МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА ТЕМIРЖОЛ КӨЛIГIМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА АРНАЛҒАН ТАРИФТЕР ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ 1994 жылғы 23 наурыздағы N 287 ҚАУЛЫСЫ. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң темiржол көлiгiмен тасымалға бiртұтас тариф саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң 1994 жылғы 24 наурыздан бастап мемлекетаралық қатынаста темiржол көлiгiмен жүк тасымалында қолданылып жүрген тарифтерге өсiп отыратын шектi 1,2 коэффициентiн (қосылған құн салығын есепке алусыз) белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi