1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының таңдаулы тұқымдарын, асыл тұқымды мал, жұмыртқа (тұқымдық мақсат үшiн), жануарлардың ұрығын, минералдық тыңайтқыштар мен тұқымды дәрiлеуiштер алуға қосымшаға сәйкес 1994 жылдың 1 қаңтарынан ауыл шаруашылығының барлық тауар өндiрушiлерi үшiн дотация ставкалары белгiленсiн.
Аталған ставкалар бойынша шығындардың орнын толтыру республикалық бюджеттен 1994 жылға нақты бөлiнген қаржы шегiнде жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының келiсiмiмен осы қаулыда қарастырылған мақсаттарға бюджеттiк қаржыларды бағыттау мен пайдалану тәртiбiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын, сондай-ақ қызметiне бюджет қаржысының есебiнен қолдау жасалынатын ауыл шаруашылығы малдарының бағалы тұқымдарын өсiрумен айналысатын таңдаулы тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылықтарының тiзбесiн айқындайтын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ауыл
шаруашылығы министрлiгi және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен бiрлесе отырып республикалық бюджеттен бөлiнген қаржының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз ететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қазандағы N 1166 қаулысына Қосымша Ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне сатылатын асыл тұқымды малға, жұмыртқаға (тұқымдық мақсат үшiн), жануарлардың ұрығына, ауыл шаруашылығы дақылдарының таңдаулы тұқымдарына, минералдық тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғау құралдарына берiлетiн дотациялардың Ставкалары -------------------------------------------------------------------- ! Өлшем бiрлiгi ! Дотация ставкасы -------------------------------------------------------------------- Дәндi дақылдардың таңдаулы тұқымдары тоннасы теңге есебiмен 2600 Жүгерiнiң өсiмтал түрлерiнiң таңдаулы тұқымдары >> 48800 Картоптың таңдаулы тұқымдары >> 4800 Iрi қара мал (тiрiлей салмағы) >> 6300 Қой мен ешкi >> 4800 Шошқа >> 10000 Жылқы >> 4000 Ұрықтандырушы бұқа ұрығының 1 дозасы теңге есебiмен дозасы 7,5 Ұрықтандырушы қошқар ұрығының дозасы >> 4,0 Тұқымдық мақсатқа арналған 1000 данасы теңге есебiмен жұмыртқа 1000 Минералды тыңайтқыштар 1 тоннасының құны % есебiмен 50 Тұқымдарды дәрiлеуiштер >> 70 --------------------------------------------------------------------