"Қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу жөнінде заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" ССРО Жоғарғы Соты Пленумының 1979-жылғы 23-наурыздағы N 1 қаулысын (Пленумының 1984-жылғы 25-сәуірдегі N 7 қаулысымен енгізілген толықтыруларымен қоса) Республика соттарының орындау барысы туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1990 жылғы 19 наурыз N 1 (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 179 бет). Күші жойылды - Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 1 нормативтік қаулысымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 1 нормативтік қаулысымен .

      Қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы сот практикасын қорыту нәтижелерiн талқылай келiп, Пленум республика соттары заңдарды негiзiнен дұрыс қолданып, СССР Жоғарғы Соты Пленумының жоғарыда аталған қаулысының талаптарын орындайтынын атап көрсетедi. Сонымен бiрге олардың қызметiнде елеулi кемшiлiктер де бар.

      Соттар әлi күнге дейiн алдын ала тергеу материалдарына қажеттi талап қоймайды, қылмыс бойынша материалдық залал келтiрiлген адамдардың праволарының бұзылу жағдайларына, айыпты адамдардың мүлкiне дер кезiнде тыйым салмау фактiлерiне және азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету үшiн басқа шаралар қолданылмауына тиiсiнше назар аударып отырмайды, өздерi де мұндай шараларды әрдайым қолдана бермейдi. Кейде қылмыстық iстердi талапкер мен жауапкердi шақырмай қарайды, материалдық залалдың сипаты мен мөлшерi туралы дәлелдемелердi толық зерттемейдi. Жекелеген соттар залалды өтету туралы шешiмдердi тиiсiнше дәлелдемейдi, кейде азаматтық талаптарды қараусыз қалдырады. Кассациялық және қадағалау инстанцияларының соттары көбiнесе iстердi қарау кезiнде соттар жiберген қателiктердi жоюға шара қолданбайды.

      Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

      1. Республика соттарының назары қылмыстық iстегi азаматтық талаптарды шешуде орын алып отырған кемшiлiктерге аударылсын және олардан заң талаптарын, "Қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өтеу жөнiнде заңдарды соттардың қолдану практикасы туралы" CCPO Жоғарғы Соты Пленумының 1979-жылғы 23-наурыздағы N 1 қаулысының (Пленумның 1984-жылғы 25-сәуiрдегi N 7 қаулысымен енгiзiлген толықтыруларымен қоса) талаптарын сөзсiз орындау талап етiлсiн.

      2. СССР Жоғарғы Соты Пленумының аталған қаулысының 4-тармағына сәйкес айыпкердi сотқа берген кезде азаматтық талап қойылған ба, оны қамтамасыз етуге шаралар қолданылған ба, тиiстi адамдар азаматтық талапкер болып танылған ба және жауапкер ретiнде тартылған ба деген мәселелердi соттың анықтауы қажет.

      Талапты сот мәжiлiсiнде қарау үшiн жеткiлiктi негiздер бар деп танылғаннан кейiн сот (судья) айыпкердi сотқа беру туралы ұйғарудың (қаулының) баяндау бөлiгiнде мұны атап көрсетiп, ал қорытынды бөлiгiнде, азаматтық талапкер немесе олардың өкiлдерi ретiнде сотқа шақырылуға тиiс адамдарды көрсете отырып, қылмыстық iспен бiрге талаптың қарауға қабылданғанын, ал қажет болған ретте талапты өз ынтасымен қамтамасыз ету шараларын да көрсетуге мiндеттi.

      Талап соттың қарауына жатпайтын кезде немесе талап бойынша іс жүргiзудi тоқтатуға әкеп соқтыратын өзге мән-жайлар болған жағдайда ұйғаруда (қаулыда) тиiстi шешiм атап көрсетуi тиiс.

      3. Егер іс бойынша азаматтық талап қойылса, онда Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің 29, 30-статьяларының, Азаматтық iстер жүргiзу кодексінің 163-статьясының мағынасы бойынша талап жөніндегi арыз сот мәжiлiсiнде жариялануға, ал азаматтық талапкерден, жауапкерден немесе олардың өкiлдерiнен талап бойынша жауап алынуға тиiс екендігі соттарға түсіндірілсін.

      4. Соттар айыпкердiң қандай әрекетiнен немесе әрекетсiздiгiнен залал келтiрiлгенiн, мұның қандай дәлелдемелермен расталатынын, залалдың мөлшерi қандай екендігін, оның неден құралатынын, заңға сәйкес материалдық жауапты болатынын және өндiру кiмнiң пайдасына шешiлетінін мұқият анықтауы қажет.

      Басқа адамдардың иелiгiндегi мүлiк сотталушынiкi екенін, сондай-ақ жұбайлардың не колхозшы ауласы мүшелерінің бiрлескен меншiгi қылмыстық жолмен табылған қаржыға алынғанын анықтағаннан кейiн сот тиiстi дәлелдемелер келтiре отырып, бұл туралы үкiмде көрсетiп, сөйтiп залалды өтеу осы мүлiктерге де қойылуы мүмкiн екендiгiн көрсетуге тиiс.

      Материалдық жауапкершіліктi жүктеген кезде СССР Жоғарғы Соты Пленумының жоғарыда аталған қаулысының 12-тармағының ортақ және үлесті жауаптылық жөнiндегi талаптары қатаң басшылыққа алынсын.

      Қаулының аталған тармағында баяндалған, бiрлескен іс-әрекет арқылы залал келтiрген сотталушыға, егер өндiрiп алудың мұндай тәртiбi талапкердiң мүддесiне сай келсе және залалдың өтелуiн қамтамасыз етсе, сот ортақ жауапкершілік емес, үлестi жауапкершілік жүктеуге праволы екендiгi туралы түсiнiктемеге соттардың назары аударылсын.

      5. СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1979-жылғы 23-наурыздағы N 1 қаулысының 5-тармағына сәйкес қылмыстық iсте Қылмыстық іс жүргiзу кодексінің 14-статьясының 2-10-тармағында, 14-1, 14-2-статьяларында көзделген негіздер бойынша ісі қысқартылған адамдарға материалдық залалды өтеу мiндетiн жүктеуге болмайтындығы соттарға атап көрсетiлсiн.

      6. Егер шешiм сотталушыны ауырырақ қылмыс үшiн айыпты деп тануға немесе басқа түрде оның жағдайын нашарлатуға, қорғану правосының бұзылуына әкеп соқтырмайтын жағдайда ғана сот сотталушыдан талап арызында көрсетiлген сомадан көп сома өндiре алады.

      Қылмыстық iсте сотталушының қылмыстық iс-әрекетiне байланысты емес залалды өндiрiп алу туралы азаматтық талапты қарауға жол берiлмейдi.

      7. Айыптау үкiмiн шығара отырып, сот Қылмыстық іс жүргiзу кодексінің 295-статьясына сәйкес азаматтық талапты Қылмыстық іс жүргiзу кодексінің 251-статьясында көзделген реттерде азаматтық талапкер немесе оның өкiлi келмеген жағдайда ғана қараусыз қалдыруға праволы.

      8. 15 жастан 18 жасқа дейiнгi жасы толмағандардың келтiрген материалдық залалын ата-аналардың (бала ғып алушылардың) өтеу мiндетi Азаматтық кодекстің 446-статьясына сәйкес ол кәмелетке толғаннан кейiн немесе залалды өтеуге жеткiлiктi мүлкiне еңбек табысы пайда болған кезде тоқтатылатынына соттардың назары аударылсын.

      9. СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1979-жылғы 23-наурыздағы N 1

      қаулысының 19-тармағына сәйкес соттар анықтама және алдын ала тергеу

      жүргiзген кезде жiберiлген материалдық залалды өтеу туралы заңды бұзудың

      әрбiр жағдайына назар аударуы керек.

      10. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Қылмыстық iстер жөнiндегi сот

      коллегиясы, облыстық және Алматы қалалық соты қылмыстық iсте соттардың

      азаматтық талапты дұрыс қарауын қадағалауды күшейтсiн, бұл мәселе

      жөнiндегi сот практикасын ұдайы қорытып, кемшiлiктердi жоятын болсын.

      Мамандар:

      (Қасымбеков Б.А.)

      (Икебаева Ә.Ж.)