардың шығарған және сатқан мұнай өнiмдерiне арналған бағаларға бақылау жасауды "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 P941171_ қаулысында көзделген тәртiпте жүзеге асырсын.
      4. "Энергия көздерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтердiң қымбаттауына байланысты халықты әлеуметтiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қаңтардағы N 68 P930068_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 2, 29-бап) 5-тармағының;
      "Энергия көздерiнiң мемлекеттiк реттелетiн бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 тамыздағы N 678 P930678_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 32, 368-бап) 3-тармағындағы 2 абзацтың;
      "Энергия ресурстарына бағаны босату және қызмет көрсетудiң

кейбiр түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 наурыздағы N 288  

P940288_

 
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 15,
145-бап) 3 және 4-тармақтарының;
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
23 наурыздағы N 288 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қыркүйектегi N 1003
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары