Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы 1205 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";
"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 1072 қаулысына 1-қосымша "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 1205 га
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 1072 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысымен бекітілген |
"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с № | Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер (атауы) | Өлшем бірлігі | Базалық кезең (2019)* | Нысаналы индикатор | |||
2022 жылға қарай қол жеткізу | 2027 жылға қарай қол жеткізу | 2032 жылға қарай қол жеткізу | 2037 жылға қарай қол жеткізу | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд теңге | 28,4* | 200 | 450 | 600 | 695 |
1) | шетелдік инвестициялар көлемі | млрд теңге | 40 | 210 | 290 | 375 | |
2) | отандық инвестициялар көлемі | млрд теңге | 28,4* | 160 | 240 | 310 | 320 |
2 | АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі | млрд теңге | 1 | 3 | 290 | 2400 | 3700 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
3 | Өңір экономикасының шикізаттық емес секторларына инвестициялар жыл сайынғы өсімі (өңдеу өнеркәсібі) | % | 40 % | 100 % | 150 % | 165 % | |
4 | Қатысушылар саны | бірл. | 7 | 10 | 25 | 26 | 29 |
5 | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орнының саны | жұмыс орындары | 115 | 1104 | 2000 | 2200 | 2700 |
6 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі | % | 50 % | 65 % | 75 % | 85 % | |
7 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі | % | 10 % | 20 % | 25 % | 30 % | |
8 | Еңбек өнімділігін арттыру | есе | 1,5 | 2 | 2,1 | 2,2 | |
Ескертпелер:
* - жұмыс істеп тұрған АЭА қатысушыларының іс жүзінде салған инвестициялар.
Индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.