"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 1072 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

      АЭА аумағы 1205 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";

      "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2025 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1072 қаулысына
1-қосымша
"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге қосымша

"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

     


"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 1205 га

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2025 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1072 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 28 қазандағы
№ 713 қаулысымен
бекітілген

"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

Р/с №

Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2019)*

Нысаналы индикатор

2022 жылға қарай қол жеткізу

2027 жылға қарай қол жеткізу

2032 жылға қарай қол жеткізу

2037 жылға қарай қол жеткізу

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд теңге

28,4*

200

450

600

695

1)

шетелдік инвестициялар көлемі

млрд теңге


40

210

290

375

2)

отандық инвестициялар көлемі

млрд теңге

28,4*

160

240

310

320

2

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд теңге

1

3

290

2400

3700

1

2

3

4

5

6

7

8

3

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторларына инвестициялар жыл сайынғы өсімі (өңдеу өнеркәсібі)

%


40 %

100 %

150 %

165 %

4

Қатысушылар саны

бірл.

7

10

25

26

29

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орнының саны

жұмыс орындары

115

1104

2000

2200

2700

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%


50 %

65 %

75 %

85 %

7

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі

%


10 %

20 %

25 %

30 %

8

Еңбек өнімділігін арттыру

есе


1,5

2

2,1

2,2

      Ескертпелер:

      * - жұмыс істеп тұрған АЭА қатысушыларының іс жүзінде салған инвестициялар.

      Индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.