1. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының қоса берiлiп отырған үлгiсi /сипаттамасы/ бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан
Республикасы азаматы паспортының бланкiлерiн оның сипаттамасына сәйкес әзiрлеудi қамтамасыз етсiн. 2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 256 P930256_ қаулысының 1 тармағы Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн /сипаттамасын/ бекiту бөлiгiнде /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 124-бап/ күшiн жойды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 429 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматы ПАСПОРТЫНЫҢ ҮЛГIСI /сипаттамасы/
1. Паспорт кiтапшасының көлемi 88 Х 125 мм, оның iшiнде
сутамғы белгiлерi бар арнаулы қағаздан жасалған 16 парақ орналастырылған. Паспорт парақтарындағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген. 2. Паспорттың мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауының түсiндей көгiлдiр түстi, онда: а/ қазақ және ағылшын тiлдерiнде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ REPUBLIC OF KAZAKSTAN деген алтын түстi батырма жазу бар; ә/ ортасында - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы б/ Елтаңбадан төмен ПАСПОРТ PASSPORT ДЕГЕН БАТЫРМА ЖАЗУ БАР. Мұқабаның iшкi жағында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi. 3. Паспорттың бiрiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде: Паспорт Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады, ал оның иесi Қазақстан Республикасының қорғауында болады. Паспорт является собственностью Республики Казахстан, а его владелец находится под защитой Республика Казахстан. Passport is the property of Republic of Kazakstan and its owner is held under the protection of Republic of Каzакstаn. деген жазулар жазылған. 4. Екiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде: Мәлiмет/ Сведения / Observations жазуы жазылған. 5. 3-беттен 30-бетке дейiн шет елге шығатын кезде берiлетiн виза мен рұқсат ету белгiлерiне арналған. Беттердiң жоғарғы жағында: Визалар / Visas жазуы жазылған. Тақ санды беттерiнiң төменгi жағының бәрiнде паспорттың нөмiрi бар. 6. 31-беттiң төменгi жағында қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде: Осы паспорт нөмiрленген 32 беттен тұрады Настоящий паспорт содержит 32 пронумерованные страницы This passport contains 32 numbered pages деген жазу бар. 7. 32-бетте қазақ және ағылшын тiлдерiнде: "Қазақстан Республикасы" "Republic of Kazakstan" деген тiгiнен жазылған жазу бар, төменгi жағында солдан оңға қарай: Паспорт / Раssроrt; тип/tуре; мемлекет коды/соdе of stаtе; паспорттың N/раssроrt N жазуы жазылған. Сол жағында фотосуретке орын қалдырылған, суреттiң оң жағында мынадай жазу бар: Тегi/Фамилия/Surnаме Аты/Имя/Givеn names Азаматтығы/Гаржданство/Nаtiоnаlitу Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения/Dаtе of birth Туған жерi/Место рождения/Рlасе of birth Жынысы/Пол/Sех Берген мекеме/Орган выдачи/Аuthоritу Берiлген күнi/Дата выдачи/Dаtе of issue Паспорт мерзiмi/Действителен до/Dаtе of expiry Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған. 8. Мұқабаның iшкi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде: "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты" "Паспорт гражданина Республики Казахстан" деп тiгiнен екi жолға жазылған жазу бар. Төменгi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде жазу үшiн орын қалдырылған. Тегi/Фамилия Аты, әкесiнiң аты/Имя, отчество Ұлты/Национальность Өз қолы/Подпись