Iшкi iстер органдарын нығайту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 қаңтар 1993 ж. N 78

Қолданыстағы
      Республика азаматтарының конституциялық хұқықтарын тиiстi қамтамасыз ету және олардың өмiрiне, денсаулығына және меншiгiне қылмысты қол сұғудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне 3119

адам мөлшерiнде қосымша штат саны бөлiнсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қосымша штат санын ұстауға
арналып 1993 және одан кейiнгi жылдары қажеттi қаражат бөлiнуiн
көздейтiн болсын.
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-министрi