МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА ТЕМIРЖОЛ КӨЛIГIМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА АРНАЛҒАН ТАРИФТЕР ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 23 наурыз 1994 ж. N 287

Қолданыстағы
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң темiржол көлiгiмен тасымалға бiртұтас тариф саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң 1994 жылғы 24 наурыздан бастап мемлекетаралық қатынаста темiржол көлiгiмен жүк тасымалында қолданылып жүрген тарифтерге өсiп отыратын шектi 1,2 коэффициентiн (қосылған құн салығын есепке алусыз) белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi