Iшкi iстер органдарын нығайту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 қаңтар 1993 ж. N 78. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

Күшін жойған

      Республика азаматтарының конституциялық хұқықтарын тиiстi қамтамасыз ету және олардың өмiрiне, денсаулығына және меншiгiне қылмысты қол сұғудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне 3119 адам мөлшерiнде қосымша штат саны бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қосымша штат санын ұстауға арналып 1993 және одан кейiнгi жылдары қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi