1. Мұра жөніндегі істер бойынша дауларды шешкенде соттар мұра ашылған кезде қолданылған заңды басшылыққа алуы тиіс.
2. Мұра қалдырушының тұрақты жерінен уақытша кетуіне байланысты: мысалы: нақты әскери қызметіне, оқуына, жұмыс жағдайымен түріне қарай іссапарына, өңделу мекемесіне орналасуына, бас бостандығын айыру орнына қамалуына байланысты кеткенде және тағы басқа жағдайларда - мұраның ашылған жері болып, оның соңғы түпкілікті тұрағы есептеледі.
3. АК-нің 1042 бабына сәйкес мұраның ашылған уақыты болып мұра қалдырушының өлген күні, ал оны өлген деп жариялағанда - азаматты өлген деп жариялаған сот билігінің күшіне кірген күні танылады. Мұндай жағдайда, егер бірінен кейін бірі мұрагер болатын азаматтардың өлімі бір уақытта немесе бір күн тізбелік тәуліктік ішінде бірақ әрбөлек сағатта болса, онда олар бір-бірінен кейін мұраға ие болмайды, мұра тек олардың әрқайсысынан кейін ашылады. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22.
N 18 қаулысымен. P00018s_
4. АК-тiң 1068-бабына сәйкес қайтыс болған адамның ол қайтыс болғанға дейін және онымен бiрге тұрған кемінде бір жыл бойынша қарауында болған, еңбекке қабілетсіз адамдар заң бойынша мұрагерлер қатарына жатады. <*>
Бұл ретте соттар елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерді, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектерді, оларға қарттығына байланысты зейнетақы немесе мүгедектiгiне байланысты жәрдемақы тағайындалғанына не тағайындалмағанына қарамастан, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған адамдарды, ал он сегіз жастағы және жасы одан асқан оқушыларды - күндiзгi оқу нысаны бойынша оқу орындарындағы оқуы аяқталғанша, бiрақ әрi кеткенде жиырма үш жасқа дейiн еңбекке қабiлетсiз адамдардың қатарына жатқызуға болатынын назарда ұстаулары қажет. <*>
Мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кем дегенде бiр жыл оның асырауында болған немесе онымен бiрге тұрған еңбекке қабiлетсiз адамдар заң бойынша мұрагерлер қатарына жатқызылады және мұраны иелену кезегі бойынша шақырылатын мұрагерлермен бiрге мұраны иеленедi. <*>
АК-тiң 1061-1066 баптарында көрсетiлген заң бойынша мұрагерлер қатарына жатқызылған, бiрақ мұраны иелену кезегі бойынша шақырылатын мұрагерлер қатарына кiрмейтiн еңбекке қабілетсіз адамдар, егер мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болса, олардың мұра қалдырушымен бiрге тұрған тұрмағанына қарамастан осы кезектегі мұрагерлермен бiрге мұраны иеленедi. <*>
Заңды мұрагерлер болған жағдайда бұл адамдар мұраның әрi кеткенде төрттен бiр бөлiгiн иелене алады. <*>
Мұра қалдырушының толық қарауына немесе онан тұрақты өмір сүруіне ең қажетті көмек алып тұрған адамдар есептеледі.
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22.
N 18 қаулысымен. P00018s_
5. <*>
Ескерту. 5-тармақ алып тасталды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
2000.12.22. N 18 қаулысымен. P00018s_
6. Заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер, егер ол өзiнiң мұраны иеленуге шақырылғаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап алты айдың ішiнде мұрадан бас тартпаса, АК-тiң 1045-бабында көзделген негiздер бойынша мұраны иелену құқығынан айырылмайды және оны заңмен белгiленген тәртiпте мұрагер деп тағайындау туралы өсиеттiк өкiмдi жарамсыз деп танудың салдарынан мұраны иелену құқығын жоймаса, мұра ашылған уақыттан бастап АК-тiң 1072-бабына сәйкес оған тиесiлi мұраны немесе оның бөлiгін /үлестi/ иелену құқығын алады.
Мұрадан бас тарту үшiн мерзiмдi сот дәлелдi себептер болған жағдайда екi айдан аспайтын уақытқа ұзартуы мүмкiн.
Мұрадан бас тарту бiр жақты мәмiле болғандықтан, ол мұрагер тарапынан жойылуға немесе қайтарылып алуға жатпайды, бiрақ ол мәмiле ретiнде ҚР Азаматтық кодексiнiң негiздерi бойынша /4-тарау/ жарамсыз болып танылуы мүмкiн.
Мұрагер оған берiлген мерзiм /алты ай/ өткеннен кейiн, сондай-ақ, егер мұрагер мұралық мүлiктi шын мәнiсiнде иеленуге кiрiссе не оған билiк жүргiзсе не оның мүлiкке құқығын куәландыратын құжаттарды алу жөнiнде өтiнiш жасаса, мұрадан бас тартуға құқылы емес. Мұрадан бас тартуды мұрагер мұра ашылған жердегi нотариуске арыз беру жолымен ресiмдейдi. АК-тiң 167-бабына сәйкес ресiмделген сенiмхатта мұрадан бас тарту үшiн өкiлеттік белгiленген жағдайда, мұндай арызды мұрагердiң өкiлiнiң беруiне болады.
Мұраны иелену құқығы туралы куәлiктi алу мұрагердiң мiндетi емес құқығы болып табылатыны ескерiле отырып, аталған куәлiктiң болмауы, егер мұра белгiленген тәртiппен қабылданған болса, мұрагерлiк құқықтардың жойылуына негiз бола алмайды. <*>
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
2000.12.22. N 18 қаулысымен. P00018s_
7. Мұраның ашылғанына алты айлық мерзім өтпей тұрып талап қойылса, соттар көрсетілген мерзім өткенше АІЖК-нің 242-бабының 4)-тармақшасына сай іс жүргізуді тоқтата тұруы қажет. <*>
Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22.
N 18 қаулысымен. P00018s_
8. <*>
Ескерту. 8-тармақ алып тасталды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
2000.12.22. N 18 қаулысымен. P00018s_
9. <*>
Ескерту. 9-тармақ алып тасталды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
2000.12.22. N 18 қаулысымен. P00018s_
10. Жалпы бiрлескен ортақ меншiкке қатысушы қайтыс болған жағдайда мұра оның ортақ мүлiктегi үлесіне ашылатынын, ал осы үлестi заттай бөлiп беру мүмкiн болмаған жағдайда - үлестiң құнына қатысты болатынын соттар есте ұстаулары қажет. <*>
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
2000.12.22. N 18 қаулысымен. P00018s_
11. Азаматтардың банкідегі ақшалары мұра құқының жалпы ережелеріне сай мұраланады.
Жұбайлардың неке кезінде жинаған ақшалары олардың жалпы ортақ меншігі болып есептеледі. Өлген жұбайының үлесі тірі қалған жұбайының атына салған ақшаға қарай анықталады.
Барлық мүлік көрсетілген тәртіппен куәлендірілген өсиетпен қалдырылғанда, оған банкідегі ақшада кіреді, егер ол жөнінде осы өсиеттен кейін жасалған басқа өсиет болмаса.
12. Соттар мұрагерлердің араларындағы өсиеттің шындығы туралы дауларын шешкенде, өсиеттің формасына және мазмұнына аса негізді мән беретін заңды қолдануға тиісті (АК-тiң 153-бабының 2-тармағы, 1050, 1051-баптары) - оны сақтау өсиеттің заңды екенін қамтамасыз етеді. <*>
Соттарға өсиеттi азаматтардың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн екенi түсiндiрiлсiн. Мұндай адам үшiн өсиеттiң жарамсыз деп танылуы өсиеттi әзiрлеудiң, оған қол қою мен куәландырудың АК-тiң 1050 және 1051-баптарымен белгiленген тәртiбiнiң бұзылуынан, сондай-ақ мәмiленi жарамсыз деп тану үшiн азаматтық заңнамамен белгiленген негiздер бойынша мүліктiк салдары болады /АК-тiң 4-тарауы/. Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойына мұрадан айырылған мұрагер АК-тiң 1060-бабына сәйкес заң бойынша мұраны иеленуге шақырылады. <*>
Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22.
N 18 қаулысымен. P00018s_
13. Жоспарсыз салынған құрылысқа қалдырған өсиеттің (үй, саяжай, гараж) және мұра қалдырушы қайтқанда заңдандырылмаған құрылыстың ешқандай заңды күші болмайды. Мұра қалдырушы өлгеннен кейін оның атына жазылып заңдандырылғанда тек заң бойынша мұра ашылады.
14. АК-тiң 1046, 1050-баптарына сәйкес өсиетті тек әрекет қабілеті бар азамат қалдыра алады. Өсиетті куәлендіретін адамға, міндетті түрде өсиет қалдырудың әрекет қабілеті бар екендігін тексеру жүктеледі. <*>
АК-тiң 159-бабының 7-тармағының негiзгi бойынша өсиеттiң жарамсыздығы жөнiндегi дауды шеше отырып, соттар сарапшының қорытындысы сот үшiн мiндеттi емес екенiн, алайда оның қорытындымен келiспеуi дәлелденуге тиiс екенiн назарда ұстаулары қажет /АІЖК-нiң 96-бабының 7-бөлiгi/. <*>
Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22.
N 18 қаулысымен. P00018s_
15. Мұрагердің мұрадағы міндетті үлесіне құқығы, мұраның ашылған күнінен бастап есептелетінін соттардың ескеруі керек.
Мұра қалдырушыға АК-тің 1069 бабымен өсиет ету еркіне мынадай тежеу көрсетілген: жасы толмаған немесе еңбекке қабілетсіз балалары, оның ішінде бала ғып алған балалары, еңбекке қабілетсіз ері-зайыбы, ата-аналары (бала ғып алушылары) өсиеттің мазмұны қандай болса да, олардың әрқайсысы заң бойынша мұрагер болғанда өзіне тиісті мұраның кемінде жарты мөлшеріне ие болады (міндетті үлес). <*>
Мұндай жағдайды заң мұрагердің міндетті үлеске құқығын оның мұра қалдырушымен бірге тұрғанымен және жалпы шаруашылықты бірге жүргізгенімен байланыстырмайды.
Егерде, міндетті үлеске құқығы бар мұрагер, мұра мүлікті заңда белгіленген тәртіппен қабылдап алмаса онда мүлік өсиет қалдырған мұрагерге өтеді. Міндетті үлеске құқық мұрагердің жеке өзімен ғана байланысты, сондықтан мұндай мұрагер тиісті мұрасын алуға үлгірмей қайтыс болса, оның міндетті үлес алу құқығы трансмиссия ретінде оның мұрагерлеріне ауыспайды. <*>
Міндетті үлес алатын мұрагерлердің құқығы бұзылған жағдайда, өсиетпен қалдырылған мұраның тек міндетті үлес бөлігі ғана заңсыз деп танылады. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн белгiленген кез келген шектеулер мен ауыртпалықтар тек мұраның мiндеттi үлестен асатын оған көшетiн бөлiгiне қатысты жарамды болады. <*>
Міндетті үлестің мөлшерін анықтағанда соттар мұра болып қалған мүліктердің құнын, оған үй жиһаздары мен бұйымдарын қосқанда, өсиет болмаған кезде заң бойынша, мұрагерлікке шақырылатын барлық мұрагерлерді есептеу керек.
Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22.
N 18 қаулысымен. P00018s_
16. АК-тiң 1078-бабына сәйкес, мұра ашылғанға дейiн бiр жыл бойы мұра қалдырушымен бiрге тұрған мұрагерлер тұрғын үй-жайды, сондай-ақ үй жиhаздары мен бұйымдарын мұра ғып алу жөнiнде басым құқыққа ие болады. Мұра қалдырушымен бiрге ортақ бiрлескен мүлiкке меншiк құқығы бар мұрагерлердiң ортақ меншiктегi мүлiктi мұралыққа алу кезiнде артықшылық құқығы болады. Аталған артықшылығы бар құқықты жүзеге асырған кезде мұраны бөлуге қатысатын басқа мұрагерлердiң мүлiктiк мүдделерi сақталуға тиiс. <*>
Үй жиһаздары мен бұйымдарға қандай мүліктерді жатқызу туралы мұрагерлердің арасында шыққан даулар сотта нақты жағдайға және жергілікті әдет-ғұрыптарға байланысты шешіледі. Мұндай жағдайда барлық мұра болып қалған мүліктерге қарай және егер бұл мүліктер тұрмысқа пайдаланылған болса, кітапхана (балалардікінен басқа), қымбат бағалы аудио және көрсеткіш аппараттар, хрусталь ыдыстар, шырақтар (төбе шам) т.с.с. мүліктер кәдімгі үй жиһаздары мен бұйымдар ретінде саналады.
Кәдімгі жиһаздар мен бұйымдарға антикварлық, көркемдік, тарихи немесе басқа құндылығы бар бұйымдар жатпайды. Бұйымдардың көркемдік, тарихи немесе басқа құндылығы туралы шыққан дау мәселесін шешу үшін сот экспертиза тағайындай алады.
Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22.
N 18 қаулысымен. P00018s_
17. Мүлiктi бөлу оларға тиесiлi үлестерге сәйкес мұрагерлердiң келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот тәртiбiмен жүргiзiледi. Мұралық мүлiктi бөлу туралы дауды шеше отырып, сот оның құрамын және істi қарау кезiндегi оның нақтылы құнын істi қараған уақытқа сәйкес анықтауға тиiс. Бөлуге жататын мүлiктiң құрамына мұра қалдырушының АК-тiң 115, 116-баптарына және 191-бабының 2-тармағына сәйкес, азаматтардың меншiк құқығының объектiсi болуы мүмкiн жылжитын және жылжымайтын мүлкi қосылуы мүмкiн.
Соттар мұралық мүлiктi өсиет бойынша мұрагерлер арасында бөлу, мұраның бәрi немесе оның бiр бөлiгi мұрагерлерге нақтылы мүлiк көрсетiлмей, үлестей мұра етiлiп қалдырылған жағдайларда мүмкiн болатынын назарда ұстаулары қажет. <*>
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
2000.12.22. N 18 қаулысымен. P00018s_
18. Егерде сақтандыру өтеуін алуға бұрын тағайындалмаған болса, сақтандыруды өлген жағдайда оның қарауында және асырауында болған кәмелетке толмаған және еңбекке жарамайтын балалары, ата-аналары оның сақтандыру бойынша қандайда болмасын тиісті бөлігін өтеуін алуға құқылары жоқ.
Сақтандыру өтеуі мына жағдайда мұра мүлкіне кіреді:
- егерде сақтандыру өтеуін алуға тағайындалған адам сақтандырылушыдан бұрын қайтыс болса, ал басқаша көрсетілмесе;
- егерде келісілген шарт бойынша өтеуін алатын адамның әдейі істеген қылмысты әрекетінен сақтандырылушы қайтыс болса;
- егерде сақтандыру шартының мезгілі өтуіне байланысты алуға тиісті өтеуін алғанша сақтандырылушы қайтыс болса;
- егерде сақтандырушы сақтандыру шартын жасағанда өзі қайтыс болғанда қалай болу керек жөнінде әмір қалдырмаса;
- әуе, теміржол, теңіз, ішкі су және автомашина транспорттарының апаттарынан сақтандыру шарты жасалған жолаушы адамдар, онымен қатар сақтандыру шарты жасалған әскерлер, әскерге міндеттілер, ішкі істер органының қатарындағы және басқарушылар құрамы қайтыс болса.
19. Отан соғысының мүгедектерінің тегін алған автомашинасы немесе мотоколяскасы ол қайтыс болса семьясының жеке меншігінде қалады.
20. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" Заң күшi бар Жарлығының 45-бабының 1-тармағына сәйкес өлген адамның мүлігімен қатар жер участогіне өмір бойы мұралық игеру құқығы да мұраланады. <*>
Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22.
N 18 қаулысымен. P00018s_
21. Мұраны қабылдаған мұрагер мұраны бөлу дауын шешкенде мұрадан бас тарта алмайды. Ол тек талабынан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда ол өзіне тиесі мұра бөлігін басқа мұрагерлердің біреуіне береді немесе басқа мұрагерлерге бөлініп беріледі. Келісумен немесе ескертумен мұрадан бас тартуға болмайды.
22. Мұралық мүлікті бөлгенде мұраны қабылдаған мұрагерлердің келісімімен оларға тиісті үлестері мүмкіншілігінше нәрседей бөлінеді, тек төтенше жағдайда шешім қабылданған кездегі бағамен ақшалай төлеммен өндіріледі.
Соның ішінде, мұрагерлер арасындағы тұрғын үй (пәтерді) бөлгенде, егер бөлінетін мұрагердің үйге үлесі азғантай болса, оның үстіне үйді бөлуге мүмкіншілік болмаса, бұл мұрагер үйде тұрмаса және басқа тұрғын үймен қамтамасыз етілген болса, сот оның үлесіне ақшалай төлем төлеуге қалған мұрагерлерді міндеттей алады. Ақшалай төлем алғаннан кейін тұрғын үйдің сол бөлігіне өзіндік меншік құқы жойылады.
Мұрагерлердің үлесі бірдей болып және ақшалай төлем алудан бас тартқан жағдайда, сот тұрғын үй (пәтерді) бөлуден бас тартып, оны мұрагерлердің ортақ меншігінде қалдырады. 23-25. <*> Ескерту. 23-25 тармақтар алып тасталды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22. N 18 қаулысымен. P00018s_ 26. Келтірілген зиянды өндіру жөніндегі талап бойынша, іс бойынша жауапкер адам өлгенде, істі өндірістен қысқартуға болмайды (АІЖК-нiң 247-бабының 5) тармақшасы), өйткені заң бұл құқық қатынасында құқық қабылдау мүмкіндігін жасаған және мұра қабылдаған мұрагерлер мұра қалдырушының берешегіне өздеріне өткен мұра мүлкінің көлемінде жауап береді. Ескерту. 26-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22. N 18 қаулысымен. P00018s_ 27. <*> Ескерту. 27-тармақ алып тасталды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22. N 18 қаулысымен. P00018s_ 28. Осы қаулының қабылдануымен байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1976 жылғы 29 наурыздағы N 2 (1978 жылы 23 наурыздағы және 1987 жылғы 2 қазандағы енгізілген өзгерістер және қосымшалар) "Соттардың мұра жөніндегі заңды қолдануының кейбір мәселелері жөніндегі" қаулысының күші жойылды деп танылсын. "Мұра қабылдау істері жөніндегі соттардың тәжірибесі туралы" N 8 ССРО Жоғарғы сотының 1986 жылғы 1 шілдедегі "Пленумның қаулысы қолданылмайды" деп саналады. Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.