"Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысы.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;

      2) "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 28 қазандағы
№ 713 қаулысымен
бекітілген

"Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Жамбыл облысы Шу ауданы шекарасы аумағында орналасқан.

      АЭА аумағы 516,6 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.

      2. АЭА инвестициялар тарту және тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру жолымен Жамбыл облысын дамыту мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң), осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА-ны құру мақсаттарына сәйкес келетін оның қызметінің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың АЭА аумағында болу тәртібі

      8. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келуі, кетуі, транзитпен өтуі мен болу тәртібі қолданылады.

6. Қоршаған ортаны қорғау

      9. Экологиялық реттеу бөлігінде АЭА қызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде орнықты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдайлар жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделген.

7. Қорытынды ережелер

      10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгеруі мүмкін.

      11. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Тараз химиялық
  паркі" арнайы экономикалық
  аймағы туралы ережеге
  қосымша

"Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймақ аумағының жоспары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.



"Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағы S = 516,6 га.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 28 қазандағы
№ 713 қаулысымен
бекітілген

"Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.

Р/с №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2019)*

Нысаналы индикатор

2022 жылға қарай жетістіктер 2027 жылға қарай жетістіктер 2032 жылға қарай жетістіктер 2037 жылға қарай жетістіктер

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестицияның жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд теңге

28,4*

200

350

500

600

1)

шетелдік инвестицияның көлемі

млрд теңге


40

120

200

300

2)

отандық инвестицияның көлемі

млрд теңге

28,4*

160

230

300

300

2

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі

млрд теңге

1

3

180

2 000

3 600

3

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторларына инвестицияның жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)

%


40 %

96 %

147 %

160 %

4

Қатысушылар саны

бірл.

7

10

13

15

15

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орнының саны

жұмыс орны

115

1 104

1 685

1 815

1 989

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%


50 %

60 %

70 %

80 %

7

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі

%


10 %

15 %

20 %

25 %

8

Еңбек өнімділігін арттыру

есе


1,5

1,6

1,8

2

      Ескертпе:

      * - жұмыс істеп тұрған АЭА қатысушыларының іс жүзінде салған инвестициясы.

      Индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.