Ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiн мемлекеттiк қорғау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 17 қазан 1994 ж. N 1166. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен сату көлемiнiң азаюына жол бермеу, таңдаулы дәндi, дәндi-бұршақты дақылдардың, картоптың және жүгерiнiң өсiмтал түрлерiнiң тұқымдарын өсiруге шаруашылықтардың мүдделiлiгiн арттыру, асыл тұқымды ауыл шаруашылық малдарының қазiргi тұқымын сақтау және "1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" 1994 жылғы 14 шiлдедегi N 137 Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының таңдаулы тұқымдарын, асыл тұқымды мал, жұмыртқа (тұқымдық мақсат үшiн), жануарлардың ұрығын, минералдық тыңайтқыштар мен тұқымды дәрiлеуiштер алуға қосымшаға сәйкес 1994 жылдың 1 қаңтарынан ауыл шаруашылығының барлық тауар өндiрушiлерi үшiн дотация ставкалары белгiленсiн. 
      Аталған ставкалар бойынша шығындардың орнын толтыру республикалық бюджеттен 1994 жылға нақты бөлiнген қаржы шегiнде жүргiзiледi. 
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының келiсiмiмен осы қаулыда қарастырылған мақсаттарға бюджеттiк қаржыларды бағыттау мен пайдалану тәртiбiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын, сондай-ақ қызметiне бюджет қаржысының есебiнен қолдау жасалынатын ауыл шаруашылығы малдарының бағалы тұқымдарын өсiрумен айналысатын таңдаулы тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылықтарының тiзбесiн айқындайтын болсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен бiрлесе отырып республикалық бюджеттен бөлiнген қаржының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз ететiн болсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1994 жылғы 17 қазандағы       
N 1166 қаулысына         
Қосымша              

        Ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне сатылатын
      асыл тұқымды малға, жұмыртқаға (тұқымдық мақсат үшiн),
       жануарлардың ұрығына, ауыл шаруашылығы дақылдарының
       таңдаулы тұқымдарына, минералдық тыңайтқыштар мен
    өсiмдiктердi қорғау құралдарына берiлетiн дотациялардың
                         Ставкалары
--------------------------------------------------------------------
                               ! Өлшем бiрлiгi    ! Дотация ставкасы
--------------------------------------------------------------------
Дәндi дақылдардың таңдаулы
тұқымдары                      тоннасы теңге есебiмен     2600
Жүгерiнiң өсiмтал түрлерiнiң
таңдаулы тұқымдары                       >>              48800
Картоптың таңдаулы тұқымдары             >>               4800
Iрi қара мал (тiрiлей салмағы)           >>               6300
Қой мен ешкi                             >>               4800
Шошқа                                    >>              10000
Жылқы                                    >>               4000
Ұрықтандырушы бұқа ұрығының    1 дозасы теңге есебiмен
дозасы                                                     7,5
Ұрықтандырушы қошқар ұрығының  
дозасы                                   >>                4,0
Тұқымдық мақсатқа арналған     1000 данасы теңге есебiмен
жұмыртқа                                                  1000
Минералды тыңайтқыштар         1 тоннасының құны % 
                               есебiмен                     50
Тұқымдарды дәрiлеуiштер                  >>                 70
--------------------------------------------------------------------