Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн /сипаттамасын/ бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 22 сәуiр N 429. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1235 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғау жүйесiн арттыру және оны толтыруды жетiлдiру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының Қазақстан Республикасы атауының ағылшын нұсқасындағы дұрыс жазылуына өзгерiс енгiзуiне орай Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының қоса берiлiп отырған үлгiсi /сипаттамасы/ бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы азаматы паспортының бланкiлерiн оның сипаттамасына сәйкес әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14. N 140 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ереженi бекiту туралы"  1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 256 қаулысының 1 тармағы Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн /сипаттамасын/ бекiту бөлiгiнде /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 124-бап/ күшiн жойды деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1994 жылғы 22 сәуiрдегi     
N 429 қаулысымен         
Бекiтiлген            

                  Қазақстан Республикасы азаматы
                       ПАСПОРТЫНЫҢ ҮЛГIСI
                           /сипаттамасы/

      1. Паспорт кiтапшасының көлемi 88 Х 125 мм, оның iшiнде сутамғы белгiлерi бар арнаулы қағаздан жасалған 16 парақ орналастырылған. Паспорт парақтарындағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген.
     2. Паспорттың мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауының түсiндей көгiлдiр түстi, онда:
     а/ қазақ және ағылшын тiлдерiнде
             ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
             REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
деген алтын түстi батырма жазу бар;
     ә/ ортасында - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
     б/ Елтаңбадан төмен

                      ПАСПОРТ

                      PASSPORT
ДЕГЕН БАТЫРМА ЖАЗУ БАР.
     Мұқабаның iшкi жағында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi.
     3. Паспорттың бiрiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
     Паспорт Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады,     ал оның иесi Қазақстан Республикасының қорғауында болады.

     Паспорт является собственностью Республики Казахстан, а
его владелец находится под защитой Республика Казахстан.

     Passport is the property of Republic of Kazakhstan and its
     owner is held under the protection of Republic of Каzакhstаn.
деген жазулар жазылған.
     4. Екiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
            Мәлiмет/ Сведения / Observations
жазуы жазылған.
     5. 3-беттен 30-бетке дейiн шет елге шығатын кезде берiлетiн виза мен рұқсат ету белгiлерiне арналған. Беттердiң жоғарғы жағында:
     Визалар / Visas
жазуы жазылған.
     Тақ санды беттерiнiң төменгi жағының бәрiнде  паспорттың нөмiрi бар.
     6. 31-беттiң төменгi жағында қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
            Осы паспорт нөмiрленген 32 беттен тұрады
            Настоящий паспорт содержит 32 пронумерованные страницы
            This passport contains 32 numbered pages
деген жазу бар.
     7. 32-бетте қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
        "Қазақстан Республикасы" "Republic of Kazakhstan" деген
тiгiнен жазылған жазу бар, төменгi жағында солдан оңға қарай:
         Паспорт / Раssроrt; тип/tуре;
         мемлекет коды/соdе of stаtе;
         паспорттың N/раssроrt N
жазуы жазылған.
     Сол жағында фотосуретке орын қалдырылған, суреттiң оң жағында мынадай жазу бар:
     Тегi/Фамилия/Surnаме
     Аты/Имя/Givеn names
     Азаматтығы/Гаржданство/Nаtiоnаlitу
     Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения/Dаtе of birth
     Туған жерi/Место рождения/Рlасе of birth
     Жынысы/Пол/Sех
     Берген мекеме/Орган выдачи/Аuthоritу
     Берiлген күнi/Дата выдачи/Dаtе of issue
     Паспорт мерзiмi/Действителен до/Dаtе of expiry
     Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған.
     8. Мұқабаның iшкi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде:
        "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты"
        "Паспорт гражданина Республики Казахстан"
деп тiгiнен екi жолға жазылған жазу бар.
     Төменгi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде жазу үшiн орын қалдырылған.
     Тегi/Фамилия
     Аты, әкесiнiң аты/Имя, отчество
     Ұлты/Национальность
     Өз қолы/Подпись
     ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.02. N 1394    қаулысымен.