1. Анықталған республикалық бюджетте ауыл шаруашылығы өнiмдерiне жәрдем қаржы беру үшiн көзделген қаржыдан мемлекет мұқтажына сатып алынатын жүндi дотациялауға 30,6 миллиард сом жiберiлсiн.
(2-абзац) <*>
Ескерту. 1-тармағының екiншi абзацы күшiн жойды - ҚРМК-нiң
13.12.1993 ж. N 1242 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының жүндi бастапқы өңдеу фабрикалары мен Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң:
дотация мөлшерiн есепке алмай, мемлекет мұқтажы есебiне сатып алынатын биязы және жартылай биязы жүнге көрсеткiштi бағаның (N 70-45, 1991 ж.) 25-iнен, ал жартылай қылшықты және қылшықты жүнге 15-iнен кем болмайтын өзара қолайлы коэффициент белгiлеу жөнiндегi;
ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерден жүндi беру шартымен жуу және сақтау үшiн қабылдау туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Экспортқа сатылатын жүннiң көтерме-босату бағасы анықталған жағдайда, оның өзiндiк құнына ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлер төлейтiн дотация сомасы қосылады деп белгiленсiн.
4. Тұтыну кооперациясының мемлекет мұқтажы үшiн жүн беретiнi анықталғанын ескере отырып, оны халықтан дайындау Қазтұтынуодағына жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi "Легинвест" акционерлiк инвестициялық компаниясымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, үш ай мерзiм iшiнде жүннен халық тұтынатын тауарлар өндiру жөнiндегi ұқсату өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық жаңару кеңесiнiң қарауына ұсынатын болсын.
6. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқармасы республикада жүнге, терi мен былғары-тон шикiзатына қолданылып жүрген стандарттар мен сертификаттардың, 1994 жылы енгiзу үшiн, олар халықаралық нормаға жауап беретiндей болуын қайта қарайтын болсын.
7. Жүндi ұқсату технологиясын пысықтау, қылшықты жүннен дәстүрлi бұйымдар жасау мақсатында Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және "Легинвест" акционерлiк инвестициялық компаниясы жүндi аяқталған технологиялық желiмен дайын бұйымдар жасауға дейiн қайта өңдеу жөнiндегi тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорын құру туралы ұсынысты қарап, енгiзетiн болсын.
8. Қолда бар жүн ресурсын ұтымды пайдалану және оны рынокта сату үшiн қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
9. Қазақстан Республикасының, Қаржы министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi 10 күндiк мерзiм iшiнде ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң жүнге дотация төлеу тәртiбiн әзiрлеп, белгiлейтiн болсын.
10 <*>
Ескерту. 10-шы тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.09.26.
N 1283 қаулысымен. P951283_
11. Жүндi республикадан тысқары жерлерге еркiн сату үшiн квоталау тоқтатылсын және осыған байланысты:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы өнiмдерiнiң экспортына 1993 жылғы квоталар туралы" 1993 жылғы 26 қаңтардағы N 66 қаулысына қосымшадағы: "жуылған жүн 10" деген сөз;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1993 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұқтаждарына арналған өнiмдер мен тауарлардың аса маңызды түрлерiн берiп тұруды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 10 наурыздағы N 193 қаулысының "жеңiл өнеркәсiп" тарауының қосымшасындағы "жуылған жүн мың тонна 20,3" деген сөз күшiн жойған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 шiлдедегi N 612 қаулысына Қосымша Қолда бар жүн ресурсын ұтымды пайдалану және оны рынокта сату жөнiндегi комиссия Құрамы Төлебеков Қ.Х. - Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары (төраға) Жомартов А.Ш. - "Легинвест" компаниясының президентi Красносельский Н.Ф.- Экономика министрiнiң орынбасары Костюченко В.В. - Сыртқы экономикалық байланыстар министрiнiң бiрiншi орынбасары Рыльский М.Е. - Ақтөбе жүндi бастапқы өңдеу фабрикасының директоры Жолшыбеков А.Ж. - Жамбыл жүндi бастапқы өңдеу фабрикасының директоры Зиберт Р.А. - Семей жүндi бастапқы өңдеу фабрикасының директоры