Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Мұрагерлiк жөнiндегi заңдарды соттардың қолдануындағы кейбiр мәселелер туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 7 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 2000 жылғы 22 желтоқсан N 18. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген, Заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеме болып қайта ұйымдастыруға жататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы мекемелердің тізбесіндегі:
      реттік нөмірі 51-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 53-жолдағы "аймақтық" деген сөз "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі