Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 683 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1145 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу қағидасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.".
2. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларында:
2-тармақтың 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
39) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Ведомствоға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға дайындалудың және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде аукционға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.";
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның 2-тармағына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бірыңғай дистрибьютор – қызметін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;";
26-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ санитариялық-техникалық шарттарға (желдету жүйесі, температура мен ылғалдылық датчиктері) сәйкес келетін, материалдық құндылықтарды сақтауға арналған объектілердің болуы;".
4. "Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңару және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларында:
2-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"28) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Сатушыға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға, жабық тендерге дайындалу және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде аукционға, жабық тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.";
көрсетілген Қағидаларға қосымшаның 2-тармағына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
5. "Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 63) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Жойқын жер сілкінісі кезінде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
"Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау | қажет болса | тізім |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи өрт шыққан кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
"Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау | қажет болса | тізім |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген Су жайылған, су көтерілген, су тасыған және сел тасыған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
"Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау | қажет болса | тізім |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар, оның ішінде тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі авариялар кезінде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
"Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау | қажет болса | тізім |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген Күшті әсер ететін, улы және радиоактивті заттардың атмосфераға шығарылуына байланысты төтенше жағдайлар кезінде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
"Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау | қажет болса | тізім |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қауіпті биологиялық факторлар туындаған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
"Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау | қажет болса | тізім |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген Эпидемиялар туындаған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
"Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау | қажет болса | тізім |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген Эпизоотиялар туындаған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
"Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау | қажет болса | тізім |
".