Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Осыған қосылған:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және оларға бiржолғы ақшалай өтем жасау тәртiбi;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы ақшалай өтем төлеуге жұмсалатын шығындарды қаржыландыру, есепке алу және есеп беру тәртiбi туралы нұсқама;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендердiң жеңiлдiк алу құқығын растайтын куәлiктiң үлгiсi бекiтiлсiн.
Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi облыс әкiмдерiнiң өтiнiмдерi бойынша куәлiк бланкiлерi жасалуын қамтамасыз етсiн.
2. Жергiлiктi әкiмдер:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiретiн арнаулы комиссиялар құрып, оларды қажеттi материалдық-техникалық құралдармен және қаржымен қамтамасыз етсiн;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1788-ХII қаулысына сәйкес өтем жасау және жеңiлдiктер беру жөнiндегi жұмысты қамтамасыз ететiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жыл сайынғы бюджеттi қалыптастырғанда "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды кезең-кезеңiмен қаржыландырып отыру үшiн қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
5.<*>
Ескерту. 5-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.01.13. N 34
қаулысымен
.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде:
Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау жөнiндегi ведомствоаралық кеңестер туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын; <*>
иондаушы сәулелендiру әсеріне байланысты аурулардың тiзбесiн, сондай-ақ Ядролық сынақ әсерiнен зардап шеккен азаматтарға арналған мемлекеттiк ұлттық медициналық регистрдi әзiрлеп, бекiтсiн;
Министрлiктiң орталық аппараты құрылымындағы радиациялық медицина бөлiмiн құратын болсын. Денсаулық сақтау министрлiгi орталық ақпаратының шектi штат саны тиiстi еңбекақы қоры бар екi адамға ұлғайтсын.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.13. N 34
қаулысымен
.
7. Ұлттық ядролық орталық, Экология және биоресурстар министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма, Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бiрлесе отырып, 1993-1994 жылдардың iшiнде:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтың зиянды әсерiне ұшыраған аймақтардағы радиациялық ахуалдың егжей-тегжейлi картасын жасасын;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне енгiзу үшiн Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтың зиянды әсерiне ұшыраған аймақтардағы халықтың денсаулығының ғылыми негiзделген деректерi, санитарлық-гигиеналық және радиациялық жағдайы негiзiнде аумақтардың дәлдей түскен тiзбесiн әзiрлеп, оларды тиiстi радиациялық қауiп-қатер аймағына қосу туралы ұсыныстармен бiрге Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
8. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары осы қаулының орындалуы туралы 1994 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне баяндайтын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1996 жылғы 26 мамырдағы
N 431 қаулысымен
бекiтiлген
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеудiң,
оларға бiржолғы ақшалай өтем жасау
ТӘРТIБI
1. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу мен есепке алу жұмысын үйлестiру үшiн облыс, қала және аудан әкiмдерiнiң жанынан арнаулы комиссиялар құрылады.*
Ескерту: <*> Бұдан былай текст бойынша- арнаулы комиссиялар.
Қажет болған жағдайда халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң келiсуi бойынша халық депутаттары селолық, поселкелiк және ауылдық Кеңестерi жанынан арнаулы комиссиялар құрылуы мүмкiн.
2. Арнаулы комиссиялар азаматтарды тiркеудiң заңдылығын тексередi, жеңiлдiктер мен бiржолғы ақшалай өтем жасау үшiн тiркелген азаматтардың тiзiмiн бекiтедi, бекiтiлген тiзiмге сәйкес куәлiк жазып бередi және тiркелген азаматтардың тiзiмi аман сақталуын қамтамасыз етедi.
3. 1949 жылғы 1 қаңтардан бастап 1991 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңдегi радиациялық ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе қызмет өткерген (соның iшiнде мерзiмдi) азаматтарды тiркеу меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде жүргiзiледi.
4. Тiркеу былайша жүргiзiледi:
а) жұмыс iстейтiн азаматтар (зейнеткерлерден басқа) - негiзгi жұмыс орнында;
ә) кәмелетке толмаған балалар (жоғары оқу орындарының студенттерiнен, арнаулы орта оқу орындары мен кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушыларынан басқасы) - анасы өтем жасауды алатын жерде;
б) зейнеткерлер (жұмыс iстейтiн қызметкерлердi қоса) - халықты әлеуметтiк қорғау органдарында;
в) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Ұлттық қауiпсiздiк, Қорғаныс министрлiгi органдарының және басқа әскери құрамалардың зейнеткерлерi - зейнетақы тағайындалған жерлерде;
г) жоғары оқу орындарының студенттерi, арнаулы орта оқу орындары мен кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушылары - оқитын жерiнде, ал мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер - қызмет iстейтiн жерiнде;
д) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерде қамқорлыққа алынғандар, психикалық күзеттегiден басқа, толық мемлекет қамтамасыз ететiн жетiм балалар, арнаулы мектептердiң, балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi - тиiстi мекемелердегi тұрған жерiнде;
е) бас бостандығынан айыру органдарында жазасын өтеп жүрген азаматтар - еңбекпен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiнде;
ж) бұрын Семей ядролық полигоны аймағында тұрған және Қазақстан Республикасынан тысқары кетiп қалған азаматтар - мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес;
з) жұмыс iстемейтiн азаматтар - аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарында.
5. Қазақстан Республикасының жеңiлдiктер алуға және өтем жасауға құқығы бар азаматтарды тiркеу үшiн осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген кәсiпорынның, ұйым мен мекеменiң комиссиясына өтiнiш беруi қажет. Комиссия құрамына әкiмшiлiк (комиссияның төрағасы), кәсiподақ өкiлдерi, заңгер (кадр бөлiмi инспекторы), бас (аға) бухгалтер және кәсiпорын, ұйым немесе мекеме әкiмшiлiгi мен кәсiподағының қалауы бойынша басқа адамдар енгiзiледi. Халықты әлеуметтiк қорғау органдарында азаматтарды тiркеу зейнетақы мен жәрдемақы тағайындайтын комиссиялар шешедi.
Өтiнiшке тиiстi радиациялық қауiп-қатер аймақтарда тұрғанын растайтын құжаттардың көшiрмесiн (паспорттың, туу туралы куәлiктiң, еңбек кiтапшасының, толысу аттестатының, оқу орнын бiтiргенi туралы дипломның, әскери билетiнiң, жекебас куәлiгiнiң), халық депутаттары селолық, поселкелiк және ауылдық кеңестерiнiң, ТПБ-тiң, үй басқармаларының анықтамасын және басқа құжаттарды тiркеу қажет.
6. Ұсынылатын анықтамалар фирмалық бланкiлерге жазылу немесе тiркеу нөмiрi мен берiлген айы мен күнi көрсетiлген бұрыштама штампы болуға тиiс. Бұларда анықтама беруге негiз болған құжат, анықтама берген ұйымның мөрiмен расталған анықтамаға қол қойған адамның қызметi, фамилиясы, аты-жөнi көрсетiледi.
7. Қарулы Күштерде, Iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген, Семей ядролық сынақ полигоны аумағында ядролық жарылыс зардаптарын жоюға қатысқан адамдар тиiстi анықтаманы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң бiрiккен архивiнен (Подольск қаласы) және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң архивтерiнен жергiлiктi әскери комиссариаттар, жергiлiктi iшкi iстер мен ұлттық қауiпсiздiк органдары арқылы алуына болады.
8. Егер тұрғанын растайтын архив және басқа құжаттар сақталмаса, онда азаматтар ядролық сынақтың әсерiне ұшыраған аумақта өзiнiң тұрғанын заң жүзiнде анықтау үшiн тұрғылықты жердегi халық сотына өтiнiш беруге құқылы. Сот шешiмi тiркеу үшiн негiз болып табылады.
9. Бұл құжаттардың нендей бiр радиациялық қауiп-қатер аймағында тұрғанын қуаттауға жататынын және жол беруге болатындығын азаматтарды тiркейтiн комиссия анықтайды.
10. Әрбiр өтiнiш табыс етiлген барлық құжаттармен бiрге бiр iске ресiмделедi және комиссия оны алғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей қарайды. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi және iске тiгiледi. Ол тiркеушi органның бухгалтериясында ақшалай құжаттармен бiрдей сақталады. Оң шешiлген жағдайда азаматтар тиiстi журналдарда тiркелiп, онда негiзгi алушының фамилиясы, аты мен жөнi, балалардың фамилиясы мен аты-жөнi, туған жылы мен жерi, тиiстi аймақтарда тұрған жылдары, табыс етiлген құжаттардың тiзбесi, олардың нөмiрi, айы мен күнi, кiм бергенi, сондай-ақ тағайындалған өтем жасау сомасы көрсетiледi. Журналдағы деректердiң негiзiнде комиссияның төрағасы мен мүшелерi растаған тiзiм (N 1 қосымша) жасалып, арнаулы комиссияларға берiледi. Арнаулы комиссиялар бекiтiлген тiзiмдердiң бiр данасын, сондай-ақ толтырылған куәлiк бланкiлердiң кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң комиссияларына қайтарады.
11. Азаматтарға бiржолғы ақшалай өтем жасау алынған куәлiк негiзiнде тiркелген жерде жүзеге асырылып, ол жайында еңбек кiнешкесi мен зейнетақы iсiнде белгi қойылады.
12. Куәлiк жоғалған жағдайда дубликат алу үшiн бұл туралы арнаулы комиссияға хабарланады.
13. Тiркеу және бiржолғы ақшалай өтем жасау процесiнде пайда болатын даулы мәселелер арнаулы комиссияларда немесе тұрғылықты жердегi халық сотында шешiледi.
N 1 Қосымша
__________________________
Кәсiпорынның, ұйымның және
мекеменiң атауы
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан
зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жеңiлдiктер мен бiржолғы
ақшалай өтем алуға құқығы бар қызметкерлердiң
ТIЗIМI
____________________________________________________________________
|Алушының және оның |Туыстық|Туған жерi,|Аймақта тұрған уақыттары|
N |отбасы мүшелерiнiң |қатысы |жылы, айы |________________________|
|фамилиясы, аты-жөнi| |мен күнi |төтенше |ең жоғары |
| | | |радиациялық|радиациялық |
| | | |қауiптi |қауiптi |
___|___________________|_______|___________|___________|____________|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
___|___________________|_______|___________|___________|____________|
___________________________________________________________________
Аймақта тұрған уақыттары |Табыс етiлген құ. |Куәлiктiң |
___________________________________|жаттардың тiзбесi,|нөмiрi, жылы|
жоғары ра.|ең төме н |жеңiлдiктi |олардың аймақта |мен айы, |
диациялық |радиациялық|әлеуметтiк- |тұруды растайтын |күнi, кiм |
қауiптi |қауiптi |экономикалық|мазмұны, әр құжат.|жазып |
| |мәртебесi |тың нөмiрi, берiл.|берген |
| |бар |ген айы мен жылы | |
| | |және кiм берген | |
__________|___________|____________|__________________|____________|
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
__________|___________|____________|__________________|____________|
____________________________
Бiржолғы жасалған |Ескерту |
өтемнiң сом есе. | |
бiндегi сомасы | |
__________________|________|
12 | 13 |
__________________|________|
М.О. Комиссияның төрағасы (қолы)
Комиссияның мүшелерi (қолдары)
датасы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1996 жылғы 26 мамырдағы
N 431 қаулысымен
бекiтiлген
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ
салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы ақшалай
өтем жасау үшiн жұмсалатын шығындарды қаржыландыру,
есепке алу және есеп беру тәртiбi туралы
НҰСҚАМА
1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды" әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруға байланысты шығындардың бiржолғы ақшалай өтем жасауға қатысты бөлiгi республикалық бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады және қатаң түрде мақсатты болып табылады.
2. "Бiржолғы ақшалай өтем төлеуге жұмсалатын шығындарды" бюджеттiк жiктеудiң 1 параграфы, 232 бөлiмi бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға қаржы жұмсау Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және оларға бiржолғы ақшалай өтем жасау тәртiбiне қатаң түрде сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы ақшалай өтем төлеуге жұмсалатын шығындарға арнап белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне (Қазақстан Республикасының зейнетақы қорының есепшотына), Қорғаныс министрлiгiне, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне республикалық бюджеттен, басқа әскери құрамаларға бюджеттiк жiктеудiң 1 параграфы бойынша "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шығындардың" 232 бөлiмi бойынша кредит ашады.
4. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi аталған өтем жасауды жергiлiктi жерлерде жүргiзу үшiн табыс етiлген өтiнiмдерге сәйкес бюджеттiк тапсырыспен ашылған кредиттi аванс ретiнде облыстық халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларына Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының есепшотына аударады.
5. Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар республиканың Зейнетақы қорына жарна төлеуге жататын әлеуметтiк сақтандыру қорының есебiнен өз азаматтарына қажеттi төлемдердi жасап, тоқсандық есептерге 1 параграф бойынша iс жүзiндегi төлемдер туралы мәлiметтердi келтiредi, бұл төлемдердi халықты әлеуметтiк қорғау органдары N 4 есеп беру нысаны негiзiнде сақтық жарналардың есебiне қосады.
6. Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң есебiне сәйкес төлемдердiң жалпы сомасын халықты әлеуметтiк қорғау органдары тоқсан сайын төлемдiк тапсырыспен бюджеттiк шоттан 829 есепшотқа қайта аударады.
7. Облыстық халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары тоқсандық есеппен бiрге Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға 1 параграф бойынша iс жүзiнде жасалған төлемдер туралы мәлiмет табыс етедi.
8. Кредит ашылған министрлiктер Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға жасалған өтем төлеу туралы "Мекемелердiң шығыс сметасының орындалуы туралы есептiң" N 2 нысаны бойынша тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне есеп табыс етiп отырады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1996 жылғы 26 мамырдағы
N 431 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақ салдарынан зардап шеккенi үшiн жеңiлдiктер
алу құқығы барын растайтын
КУӘЛIК
Серия N
Фамилиясы ___________________________
Аты _________________________________
Әкесiнiң аты ________________________
Туған жылы __________________________
19__ жылдан ________ 19__ жылға дейiн
_____________________________________
_____________________________________
радиациялық қауiп-қатер аумағында
------------------------------------
19__жылдан__________19__ жылға дейiн
____________________________________
____________________________________
_____________________________________
радиациялық қауiп-қатер аумағында тұрған
_____________________________________
(куәлiк берген мекеме)
Берiлген күнi Мөрдiң орны Қолы
Куәлiктiң мерзiмi жоқ және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына жарамды.
Ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға
берiлетiн жеңiлдiктер туралы (Қазақстан Республикасының
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан
зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы"
1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңынан)
5, 6, 7, 8, 9-баптарда көрсетiлген аймақтарда тұрған және тұратын азаматтарға сараланған бiржолғы өтем жасауға кепiлдiк берiледi.
Бұған қоса, осы азаматтардың Заңда белгiленген шекте:
жеңiлдiк шарттар негiзiнде зейнетақы;
стажын есептеу жөнiнде жеңiлдiктер;
ядролық сынақ салдарынан мүгедек болған мүгедектерге арналған жыл сайынғы емдеу жәрдемақысы;
еңбегiне, зейнетақысына, стипендиясына қосымша ақы мен жәрдемақы;
жыл сайын ақылы қосымша демалыс алуға құқығы бар.
ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен аумақтарға тұратын балалар мен 18 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдердiң санаторий-сауықтыру мекемелерiнде (медициналық анықтамалар бойынша) тегiн сауықтыруға құқығы бар.
__________________________________________________________
Бiржолғы ақшалай өтем жасау ______________________________
____________ мөлшерiнде төлендi.
__________________________________________________________
(ұйым атауы, өтем жасауды берген адамның қолы,
айы мен күнi, мөрi)
Алушының тiкелей өзiнiң қолы ______________________
____________ мөлшерiнде төлендi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1996 жылғы 26 мамырдағы
N 431 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
жанындағы Радиация әсерiнен зардап шеккен адамдардың
ауруға шалдығу себептерi осыған байланысты екенiн
анықтау жөнiдегi орталық ведомствоаралық сарапшылар
Кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Айдарханов - Қазақстан Республикасының
Арман Тергеуұлы Денсаулық сақтау вице-министрi,
төраға
Сағын Халел - Қазақстан Республикасының
Әлжанұлы Денсаулық сақтау министрлiгi Емдеу-
профилактикалық жұмыс
департаментiнiң директоры,
төрағаның орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Серiк Егелұлы Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және
медициналық өнеркәсiп комитетiнiң
төрағасы
Байсеркин - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Сәтжанұлы Денсаулық сақтау министрлiгi
Мемлекеттік санитарлық-эпидемио-
логиялық қадағалау комитетi
төрағасының орынбасары
Сексенбаев - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Денсаулық сақтау министрлiгi
Дербісәліұлы хирургиялық бөлiмiнiң бастығы
Әбсалықов - "Радиациялық медицина және
Қазбек Нығметұлы экология ғылыми-зерттеу институты"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорнының директоры
(келiсiм бойынша)
Көшенов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Мейірхан Ахметұлы және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi медициналық-әлеуметтiк
сараптау бөлiмiнiң бастығы
Хайруллин - Қазақстан Республикасының
Бекбай Есләмұлы Денсаулық сақтау министрлiгi ана
мен баланың денсаулығын қорғау
бөлiмiнiң бастығы, Қазақстан
Республикасының бас педиатры
Қабыкенова - Қазақстан Республикасының
Раушан Қасымқызы Денсаулық сақтау министрлiгi
терапиялық қызметтi ұйымдастыру
бөлiмiнiң бас маманы, Қазақстан
Республикасының бас терапевтi
Разумова - Қазақстан Республикасының
Рәмзия Рүстемқызы Денсаулық сақтау министрлiгі ана
мен баланың денсаулығын қорғау
бөлiмiнiң бас маманы, Қазақстан
Республикасының бас акушер-гинекологы
Тастанова - Қазақстан Республикасының
Айгүл Қапанқызы Денсаулық сақтау министрлiгi
терапиялық қызметтi ұйымдастыру
бөлiмiнiң бас маманы, Қазақстан
Республикасының бас психиатры
Қанапиянов - Қазақ онкология және радиология
Ғазиз Серғазыұлы ғылыми зерттеу институты
директорының орынбасары,
Қазақстан Республикасының штаттан
тыс бас радиологы (келiсiм бойынша)
Хамзабаев - Ақмола мемлекеттiк медицина
Жанғали Хамзабайұлы академиясы сәулелiк диагностика
және сәуле терапиясы кафедрасының
меңгерушiсi, Қазақстан Республика-
сының штаттан тыс бас рентгенологы
(келiсiм бойынша)
Сейсембеков - Ақмола мемлекеттiк медицина
Тельман Зейноллаұлы академиясы iшкi аурулар кафедрасының
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Слесарев - Республикалық Ұлы Отан соғысы
Владимир Гиоргиевич ардагерлерi госпиталiнiң бастығы
(келiсiм бойынша)
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397
қаулысымен
.